Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы N 57-ОД бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2217. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңы 4-бабының 3 тармағы және 13-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
       Ескерту: Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен
     1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару Ережесі бекітілсін.
     Ескерту: Бұйрықтың тақырыбына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен .
     2. "Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастырудың және жүргізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын. (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1998 жылғы 16 қарашада N 645 тіркелген; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 12 ақпандағы N 20-НҚ бұйрығымен ; Қазақстан Республикасы  Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 186-НҚ бұйрығымен өзгертулер енгізілді).
     3. Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
     1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсін;
     2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
     5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

   Төраға

Қазақстан Республикасы   
Табиғи монополияларды   
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігі
төрағасының       
2003 жылғы 26 ақпандағы 
N 57-ОД бұйрығымен    
бекітілген        

Табиғи монополиялар субъектілерін
Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесі

    Ескерту: Тақырыпта және одан әрі мәтінде "субъектілерін", "субъектілерінің" деген сөздердің алдындағы "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен.

1. Жалпы ереже

     1. Осы Ереже "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектілерін енгізу және шығару тәртібін белгілейді.
    Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.02.28 N 63-НҚ, 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен.

     2. Осы Ереженің мақсатында мынадай ұғымдар қолданылады:
     табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімі (бұдан әрі - Тіркелім) - бұл республикалық және жергілікті бөлімдерден тұратын табиғи монополиялар субъектілерінің жеке атаулы тізбесі;
     табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыс орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
     табиғи монополия - қызметтердің осы түрін (тауарлардың, жұмыстардың) өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі;
     табиғи монополия саласы - жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылатын қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында пайда болатын қоғамдық қатынастар саласы;
      уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      орталық уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      аумақтық орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі.
     Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005.02.28 N 63-НҚ, 2006.03.16 N 73-НҚ, 2006.07.11 N 171-НҚ, 2009.02.05 N 30-НҚ Бұйрықтарымен.

     3. Тіркелімді уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
     4. <*>
     Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді, алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 476-НҚ бұйрығымен, 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен.

     5. Осы Ереже табиғи монополия саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын, бірақ объектілерді тек өзінің мұқтаждығы үшін салу мен пайдалануға байланысты қызметтермен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.

2. Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу тәртібі

     6. Табиғи монополиялар саласына қатысты қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы қызметті жүзеге асыруды бастаған күнінен бастап 15 күн ішінде Табиғи монополия субъектісінің тіркеліміне енгізу туралы уәкілетті органға өтініш тапсыруға міндетті.

     7. Табиғи монополия субъектісі осы Ереженің 6 тармағын орындамаған жағдайда уәкілетті орган жауапкершілікке тарту және оны Тіркелімге енгізу туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте уәкiлеттi орган осы Ереженің 11-тармағында көзделген құжаттар тiзбесiнен қажеттi құжаттарды сұратады.
      Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен.
      8. Тіркелімнің республикалық бөлімін орталық уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді.
      Орталық уәкілетті орган аумақтық уәкілетті органдарға табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыру функцияларын табыстай алады.
      Тіркелімнің республикалық бөлімі мыналарды:
      1) екі және одан да көп облыс (республикалық маңызы бар қала, астана аумағында табиғи монополиялар салаларындағы қызметтердің);
      2) халықаралық әуежай қызметтерін;
      3) халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесіне ие теңіз порты қызметтерін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерін қамтиды.
      Ереженің осы тармағының 2) тармақшасында көзделген қызметтерді Астана және Алматы қалаларының аумақтық уәкілетті органдары реттейді.
      Ереженің осы тармағының 3) тармақшасында көзделген қызметтерді Маңғыстау облысының аумақтық уәкілетті органы реттейді.
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 20.12.2013 № 388-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     9. Тіркелімнің жергілікті бөлімдерін өз құзыреті шегінде аумақтық уәкілетті органдар қалыптастырады және жүргізеді.
     Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі N 171-НҚ бұйрығымен.
      10. Тіркелімнің республикалық бөліміне енгізуді және шығаруды орталық уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі туралы орталық уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесi қорытындысының негізінде жүргізеді.
      Тіркелімнің жергілікті бөліміне енгізуді және шығаруды аумақтық уәкілетті органдар орталық уәкілетті органды хабардар ете отырып, табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттеліп көрсетілетін тізбеге жатқызу мәніне қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйі туралы аумақтық уәкілетті органның тиісті салалық құрылымдық бөлімшесі қорытындысының негізінде жүргізеді.
      Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі N 171 -НҚ бұйрығымен.

     11. Тіркелімге енгізу үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) кәсіпорынның бірінші басшысының Тіркелімге енгізу туралы жазбаша өтініші;
     2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу туралы куәлігінің немесе заңды тұлға құрмай-ақ (жеке кәсіпкердің) мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     3) салық төлеуші ретінде тіркелген куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     4) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     5) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті лицензиялауға жататын кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы берілген лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     6) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     7) тауарларды, жұмыстарды өндіруіне және (немесе) тұтынушыларға табиғи монополия субъектісінің жағдайында қызметтерді көрсетуіне қажетті инженерлік желілер мен ғимараттардың табиғи монополия субъектісінің балансына қабылдағанын не оларды жалдағанын растайтын құжаттардың, сондай-ақ толық карта-сызбаның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     8) тауарларды, жұмыстарды өндірудің және (немесе) тұтынушыларға қызметтерді көрсетудің жоспарлы көлемінің есебі туралы;
     9) негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты басқа қызметті жүзеге асыруы туралы;
     10) кәсіпорынның бухгалтерлік балансы;
     11) басшы, бас бухгалтер қол қойған және мөрмен расталған негізгі және негізгі емес қызмет бойынша табыстар мен шығыстарды таратып жаза отырып, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есеп;
     12) әуежайдың халықаралық екендігін растайтын;
     13) халықаралық маңызы бар теңіз портының мәртебесін растайтын.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ, 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 292-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) бұйрықтарымен.

      11-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсету орны бойынша Тіркелімге енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, табиғи монополия субъектісі заңды тұлға ретінде не жеке кәсіпкер ретінде тіркелу орны бойынша Тіркелімге енгізіледі.
      Ескерту: 11-1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008.04.18 N 132-НҚ Бұйрығымен.

     12. Осы Ереженің 11-тармағының 2)-7)-тармақтарындағы көрсетілген құжаттар қандай да болмасын өзгерген немесе толықтырылған жағдайда табиғи монополия субъектісі бұл құжаттарын нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

     13. Тіркелімнен шығару үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға кәсіпорынның бірінші басшысының Тіркелімнен шығару туралы жазбаша өтінішін және табиғи монополия саласына қатысты қызметтерді (жұмыстарды) жүзеге асыруды тоқтатқандығын, растайтын құжаттарды ұсынады.
     Қажет болған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органнан және (немесе) табиғи монополия субъектісінен табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті табиғи монополия субъектісінің тоқтатуын растайтын қосымша ақпарат сұрата алады.
     Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ, 2006 жылғы 16 маусымдағы N 154-НҚ бұйрығымен.

     14. Тіркелімге өзгертулер мыналардың негізінде жүргізіледі:
     1) Тіркелімге (Тіркелімнен) табиғи монополия субъектісін енгізу (шығару);
     2) табиғи монополиялар салаларына қатысты қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзгеруі;
     3) табиғи монополия субъектісінің атауы, қатысушылар құрамы, орналасқан жерінің, жарғы капиталының көлемі, ОКПО кодының өзгеруі;
     4) табиғи монополияның белгілі бір саласына қатысты рыноктың жай-күйі мен қызмет түрлерінің өзгеруіне.
     Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен.

     15. Табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушының бұйрығы түрінде ресімделеді.

     16. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісін Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (шығару) туралы шешім қабылдағаннан кейін он күндік мерзімде осы табиғи монополия субъектісіне хабарлауға міндетті.

3. Табиғи монополия субъектісінің қаржылық
есепті және басқа қажетті ақпаратты ұсынуы

      Ескерту: 3-тарау (15-18-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы N 73-НҚ бұйрығымен.

  4. Тіркелімге енгізуге шағымдану тәртібі

     19. Тіркелімге енгізу және (немесе) шығару туралы мәселелер жөніндегі уәкілетті органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
     Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы N 63-НҚ бұйрығымен.

5. Осы ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік

     20. Осы Ережені бұзған табиғи монополия субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады