"Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы N 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жыоғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3501. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы  Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы  ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы N 57-НҚ  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда N 2217 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы N 20 жарияланған, "Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы N 57-НҚ бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ  бұйрығымен өзгерістер енгізілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда N 3272 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

     бұйрықтың тақырыбында және 1-тармағында "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:

     тақырыпта және одан әрі мәтінде "субъектілерін", "субъектілерінің" деген сөздердің алдындағы "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;

     1-тармақта "Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы" деген сөздер;

     2-тармақта:
     екінші абзацта "деректемелері" деген сөзден кейін "және ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлері" деген сөздермен толықтырылсын;
     алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "уәкілетті орган - белгіленген құзыреті шегінде табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган;";
     жетінші абзац алынып тасталсын;
     сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "аумақтық органдар - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның аумақтық органдары.";

     4-тармақ алынып тасталсын;

     7-тармақ өзгеріссіз қалдырылсын;

     8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "8. Тіркелімнің республикалық бөлімін табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган қалыптастырады және жүргізеді.
     Табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган аумақтық бөлімшелерге табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін мемлекеттік бақылау мен реттеуді жүзеге асыру функцияларын бере алады. Аумақтық бөлімшелер Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізу және шығару жөнінде ақпаратты есептіден кейінгі 25 күніне ай сайын ұсынады.
     Тіркелімнің республикалық бөлімі екі немесе одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ кірісі жылына үш жүз елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табиғи монополиялар субъектілерін не табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) соңғы тұтынушылардың кем дегенде жиырма бес проценті облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) тыс жерде орналасса, табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.";

     9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "9. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті органдары қалыптастырады және жүргізеді және екі немесе одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін, сондай-ақ кірісі жылына үш жүз елу мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табиғи монополиялар субъектілерін не табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) соңғы тұтынушылардың кем дегенде жиырма бес проценті облыстан (республикалық маңызы бар қаладан, астанадан) тыс жерде орналасса, табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.";

     10-тармақта:
     бірінші абзацта:
     "уәкілетті" деген сөз "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
     "табиғи монополия саласына қатысты қызметтер" деген сөздер "табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар)" деген сөздермен ауыстырылсын;
     екінші абзацта:
     "уәкілетті аумақтық орган жүргізеді және орталық монополияға қарсы органға хабарлап, ресімдейді" деген сөздер "облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүргізеді және" деген сөздермен ауыстырылсын";

     13-тармақта "қатысты қызмет түрін" деген сөздер "қатысты қызметтерді (жұмыстарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;

     14-тармақтың 2) тармақшасында:
     "қызмет түрінің" деген сөздер "қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)" деген сөздермен ауыстырылсын";
     "табиғи монополия саласына" деген сөздер "табиғи монополиялар салаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

     19-тармақта "орталық уәкілетті органға немесе" деген сөздер алынып тасталсын.

     2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет):
     1) белгіленген тәртіппен оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін; 
     2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Орымбаевқа жүктелсін.

     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады