Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4221

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 62 Қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2548 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 74  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2797 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3699 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 47 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4161 тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартында:
      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасау тәртібі. Кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі

      12. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, тәртіппен және шарттармен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

      13. Қор кепілдік және өтемақы төлемдерін Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен әрі шарттармен жүзеге асырады.";

      6, 7, 8 және 9-тараулар алынып тасталсын;

      28-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) сақтандыру ұйымы - қатысушының сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты болған шығыстарды Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеуге;";

      31-тармақта:
      6) тармақшада "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысынан (сақтандырылғаннан, пайда алушыдан) сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін төлеу туралы хабарламасын (өтінішін) қабылдауға және сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асыруға міндетті.".

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" АҚ-на, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын  
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2006 жылғы 25 наурыздағы    
N 71 қаулысымен бекітілген  


  Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының
кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыру
Ережесі

      Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 № 62 Қаулысымен.

Об утверждении Правил осуществления гарантийных и компенсационных выплат Фондом гарантирования страховых выплат и о внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2003 года № 345 "Об утверждении Типового договора участия в Фонде гарантирования страховых выплат"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 марта 2006 года № 71. Зарегистровано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 мая 2006 года № 4221

      В целях реализации Закона Республики Казахстан "О Фонде гарантирования страховых выплат" и приведения нормативных правовых актов, регулирующих вопросы гарантирования страховых выплат в соответствие с законодательными актами Республики Казахстан, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утратил силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30.04.2010 № 62 (порядок введения в действие см. п. 3).

      2. Внести в  постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 сентября 2003 года N 345 "Об утверждении Типового договора участия в Фонде гарантирования страховых выплат" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2548), с изменениями и дополнениями, внесенными  постановлением Правления Агентства от 15 марта 2004 года N 74 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2797),  постановлением Правления Агентства от 28 мая 2005 года N 159 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 3699),  постановлением Правления Агентства от 25 февраля 2006 года N 47 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 4161), следующие изменения и дополнения:
      в Типовом договоре участия в Фонде гарантирования страховых выплат, утвержденном указанным постановлением:
      главу 5 изложить в следующей редакции:
      "Глава 5. Порядок заключения договоров обязательного страхования со страхователями принудительно ликвидируемой страховой организации. Условия и порядок осуществления гарантийных и компенсационных выплат.
      12. Страховая организация - участник обязана в случаях, в порядке и на условиях, предусмотренных Законом и нормативными правовыми актами уполномоченного органа, заключить со страхователем принудительно ликвидируемой страховой организации договор обязательного страхования.
      13. Гарантийные и компенсационные выплаты осуществляются Фондом в порядке и на условиях, определенных Законом и нормативными правовыми актами уполномоченного органа.";
      главы 6, 7, 8 и 9 исключить;
      пункт 28 дополнить подпунктом 8-1) следующего содержания:
      "8-1) возместить расходы страховой организации - участника, связанные с осуществлением мероприятий по определению страхового случая и размера причиненного вреда, в порядке и размере, установленных Законом и нормативными правовыми актами уполномоченного органа;";
      в пункте 31:
      в подпункте 6) знак препинания "." заменить знаком препинания ";";
      дополнить подпунктом 7) следующего содержания:
      "7) в случаях и в порядке, предусмотренных Законом, принять от страхователя (застрахованного, выгодоприобретателя) принудительно ликвидируемой страховой организации сообщение (заявление) о наступлении страхового случая и выплате гарантийной выплаты и осуществить работу по определению страхового случая и размера причиненного вреда.".

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Департаменту стратегии и анализа (Еденбаев Е.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, АО "Фонд гарантирования страховых выплат", страховых (перестраховочных) организаций и Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".

      5. Отделу международных отношений и связей с общественностью (Пернебаев Т.Ш.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Узбекова Г.Н.

      Председатель

Утверждены             
постановлением Правления     
Агентства Республики Казахстан  
по регулированию и надзору    
финансового рынка и финансовых  
организаций            
от 25 марта 2006 года N 71    

  Правила
осуществления гарантийных и компенсационных выплат
Фондом гарантирования страховых выплат

      Сноска. Правила утратили силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30.04.2010 № 62 (порядок введения в действие см. п. 3).