"Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4143. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ  бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырдағы N 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ  бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ  бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
      2-тармақтың екінші абзацында "толық деректемелері және ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлері көрсетілген" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл ретте уәкiлеттi орган осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттар тiзбесiнен қажеттi құжаттарды сұратады.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "10) кәсіпорынның бухгалтерлік балансы;
      11) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша табыстар мен шығыстарды таратып жаза отырып, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есеп.";

      3-тарау алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 февраля 2003 года N 57-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 16 марта 2006 года N 73-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 марта 2006 года N 4143. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 28 марта 2014 года № 64-ОД

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 28.03.2014 № 64-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования законодательства Республики Казахстан о естественных монополиях,  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 26 февраля 2003 года N 57-ОД "Об утверждении Правил включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан 21 марта 2003 года под N 2217, опубликованный в газете "Официальная газета" 17 мая 2003 года N 20, внесены изменения и дополнения приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 8 декабря 2004 года  N 476-ОД , приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 28 февраля 2005 года  N 63-ОД ) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах включения и исключения из Государственного регистра субъектов естественных монополий, утвержденных указанным приказом:
      в абзаце втором пункта 2 слова "с указанием их полных реквизитов и конкретных видов предоставляемых регулируемых услуг (товаров, работ)" исключить;
      пункт 7 дополнить предложением следующего содержания:
      "При этом, уполномоченный орган запрашивает необходимые документы, из перечня документов, предусмотренных пунктом 11 настоящих Правил.";
      пункт 11 дополнить подпунктами 10) и 11) следующего содержания:
      "10) бухгалтерский баланс предприятия;
      11) отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности с расшифровкой доходов и расходов по основной и неосновной деятельности, подписанные руководителем, главным бухгалтером и скрепленные печатью.";
      главу 3 исключить.

      2. Юридическому департаменту Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Джолдыбаева Г.Т.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту административной работы и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Есиркепов Е.О.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
      1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;
      2) довести настоящий приказ до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Орумбаева А.С.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Председатель