Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамыздағы N 179 қаулысы. Батыс Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 қыркүйекте N 2280 тіркелген. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 305 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.11.2014 № 305 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне немесе оларды ауыстырушы адамдарға материалдық көмек көрсету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.

      1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне немесе оларды ауыстырушы адамдарға материалдық көмек тағайындау және төлеу жөніндегі ұсынылып отырған Ереже бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне дер кезінде материалдық көмек тағайындалуына және төленуіне бақылауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005.03.09 N 87 Қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005.03.09 N 87 Қаулысымен.

      Облыс әкімі Қ.Көшербаев

  Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 23 тамыздағы
N 179 қаулысымен
бекітілген

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін
және оқытатын ата-аналардың біріне
материалдық көмек тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына негізделіп жасалды.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.

      2. Материалдық көмек 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар, оларды үйде тәрбиелеп және оқытып отырған ата-аналардың біріне немесе оларды ауыстырушы адамға (бұдан әрі - алушы) беріледі.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005.12.14 N 416 Қаулысымен.

      3. Материалдық көмек облыс әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау туралы" 2002 жылғы 12 мамырдағы N 100 (тіркеу N 1576)қаулысымен белгіленген мөлшерде алушыға ай сайын ақшалай төленеді.

      4. Материалдық көмек-мүгедек бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған ата-аналарға тағайындалады және төленеді.

      5. Материалдық көмек мемлекеттік толық қамсыздандыруындағы мүгедек балалардың ата-аналарына тағайындалмайды және төленбейді.

      6. Материалдық көмек басқалай табыс көздеріне қарамастан, отбасының жалпы табысы есепке алынбастан тағайындалады.

2. Материалдық көмек тағайындау тәртібі

      7. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын материалдық көмек алуға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органына арыз береді.

      Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005.03.09 N 87 Қаулысымен.

      8. Арызға мынандай құжаттар қоса тіркеледі:

      1) облыстық, қалалық және аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларымен берілетін мүгедек баланы үйде тәрбиелеудің немесе оқытудың қажеттігі туралы қорытындысы;

      Ескерту. 1 тармақшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2006.04.07 N 123 Қаулысымен.

      2) баланың тууы туралы куәлігі (көшірмесі);

      3) алушының жеке куәлігі;

      4) алушы-салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      5) қорғаншылыққа алынған факті анықталған жағдайда қорғаншылық туралы шешім (қамқорлыққа алу туралы тиісті орган шешімінің көшірмесі);

      6) үй кітапшасының көшірмесі және отбасының құрамы туралы анықтама;

      7) үйде жеке оқытуды ұйымдастыру туралы мектептен анықтама (тоқсан сайын).

      9. Уәкілетті орган тапсырылған құжаттар негізінде 10 күннің ішінде материалдық көмек тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады. Тағайындалмаған жағдайда өтініш берушіге жазбаша хабарлама жіберіледі.

      10. Даулы мәселелер Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкес қаралады.

      11. Материалдық көмек әр тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленіп отырады.

      12. Материалдық көмек барлық қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап тағайындалады.

3. Материалдық көмекті төлеу

      13. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің материалдық көмекті тағайындау туралы шешімі негізінде төлемді жүзеге асыру үшін:

      1)ай сайын материалдық көмек төлеу туралы үш дана тізім-ведомосты және қажетті өтінім-жасалады;

      2) қажетті-өтінім айдың 25-нен кешіктірілмей Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне беріледі;

      3) келесі айдың 1 күні екі данадағы тізім-ведомосты материалдық көмекті беру жөніндегі ұйымға тапсырылады, ол төлем төлеу аяқталғаннан кейін тізім-ведомстының бір данасын аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне нақты төлемнің төленгендігін көрсете отырып қайтарады.

      Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті материалдық көмек беру жөніндегі ұйымдардың сыйақы шарттарында қаралғанды ескере отырып, облыс бойынша жиынтық қажетті-өтінімді құрастырады және оны келесі айдың 1-де Батыс Қазақстан облысының қаржы департаментіне тапсырады.

      Батыс Қазақстан облысының қаржы департаменті 10 күніне дейін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне материалдық көмекті төлеуге арналған қаржыны бөледі, олар өзінің кезегінде белгіленген заңнамалық тәртіппен тендерде жеңіп алған, тиісті банк операция түрлерін жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің лицензиясы бар аудандық (қалалық) ұйымдардың шотына төлем тапсырмасы бойынша қаржы аударады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005.03.09 N 87 Қаулысымен.

      14. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары төлеуді жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне төленген материалдық көмектің сомасын тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2004.01.06 N 2, 2005.03.09 N 87 Қаулылармен.

4. Қаржыландыру көздері

      15. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмекті қаржыландыру көздері облыстық бюджет болып табылады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2005.03.09 N 87 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады