Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 345 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2548.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):

      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
Төрағасы

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қорына
қатысудың үлгі шартын
бекіту туралы"
2003 жылғы 24 қыркүйектегі
N 345 қаулысымен бекітілген

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты Алматы қаласы "___"___________ 2003 жыл

      Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын Төраға ___________ арқылы және ___________ сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (бұдан әрі – сақтандыру ұйымы - қатысушы) Жарғы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туарлы ереже) негізінде іс-әрекет жасайтын Төраға (бұдан әрі – Филиалдың басшысы) ___________ арқылы, бұдан әрі Тараптар деп аталады, төмендегілер туралы шарт жасады:

      Осы шартта пайдаланылатын ұғымдардың "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған түсіндірмелері бар.

      Осы шарттың Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу тәртібіне реттейтін ережелері "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Шарттың мәні

      1. Осы Шарттың мәні сақтандыру ұйымы - қатысушының Заң және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы - қатысушы үшін), міндетті, төтенше жарналарды төлеу арқылы Қорға қатысуы, шартты міндеттемелерді қалыптастыруы және өзіне сақтанушылардың құқықтарын қосымша қорғау бойынша осы шартта айқындалған міндеттемелер қабылдауы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Міндетті жарналарды төлеу тәртібі

      2. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор жыл сайын уәкілетті органның келісуімен белгілеген міндетті жарналар ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде міндетті жарналарды төлеуге міндетті.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 21 Қаулыcымен.

      3. Сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті жарна сомасын Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8329 болып тіркелген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары - сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына (бұдан әрі - № 387 қаулы) сәйкес дербес есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары-қатысушылар міндетті жарналарды есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотқа дербес төлейді.

      Міндетті жарналарды "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі Қордың шотына, әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей дербес жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-1-тарау. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары – қатысушылардың бастапқы біржолы қосымша жарналарды төлеу тәртібі

      Ескерту. 2-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 2-1-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-1. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор жыл сайын уәкілетті органның келісуімен белгілеген қосымша жарналар мөлшерлемесіне сәйкес айқындалған мөлшерде қосымша жарналарды төлейді.

      4-2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы - қатысушы қосымша жарнаның сомасын № 387 қаулыға сәйкес дербес есептейді.

      4-3. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы-қатысушы қосымша жарналарды Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотына есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей әр тоқсанның қорытындысы бойынша дербес төлейді.

      Ескерту. 4-3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-4. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы-қатысушы "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары-сақтандыру ұйымдары төлеу үшін бастапқы біржолғы жарна мөлшерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 184 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4855 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде бастапқы біржолғы жарна төлейді.

      Ескерту. 2-1-тарау 4-4-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4-5. Бастапқы біржолғы жарна төлеуді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы-қатысушы осы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған шотына жүргізеді.

      Ескерту. 2-1-тарау 4-5-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі

      5. Сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Заңда белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлеуге міндетті.

      6. Қордың сақтандыру ұйымы - қатысушысы төтенше жарналарды Қордан төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламаны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде төлейді. Төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламада сақтандыру ұйымы - қатысушы төлейтін төтенше жарна мөлшері болуы тиіс.

      7. Қор төтенше жарналарды мерзімді төлемдер түрінде төлеу мүмкіндігін белгілей алады. Мұндай жағдайда сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді. Мерзімді төлемдерді төлеу тәртібі шарт тараптарының қосымша келісімінде айқындалады.

      8. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға төтенше жарналарды төлеген кезде осы сақтандыру ұйымы - қатысушының шартты міндеттемелері ол төлеген төтенше жарналар сомасына азаяды.

4-тарау. Шарттың міндеттемелерін қалыптастыру

      9. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор алдында өзінің шартты міндеттемелерін Қор жыл сайын уәкілетті органның келісуімен белгілеген шартты міндеттемелер ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде қалыптастыруға және есебін жүргізуге міндетті.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.01 N 21 Қаулыcымен.

      10. Сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелердің мөлшерін № 387 қаулыға сәйкес дербес есептейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он) күнінен кешіктірмей сақтандырудың әрбір кепілдік берілген түрі бойынша тоқсан сайын қалыптастырады және қалыптасқан шартты міндеттемелер ағымдағы тоқсан аяқталғанға дейін өзгермейді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Қордың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуі. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту: 5-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      12. Қор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы - қатысушыға берілетін сақтандыру портфелін Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау қағидаларына сәйкес инвестициялау нәтижесінде сатып алынған активтермен төлеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуді сақтандыру портфелін табыс ету туралы шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Қор кепілдік төлемдерін Заңның 15 және 15-1-баптарында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 болып тіркелген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 62 қаулысында белгіленген тәртіпте және талаптар бойынша жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту жағдайлары және негіздемелері

      Ескерту: 6-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен.

7-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасау тәртібі және талаптары

      Ескерту: 7-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен.

8-тарау. Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту: 8-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен.

9-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелерін орындаған Қорға кредитор құқықтарының көшуі

      Ескерту: 9-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 71 қаулысымен.

10-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      27. Қор:

      1) сақтандыру ұйымы - қатысушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген тәртіппен міндетті, қосымша әрі төтенше жарналарды төлеуге талап етуге;

      2) уәкілетті органнан сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың қаржылық жай-күйі, сақтандыру ұйымы - қатысушы жасаған сақтандыру шарттарының саны туралы және сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер мен Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қоспағанда, басқа да қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;

      3) сақтандыру ұйымдарының тек жазбаша келiсiмiмен ғана олардың қызметi туралы ақпаратты жария етуге құқылы;

      4) уәкілетті орган берген ақпаратқа сәйкес міндетті жарналарды және шартты міндеттемелерді, сондай-ақ қосымша жарналарды есептеудің дұрыстығын айқындауға құқылы.

      Ескерту: 27-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.02.25. N 47 , 2006.09.23. N 220 , 2007.06.25. N 187 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      28. Қор:

      1) сақтандыру ұйымы – қатысушымен қатысу шартын жасасуға;

      2) сақтандыру ұйымдары - қатысушыларға қатысу шартына сәйкес жылдық қаржылық есептілік ұсынуға;

      3) жыл сайын аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жариялауға;

      4) сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібіне, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелерді қалыптастыруына бақылау жасауға;

      5) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жасауға;

      6) аудит жүргізуге;

      7) сақтандыру ұйымдарының оған мәлім болған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзу фактілері жөнінде уәкілетті органға хабарлауға;

      8) бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын қосқанда, сақтандыру ұйымы – қатысушының сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты болған шығыстарды Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеуге;

      9) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне ақы төлеуге;

      10) өзінің қызметін жүзеге асыру барысында оған мәлім болған сақтандыру ұйымының қызметі туралы барлық ақпаратты тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      29. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген өзге құқықтарға ие болады және өзге міндеттерді көтереді.

      30. Сақтандыру ұйымы - қатысушы:

      1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын қазақ және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы ақпаратты жариялауға;

      2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жасауға қатысты ақпаратты алуға;

      3) Қордан жылдық қаржылық есептілікті талап етуге құқылы.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қатысу шартына сәйкес:

      1) міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;

      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, Қорға осы Үлгі шарттың 1 және (немесе) 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтер ұсынуға;

      3) Қорға № 387 қаулымен белгіленген нысан бойынша, тәртіпте және мерзімде міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін есептеу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

      4) Қорға Қордың директорлар кеңесі айқындайтын мерзімде және көлемде ақпарат, оның ішінде сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын оның міндеттемелері бойынша мәліметтер ұсынуға;

      5) Қорды өзінің төлем қабілетсіздігі туралы және уәкілетті органның санкцияларды қолдану фактілері туралы хабардар етуге;

      6) Қорға сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлау;

      7) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз берілгені туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;

      8) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айыруы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізуі туралы Қорды хабардар етуге;

      9) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіпте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысынан (сақтандырылғаннан, пайда алушыдан) сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін төлеу туралы хабарламасын (өтінішін) қабылдауға және сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асыруға;

      10) сақтанушыларды (сақтандырылушыларды), сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар тұлғаларды Қордың басқару органы бекіткен нысан бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне өзінің қатысуы туралы хабардар етуге;

      11) өзінің ресми интернет-ресурсында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген өзге құқықтарға ие болады және өзге міндеттерді көтереді.

11-тарау. Қатысу шартының қолданылуы

      Ескерту: 11-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      33. Қатысу шарты оны жасасқан күннен бастап күшіне енеді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Қатысу шарты:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жалпы негіздерде;

      2) сақтандыру ұйымы – қатысушы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.

      35. Кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы – қатысушының осы шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.

12-тарау. Қатысу шартын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі

      36. Бастапқы, міндетті, қосымша не төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру ұйымы - қатысушы төлеу күнін қосқанда, мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Егер осы Шарттың 36-тармағында көзделген тұрақсыздық айыбының сомасынан асатын мөлшердегі төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау не орындамау үшінші тұлғалардың алдындағы Қордың жауапкершілігіне апарып соқтырса, онда сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға тұрақсыздық айыбының сомасынан асатын бөлікте өтеуін төлейді.

      39. Сақтандыру ұйымы - қатысушы осы Шартты бірнеше мәрте бұзған жағдайда Қор сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру ұйымы - қатысушыға инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған қадағалап ден қою шаралары мен санкцияларды қолдану туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 204 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған тәртіптегі Заңмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды ұсынуға Қор жауапкершілікте болады.

13-тарау. Ерекше шарттар

      41. Тараптардың бірде-біреуі шарт бойынша міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмауына, егерде ол осы шартты жасағаннан кейін пайда болатын осы шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындауы мүмкін болмайтын дүлей күштің: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттардың, сондай-ақ соғыс, әскери күштер, мемлекеттік өкімет органдарының актілері мен іс-қимылдарының салдарынан болып табылатын болса, жауапкершілікте болмайды.

      42. Егер осындай міндеттемелердің кез келгені осы шартта белгіленген мерзімде міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер етсе, онда бұл мерзімдер сәйкес міндеттемелердің қолданылу уақытына өлшемді түрде өзгереді.

      43. Осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын жақтар өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін міндеттемелердің басталуы және тоқтатылуы туралы басқа тарапқа тез хабарлауы тиіс. Өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін міндеттемелердің басталуы және тоқтатылуы туралы басқа тараптың хабар беру мерзімі үш айдан аспауы тиіс.

      44. Осы шарт бойынша сақтандыру ұйымы - қатысушының құқықтары мен міндеттері үшінші тұлғаға берілмейді.

      45. Осы Шарт бойынша барлық ақпаратты Тараптар ауыстыру түріндегі жазбаша хабарламамен береді.

      46. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімдермен ресімделеді және екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қояды.

14-тарау. Дауларды шешу

      47. Осы Шарт бойынша туындаған даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Егер Тараптар келісімге келе алмаған кезде даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешіледі.

      48. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данадан 4 (төрт) дана етіп жасалған, әрқайсысының заң күші бірдей.

15-тарау. Тараптардың орналасқан жері, банктік деректемелері және тараптардың қолдары

      Ескерту. 15-тарау жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қор: Сақтандыру ұйымы - қатысушы:

_______________________________
(заңды мекенжайы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі,
телефон нөмірі, факс, е-maіl)

________________________________
(атауы, заңды мекенжайы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі,
телефон нөмірі, факс, е-maіl)

_______________________________
Банктік деректемелері (банктің
атауы, ағымдық шоттың №)

________________________________
Банктік деректемелері (банктің
атауы, ағымдық шоттың №)

      Қор: Сақтандыру ұйымы - қатысушы:

Төраға ____________

Төраға (Филиалдың
басшысы) __________


  Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қорына
қатысудың үлгі шартына
1-қосымша
  Нысан

Сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметтер

      ____________________________________________________________________

                  (сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 23.09.2006 N 220; жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша

  (теңгемен)

Кепілдік берілген сыныптың атауы

Сақтандыру сыйлықақылары

Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, сақтанушыларға қайтарылған (қайтарылуы тиіс) сақтандыру сыйлақылары

Есептелген міндетті жарналар сомасы

Есептелген шартты міндеттемелер сомасы

Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есептелген шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен)

Есептелген қосымша жарналар сомасы








      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _________________

      _____________             ___________

      (қолы)                   (күні)

  Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қорына
қатысудың үлгі шартына
2-қосымша
  Нысан

Сақтандыру резервтерінің, міндетті жарналардың және шартты міндеттемелердің сомасы бойынша мәліметтер ____________________________________________________________________             (сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 220; жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша

  (теңгемен)

Кепілдік берілетін сақтандыру түрінің атауы

Сақтандыру резервтері

Есептелген міндетті жарналар сомасы

Есептелген шартты міндеттемелер сомасы

Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есептелген шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен)

өткен тоқсанның басына

есепті тоқсанның басында

айырмашылығы



өткен тоқсанның басына

А

1

2

3

4

5

6















      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________ _________________ __ _________

      (қолы)            (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады