"Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" N 2217 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3272. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  4-бабы 1-тармағының 6) және 6-1) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеуінің Тізілімінде N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 17 мамырда N 20 нөмірмен жарияланған) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-НҚ  бұйрығына  мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
      4-тармақтағы:
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "тарифтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда техникалық тұрғыдан мүмкін емес не экономикалық тиімсіздігінің себебі бойынша осы қызметтерді ұсынатын бәсекелес байланыс операторы болмаған жағдайда, телекоммуникациялар қызметтері;";
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне телекоммуникациялар желілерін қосу мақсатында кабельдік кәрізді және технологиялық мүлкін жалға немесе пайдалануға беру қызметтері;".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады