"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 54 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4097. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 275 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 2011.06.24 № 275 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 160  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3642 болып тіркелген, 2005 жылғы 29 қарашадағы
N 222 "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережесінде:
      4-тармақтағы "прапорщиктер мен мичмандар" деген сөз алынып тасталсын;

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Жоғары әскери оқу орындарына:
      1) әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жетi жасқа толған, бiрақ жиырма бiр жастан аспаған азаматтар;
      2) қабылданар жылы жиырма төрт жасқа толмаған әскери қызмет өткерген азаматтар және мерзiмдi әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшілер;
      3) келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер қабылданады. Әскери даярлық бойынша қосымша бағдарламалары бар бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушілері әскери оқу орындарына түсуде артықшылығы бар құқыққа ие болады.".

      14-тармақтағы "жетекшілік ететін бірінші басшы орынбасарының" деген сөздер "Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бірінші орынбасарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери университеттерге түсетін кандидаттарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрі мен әскер тектерінің кеңестері бекітеді.".

      33-тармақтағы "көшірме" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың" деген сөздермен толықтырылсын, бұдан әрі мәтін бойынша;

      39, 40 және 41-тармақтағы "құрамалар" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрінің, әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      51-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының бастығы болып табылады.";

      65-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "65. Жоғары оқу орнына қабылдау (бас тарту) туралы қабылдау комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді (осы Ережеге 8-қосымша). Жоғары оқу орындарына тыңдаушыларды қабылдау Қорғаныс министрінің, ал курсанттарды - тиісті жоғары оқу орындары бастықтарының бұйрықтарымен жүргізіледі.".

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Армия генералы

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      2006 жылғы "__" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады