"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 196 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы N 11 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4054

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 196  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2390 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе сөз мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы қызметкерлерді көтермелеу және моральдық ынталандыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН" ;

      1-тармақтың үшінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Құрметті машина жасаушы" кеуде белгісі";
      "Еңбегін сіңірген стандарттаушы" кеуде белгісі";
      "Еңбегін сіңірген метролог" кеуде белгісі;";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     «"Аппарат - әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті";
      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "өнеркәсіп" деген сөзі "экономика" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу ережесіне:
      барлық мәтін бойынша "Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында", "Кадрлар және заң қызметі департаменті" деген сөздер тиісінше "Министрлік жетекшілік ететін экономика салаларында", "Аппарат - әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың үшінші абзацынан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Құрметті машина жасаушы" кеуде белгісімен марапаттау";
      "Еңбегін сіңірген стандарттаушы" кеуде белгісімен марапаттау";
      "Еңбегін сіңірген метролог" кеуде белгісімен марапаттау";

      Мынадай мазмұндағы 3-1-тарауымен толықтырылсын:
      "3-1. "Құрметті машина жасаушы" кеуде белгісімен марапаттаудың шарты
      16-1. Кеуде белгісімен:
      машина жасау саласында кемінде 10 жыл еңбек өтілі мен тәжірибесі бар қызметкерлер:
      машина жасауды дамыту проблемалары бойынша зерттеулері;
      жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері;
      еңбекті ұйымдастырудың және машина жасау салалары кәсіпорындарында басқарудың ілгерінді нысандарын енгізудегі жетістіктері;
      машина жасауды дамытуға қомақты үлесі және білікті кадрларды дайындауға белсене қатысқаны үшін марапатталады.
      "Құрметті машина жасаушы" кеуде белгісімен машина жасауды дамытудағы белсенді іскерлігі және көмегі үшін өз қызметін өнеркәсіптің басқа салаларында жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері марапатталуы мүмкін.
      "Құрметті машина жасаушы" кеуде белгісімен машина жасауды дамытудағы айрықша жетістіктері үшін еңбек өтілі есепке алынбай жекелеген азаматтар марапатталуы мүмкін.
      Кеуде белгісін сипаттау Ережеге 4-қосымшада келтірілген.";

      "3-2. "Еңбегін сіңірген стандарттаушы" кеуде белгісімен марапаттаудың шарты
      16-2. Кеуде белгісімен:
      "Еңбегін сіңірген стандарттаушы" кеуде белгісімен республиканың стандарттау жүйесі саласында ерен еңбегімен танылған мамандар марапатталады.
      "Еңбегін сіңірген стандарттаушы" кеуде белгісімен Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесінде жұмыс істейтін мамандар:
      стандарттау саласындағы білімі мен заңнамалық және нормативтік негіздерді әзірлеуде оларды жоғары деңгейде қолдануы;
      республиканың стандарттау жүйесіндегі көп жылдық және жемісті жұмысы;
      стандарттау саласындағы оқыту процессінде қазіргі кездің педагогикалық және практикалық жетістіктерін тиімді пайдалануы мен кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартқаны;
      стандарттау саласына еңбегі сіңіп, беделге ие болғаны, еңбек пен адамдарға үлгілік қарым-қатынасы үшін марапатталады.
      Кеуде белгісін сипаттау Ережеге 5-қосымшада келтірілген.";

      "3-3. "Еңбегін сіңірген метролог" кеуде белгісімен марапаттаудың шарты
      16-3. Кеуде белгісімен:
      "Еңбегін сіңірген метролог" кеуде белгісімен республиканың метрологияны дамыту саласында ерен еңбегімен танылған мамандар марапатталады. Кеуде белгісін сипаттау Ережеге 6-қосымшаға келтірілген.
      "Еңбегін сіңірген метролог" кеуде белгісімен Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет құрылымында жұмыс істейтін мамандар:
      метрология саласындағы білімі мен заңнамалық және нормативтік негіздер әзірлеу мен метрологиялық практикада оларды жоғары деңгейде қолдануы;
      республиканың метрологиялық қызмет құрылымында көп жылдық және жемісті жұмысы;
      метрология саласындағы оқыту процессінде қазіргі кездің педагогикалық және практикалық жетістіктерін тиімді пайдалануы мен кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартқаны;
      метрология саласына еңбегі сіңіп, беделге ие болғаны, еңбек пен адамдарға үлгілік қарым-қатынасы үшін марапатталады.".

