"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4220. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 11 мамырдағы N 204 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.

      Нормативтік құқықтық базаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548  бұйрығына (N 1577 болып тіркелген, 2001 жылғы тамыз айында N 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және де өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған; N 1916 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411 ; N 2893 болып тіркелген 2004 жылғы 8 мамырдағы  N 266 және N 3669 болып тіркелген 2005 жылғы 17 мамырдағы  N 289 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
      барлық мәтін бойынша "мемлекеттік сертификат", "мемлекеттік сертификаттарды", "мемлекеттік сертификатты", "мемлекеттік сертификаттар" деген сөздер "сертификат", "сертификаттарды", "сертификатты", "сертификаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта:
      "жалпы білім беретін мектептердің" деген сөздер "жалпы орта білім беретін ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ЖОО-ның орналасқан жері бойынша" деген сөз "азамат таңдаған жоғарғы оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      "40" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;

      "ұпайдан" деген сөзден кейін ", оның ішінде бейіндік пән бойынша кем дегенде 7 ұпайдан" деген сөздермен толықтырылсын; 

      13-тармақтағы "шағымдануға" деген сөз "апелляцияға беруге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы "Ішкі істер бас басқармаларына, Ішкі істер басқармаларына, Көліктегі ішкі істер басқармаларына" деген сөздер "облыстардың, Алматы, Астана қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттеріне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Кадр жұмысы департаменті (Б.Ғ.Рахымбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

       "Келісілді"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      2006 жылғы 25 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады