БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 196
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2390 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және сауда министрінің м.а. 2006 жылғы 14 қаңтардағы N 11
бұйрығымен
өзгерістер енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4054 нөмірмен тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу ережесінде:
19-тармақта:
"Еңбек даңқы"»деген сөздерден кейін»"Құрметті машина жасаушы", "Еңбегін сіңірген стандарттаушы", "Еңбегін сіңірген метролог" деген сөздермен толықтырсын;