      осы бұйрыққа 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес 4, 5, 6-қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Аппарат - Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасарының
      Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда     
министрлігінің       
2006 жылғы 14 қаңтардағы  
N 11 бұйрығына 1-қосымша  

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда   
Министрлігінің көтермелеу 
туралы Ережесіне    
4-қосымша        

"Құрметті машина жасаушы"
кеуде белгісінің сипаттамасы

      "Құрметті машина жасаушы" кеуде белгісі екі элементтен тұрады.
      1. Төртбұрыш нысанындағы 27х15 миллиметрлік планка эмалдың төменгі сұлбасына ұлттық ою салына отырып, сары түсті металдан әзірленеді.
      2. Диаметрі 33 миллиметр дөңгелек медаль. Негізі - сары түсті (алтынға ұқсас) металл. Медальдың ішкі жиегінде тістегеріш пен лавр бұтағы бейнеленген. Ішінде "Құрметті машина жасаушы" деген жазуы бар көкшіл лента бейнеленген. Медальдың ортасында құбыры бар зауыттың кескіні, станок бейнеленген.
      Планка мен медаль екі құлақ пен шынжырдың көмегімен жалғанады.
      "Құрметті машина жасаушы" кеуде белгісі көк түсті жылтыр қорабқа орап салынады.
      Медалдың келесі бетіне 001-500 нөмірі үшін орын болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда     
министрлігінің       
2006 жылғы 14 қаңтардағы  
N 11 бұйрығына 2-қосымша  

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда   
Министрлігінің көтермелеу 
туралы Ережесіне    
5-қосымша       

"Еңбегін сіңірген стандарттаушы"   кеуде
белгісінің сипаттамасы

      "Еңбегін сіңірген стандарттаушы" кеуде белгісі мыс пен никель қорытпасынан әзірленеді және оның шетінен шығыңқы элементі - СЖ (сапа жүйесі) аббревиатурасы бар көлемі 15 мм-ден 35 мм-ге төртбұрышты нысанда болады.
      Белгінің аверсінің сол жақ бөлігінде СЖ (сапа жүйесі) аббревиатурасы бейнеленген, одан әрі солдан оңға қарай "Еңбегін сіңірген стандарттаушы" деген сөз жазылады.
      Белгінің жиектері сары түсті (алтынға ұқсас) лентамен көмкерілген, аббревиатура мен жазу дәл сондай түсте болады.
      Белгі зеңгір көк түсті эмалмен қапталған сары түсті (алтынға ұқсас) металдан әзірленеді.
      Кеуде белгісі құлақша мен шығыршықтың көмегімен ені 25 миллиметр және биіктігі 15 миллиметр қалыпқа бекітіледі.

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда     
министрлігінің       
2006 жылғы 14 қаңтардағы  
N 11 бұйрығына 3-қосымша  

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда   
Министрлігінің көтермелеу 
туралы Ережесіне    
6-қосымша       

"Еңбегін сіңірген метролог"   кеуде
белгісінің сипаттамасы

      "Еңбегін сіңірген метролог" кеуде белгісі оның шетінен шығыңқы элементі - СЖ (сапа жүйесі) аббревиатурасы бар көлемі 15 мм-ден 35 мм-ге төртбұрышты насанда болады.
      Белгінің аверсінің сол жақ бөлігінде СЖ (сапа жүйесі) аббревиатурасы бейнеленген, одан әрі солдан оңға қарай "Еңбегін сіңірген метролог" деген сөз жазылады.
      Белгінің жиектері сары түсті (алтынға ұқсас) лентамен көмкерілген, аббревиатура мен жазу дәл сондай түсте болады.
      Белгі зеңгір көк түсті эмалмен қапталған сары түсті (алтынға ұқсас) металдан әзірленеді.
      Кеуде белгісі құлақша мен шығыршықтың көмегімен ені 25 миллиметр және биіктігі 15 миллиметр қалыпқа бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады