Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2013 № 06-7/190 бұйрығымен.
"Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған бекітілсін:
1) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі ереже;
2) Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу жөніндегі тестілеу бағдарламасы.
2.»"Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу үшін кандидаттардың ереже, Тестілеу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 02-01-02/44 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тізілімі Мемлекеттік тiзбесінде N 2828 болып тіркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы N 38 "Заң" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65 бұйрығымен өзгерістер енгізілген).
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2006 жылғы 24 наурыздағы
02-01-02/49 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр
резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуді өткізу
жөніндегі тестілеу бағдарламасы
Осы бағдарлама тестің екі түріне: логикалық ойлауға және Қазақстан Республикасы заңдарын білуге тағайындалады.
1. Логикалық ойлауға тест сандық және текстік түрден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президенті туралы " 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы " Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының " Мемлекеттік қызмет туралы ", Қазақстан Республикасының " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерiн) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 130 сұрақ кіреді.
Ар-намыс кодексi бойынша - 10 сұрақ және жоғарыда көрсетілген заң актілерінің қалғандарының әрқайсысынан 20 сұрақ белгіленген.
3. Логикалық ойлауға шекті мән тестің әр түрі бойынша 50% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке шекті мән әр нормативтік құқықтық акті бойынша 70% кем емес және Ар-намыс кодексi бойынша - 80% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.
ҚР Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі Төрағасының
2006 жылғы 24 наурыздағы
02-01-02/49 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр
резервіне алу үшін кандидаттарды тестілеуден өткізу
жөніндегі ереже
1. Жалпы ереже
1. Тестілеуден өткізудің мақсаты - мемлекеттік саяси қызметтің екінші санаттағы кадр резервіне алуда кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) логикалық ойлау қабілетіне, оның Қазақстан Республикасының заңдарын әділ баға беру.
2. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығының 23-12 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі табыс етілген құжаттарды тексеруді жүзеге асырады және тестілеуден өтетін кандидаттардың тізімін бекітеді.
3. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тестілеу администраторлары (бұдан әрі - администраторлар) өткізеді.
4. Тестілеу барысында логикалық тестер және Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест қолданылады.
5. Тестілеу персоналды компьютерде өткізіледі.
6. Тестілеуді өткізудің әділдігі - жағдайлардың, уақыттың, нәтижелерді есептеудің және тестердің мазмұнының стандарттылығымен қамтамасыз етіледі.
7. Тестілеу 4 кезеңнен тұрады:
1) жайды және тестілеу материалдарын даярлау;
2) тестілеуді өткізу бойынша нұсқаулық;
3) тестілеуден өту;
4) тестілеу қорытындыларын шығару және оның нәтижелерімен кандидаттарды таныстыру.
2. Жайды және тестілеу материалдарын даярлау
8. Тестілеу өткізілетін жай кандидаттардың орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестілеу уақытында кандидаттардың сөйлесуіне және тестілеу өткізіліп отырған жайдан шығып кетуіне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның ішінде жеке қалта компьютерлері және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестілеу кезінде өшірілуі тиіс.
9. Тестілеу басталғанға дейін администратор барлық қажетті материалдарды даярлауы және тексеруі қажет.
3. Тестілеуді өткізу бойынша нұсқаулық
10. Тестілеу сәтінде өзін нашар сезінген кандидаттар бұл туралы тестілеу басталғанға дейін администраторға хабарлауы тиіс.
11. Тестілеу басталар алдында администратор кандидаттарды тұтастай тестілеуден өткізуге және жеке әр тестке бөлінген уақытқа баса назар аудара отырып, нұсқаумен таныстыруы қажет.
12. Нұсқаулықтың соңында администратор кандидаттардың сұрақтарына жауап береді.
4. Тестілеуден өту
13. Логикалық тестердің орындалуына жіберілген жалпы уақыт - 60 минөт, заңдарды білуге арналған тест - 100 минөт (130 сұраққа).
14. Кандидаттар тестілеуден келесідей тәртіппен өтеді: логикалық тестер, заңдарды білуге арналған тест.
15. Тестілеуден өтуге бөлінген уақыт біткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.
5. Тестілеу қорытындыларын шығару
және оның нәтижелерімен кандидаттарды таныстыру
16. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеудің нәтижелері принтерде басып шығарылады және кандидатқа танысу үшін беріледі.
17. Тестілеудің нәтижелері туралы мәлімет жиынтық анықтама түрінде рәсімделеді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сақталады.
18. Тестілеудің нәтижелері туралы жиынтық анықтама құпия сипаттағы түрде болады және Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және олармен жұмыс жөніндегі комиссияның жұмыс органына беріледі.