Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4153. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2013 № 06-7/190 бұйрығымен.

      "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
      1) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі ереже;
      2) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі тестілеу бағдарламасы.
      2.»"Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың ереже, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 02-01-02/44  бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тізілімі Мемлекеттік тiзбесінде N 2828 болып тіркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы N 38 "Заң" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65 бұйрығымен өзгерістер енгізілген).
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының  
2006 жылғы 24 наурыздағы
02-01-02/49 бұйрығымен 
бекітілген        

  Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр
резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу
жөніндегі тестілеу бағдарламасы

      Осы бағдарлама тестің екі түріне: логикалық ойлауға және Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тағайындалады.
      1.  Логикалық ойлауға тест сандық және текстік түрден тұрады.

      2. Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының  Президенті туралы " 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының  Үкіметі туралы " Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік қызмет туралы ", Қазақстан Республикасының " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс  кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 130 сұрақ кіреді.
      Ар-намыс кодексi бойынша - 10 сұрақ және жоғарыда көрсетілген заң актілерінің қалғандарының әрқайсысынан 20 сұрақ белгіленген.
      3. Логикалық ойлауға шекті мән тестің әр түрі бойынша 50% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
      Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке шекті мән әр нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем емес және Ар-намыс кодексi бойынша - 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері агенттігі Төрағасының
2006 жылғы 24 наурыздағы 
02-01-02/49 бұйрығымен 
бекітілген     

  Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр
резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткізу
жөніндегі ереже

  1. Жалпы ереже

      1. Тестілеуден өткізудің мақсаты - мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алуда кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) логикалық ойлау қабілетіне, оның Қазақстан Республикасының заңдарын әділ баға беру.

      2. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығының  23-12 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі табыс етілген құжаттарды тексеруді жүзеге асырады және тестілеуден өтетін кандидаттардың тізімін бекітеді.

      3. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администраторлар) өткізеді.

      4. Тестілеу барысында логикалық тестер және Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест қолданылады.

      5. Тестілеу персоналды компьютерде өткізіледі.

      6. Тестілеуді өткізудің әділдігі - жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің және тестердің мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.

      7. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:
      1) жайды және тестілеу материалдарын даярлау;
      2) тестілеуді өткізу бойынша нұсқаулық;
      3) тестілеуден өту;
      4) тестілеу қорытындыларын шығару және оның нәтижелерімен кандидаттарды таныстыру.

  2. Жайды және тестілеу материалдарын даярлау

      8. Тестілеу өткізілетін жай кандидаттардың орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестілеу уақытында кандидаттардың сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған жайдан шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс.

      9. Тестілеу басталғанға дейін администратор барлық қажетті материалдарды даярлауы және тексеруі қажет.

  3. Тестілеуді өткізу бойынша нұсқаулық

      10. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген кандидаттар бұл туралы тестілеу басталғанға дейін администраторға хабарлауы тиіс.

      11. Тестілеу басталар алдында администратор кандидаттарды тұтастай тестілеуден өткізуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, нұсқаумен таныстыруы қажет.

      12. Нұсқаулықтың соңында администратор кандидаттардың сұрақтарына жауап береді.

  4. Тестілеуден өту

      13. Логикалық тестердің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 60 минөт, заңдарды білуге арналған тест - 100 минөт (130 сұраққа).

      14. Кандидаттар тестілеуден келесідей тәртіппен өтеді: логикалық тестер, заңдарды білуге арналған тест.

      15. Тестілеуден өтуге бөлінген уақыт біткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.

  5. Тестілеу қорытындыларын шығару
және оның нәтижелерімен кандидаттарды таныстыру

      16. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеудің нәтижелері принтерде басып шығарылады және кандидатқа танысу үшін беріледі.

      17. Тестілеудің нәтижелері туралы мәлімет жиынтық анықтама түрінде рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сақталады.

      18. Тестілеудің нәтижелері туралы жиынтық анықтама құпия сипаттағы түрде болады және Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және олармен жұмыс жөніндегі комиссияның жұмыс органына беріледі.

Об утверждении некоторых нормативных правовых актов по вопросам кадрового резерва политической государственной службы

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 24 марта 2006 года N 02-01-02/49. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 29 марта 2006 года N 4153. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 25 декабря 2013 года № 06-7/190

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 25.12.2013 № 06-7/190.

      В соответствии с  Указом  Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2003 года N 1243 "О кадровом резерве государственной службы",  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:
      1) Правила проведения тестирования кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы второй категории;
      2)  Программу тестирования  кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы второй категории.

      2. Признать утратившим силу  приказ  Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 апреля 2004 года N 02-01-02/44 "Об утверждении Правил, Программы тестирования кандидатов для зачисления в кадровый резерв политической государственной службы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2828, опубликованный в "Юридической газете" от 28 мая 2004 года N 42, с изменениями, внесенными  приказом  Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 мая 2005 года N 02-01-02/65).

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель

Утверждена приказом            
Председателя Агентства          
Республики Казахстан по делам      
государственной службы          
от 24 марта 2006 года N 02-01-02/49   

  Правила проведения тестирования кандидатов
для зачисления в кадровый резерв политической
государственной службы второй категории

  1. Общие положения

      1. Цель проведения тестирования - объективная оценка способности кандидата на зачисление в кадровый резерв политической государственной службы второй категории (далее - кандидат) к логическому мышлению, его знание законодательства Республики Казахстан.
      2. В соответствии с пунктом 23-12  Указа  Президента Республики Казахстан от 4 декабря 2003 года N 1243 "О кадровом резерве государственной службы" Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы осуществляет проверку представленных документов и утверждает список кандидатов, подлежащих тестированию.
      3. Тестирование проводится администраторами тестирования Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы (далее администраторы).
      4. В ходе тестирования используются логические тесты и тест на знание законодательства Республики Казахстан.
      5. Тестирование проводится на персональном компьютере.
      6. Объективность проведения тестирования обеспечивается стандартностью условий, времени, подсчета результатов и содержания тестов.
      7. Тестирование состоит из 4-х этапов:
      1) подготовка помещения и материалов тестирования;
      2) инструктаж по прохождению тестирования;
      3) прохождение тестирования;
      4) подведение итогов тестирования и ознакомление кандидатов с его результатами.

  2. Подготовка помещения и материалов тестирования

      8. Помещение для проведения тестирования должно соответствовать условиям удобного расположения кандидатов. Во время тестирования кандидаты не могут разговаривать и покидать помещение, в котором проводится тестирование. Принимающе-передающие электронные устройства (в том числе мобильные телефоны, карманные персональные компьютеры и иное электронное оборудование) должны быть отключены на время тестирования.
      9. До начала тестирования администратор должен подготовить и  проверить все необходимые материалы.

  3. Инструктаж по прохождению тестирования

      10. Кандидатам, имеющим неудовлетворительное самочувствие на момент тестирования, необходимо до начала тестирования сообщить об этом администратору.
      11. Перед началом тестирования администратор должен ознакомить кандидатов с инструкциями, обратив особое внимание на время, отведенное прохождению тестирования в целом и каждого теста в отдельности.
      12. В конце инструктажа администратор отвечает на вопросы кандидатов.

  4. Прохождение тестирования

      13. Общее время, отпущенное на выполнение логических тестов, составляет 60 минут, теста на знание законодательства - 100 минут (130 вопросов).
      14. Кандидаты проходят тестирование в следующем порядке: логические тесты, тест на знание законодательства.
      15. По истечении времени, отведенного на прохождение тестирования, программа автоматически закрывается.

  5. Подведение итогов тестирования и
ознакомление кандидатов с его результатами

      16. Подсчет правильных ответов компьютерного тестирования проводится автоматически посредством прикладного программного обеспечения. Результаты тестирования распечатываются на принтере и предоставляются кандидату для ознакомления.
      17. Сведения о результатах тестирования оформляются в виде сводной справки и хранятся в Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы.
      18. Сводная справка о результатах тестирования носит конфиденциальный характер и передается в рабочий орган Комиссии по отбору кандидатов в кадровый резерв политической государственной службы и работе с ним.       

Утверждена приказом            
Председателя Агентства          
Республики Казахстан по делам      
государственной службы          
от 24 марта 2006 года N 02-01-02/49   

  Программа
тестирования кандидатов для зачисления в
кадровый резерв политической государственной службы
второй категории

      Настоящая программа устанавливает два вида тестов: на логическое мышление и на знание законодательства Республики Казахстан.
      1. Тест на логическое мышление включает числовой и текстовой виды.
      2. Тест на знание законодательства Республики Казахстан включает 130 вопросов на знание  Конституции  Республики Казахстан, Конституционного Закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года " О Президенте Республики Казахстан ", Конституционного Закона Республики Казахстан " О Правительстве Республики Казахстан ", Закона Республики Казахстан "О государственной службе", Закона Республики Казахстан " О борьбе с коррупцией ", Закона Республики Казахстан " О языках в Республике Казахстан ",  Кодекса  чести государственных служащих Республики Казахстан (Правил служебной этики государственных служащих), утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года N 1567 (далее - Кодекс чести).
      По Кодексу чести - 10 вопросов и по каждому из остальных вышеуказанных законодательных актов - по 20 вопросов.
      3. Пороговое значение по тесту на логическое мышление составляет не менее 50 % правильных ответов по каждому виду.
      Пороговое значение по тесту на знание законодательства Республики Казахстан составляет не менее 70 % правильных ответов по каждому нормативному правовому акту, по Кодексу чести - не менее 80 %.