"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің м.а. 2003 жылғы 26 маусымдағы N 196 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2006 жылғы 10 наурыздағы N 82 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4144

       БҰЙЫРАМЫН:
      1.»"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 196  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2390 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және сауда министрінің м.а. 2006 жылғы 14 қаңтардағы N 11  бұйрығымен  өзгерістер енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4054 нөмірмен тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу ережесінде:

      19-тармақта:
      "Еңбек даңқы"»деген сөздерден кейін»"Құрметті машина жасаушы", "Еңбегін сіңірген стандарттаушы", "Еңбегін сіңірген метролог" деген сөздермен толықтырсын;

      "сауда" деген сөзден кейін "министрлігінің" деген сөз "министрінің" сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Аппарат - Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кейінгі он күнтізбелік күннің аяқталуынан соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады