Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/49
бұйрығымен
.
________________________________
Ескерту: Бұйрықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65 бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243
Жарлығымен
бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ережесінің 21-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеуден өткiзу ережесi;
2) Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін үміткерлердің тестілеу бағдарламасы.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65
бұйрығымен
.
2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алуда үміткерлердің компьютерлік тестіленуі үшін екі апталық мерзімде бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлесін. Осы бағдарламалық қамтамасыз ету облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының тестілеу орталықтарында орнатылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Ә.А.Көмекбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 21 сәуірдегі
N 02-01-02/44 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткiзу ережесi
Ескерту: Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65 бұйрығымен .
1. Жалпы ереже
1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге және логикалық ойлау қабілетіне әділ баға беру.
2. Тестілеуге мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттарды іріктеу бойынша Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) бекіткен, тізімге енгізілген кандидаттар жіберіледі.
3. Тестілеуден өту кезінде шекаралық мәннен кем баға алған кандидат, алдыңғы тестілеу күнінен соң үш айдан кейін, қайтадан тестілеуден өтуге құқығы бар.
4. Тестілеуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің және аумақтық бөлімшелерінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администраторлар) өткізеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) тестілеу өткізу процесін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
5. Тестілеу барысында Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестер және логикалық тестер қолданылады.
7. Тестілеуді өткізудің әділдігі тестілеудің уақыты, нәтижелерді есептеуі, нұсқауы, мазмұны жағдайларының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жібермеу әрекеттері туралы жазбаша шектеулерімен қамтамасыз етіледі.
8. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:
1) тестілеуге дайындық;
2) нұсқаулық;
3) үміткерлермен тестілердің өтуі;
4) үміткерлерге тестілеу нәтижелерін беру.
9. Тестілеуді өткізу кезінде администратордың кіріспе сөзіне, кандидаттардың нұсқаумен танысуына, кандидаттардың сұрақтарына жауап беруге, тестің өтуіне уақытты жеткілікті бөлу қажет.
10. Тестілеу өткізілетін жай кандидаттардың орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Егер бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, олар бір-бірінен жеткілікті қашықтықта орналасулары қажет. Тестілеу уақытында қатысушылардың тестілеу өткізіліп отырған жайда сөйлесуіне және шығып кетуіне болмайды.
12. Тестілеу басталар алдында, администратор тестілеуді өткізу жөнінде егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізеді. Администратордың кіріспе сөзіне тестілеудің алдағы жөн-жосығы, іріктеу рәсіміндегі тестілеудің орны жөніндегі тұтастай ақпараттар кіреді.
13. Администратор кандидаттардың компьютерді пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап береді. Содан кейін администратор тұтастай тестерді өтуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, тест жөніндегі нұсқауды дауыстап оқиды.
15. Администратордың барлық кандидаттардың тапсырманы меңгергендігіне көзі жетуі тиіс, басқа жағдайда қосымша түсініктеме береді.
4. Кандидаттардың тесттерден өтуі
16. Логикалық тестердің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 60 минут, заңдарды білуге тестке - 100 минут (130 сұраққа).
19. Администратор тестілеу біткеннен кейін қатысушылардың тестке қатысқанына рақмет айтады және кандидаттарға мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін іріктеу жүргізудің келесі кезеңін еске салады.
20. Компьютерде тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарлама көмегімен автоматты есептеледі. Нәтиже принтерде басып шығарылады және үміткерге танысу үшін беріледі. Үміткер танысқаннан кейін нәтижесі көрсетілген қағазға қол қояды.
21. Логикалық тест және заңдарды білуге арналған тестердің нәтижелері Агенттікте және оның аумақтық бөлімшелерінде сақталады. Тестілеудің нәтижесі туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде рәсімделеді.
22. Тестілеудің нәтижесі туралы жиынтық анықтама құпия сипаттағы түрде болады және Комиссияның жұмысшы органына беріледі.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 21 сәуірдегі
N 02-01-02/44 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне
алу үшін кандидаттардың тестілеу
Бағдарламасы
Осы бағдарлама тестің екі түріне: Қазақстан Республикасы заңдарын білуге және логикалық ойлауға тағайындалады.
1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық
заңын
, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық
заңын
, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" 1998 жылғы 23 шілдедегі
заңын
, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі
заңын
, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс
кодексiн
(Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 130 сұрақ кіреді.
Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тестілеу өткізу кезінде қолданылатын Сұрақтар тізбесі іріктеліп, Қазақстан Республикасының
Конституциясы
бойынша 40 сұрақ, Ар-намыс
кодексi
бойынша 10 сұрақ және жоғарыда көрсетілген заң актілерінің қалғандарының әрқайсысынан 20 сұрақ белгіленген.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65
бұйрығымен
.
2. Логикалық тест ойлаудың сандық және текстік түрінен тұрады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке шекаралық мән әр нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем емес және Ар-намыс
кодексi
бойынша 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
Логикалық ойлауға шекаралық мән тестің әр түрі бойынша 50% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65
бұйрығымен
.