Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысудың үлгi шартын бекiту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегi N 345 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 47 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4161

      Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысудың үлгi шартын бекiту туралы" 2003 жылғы 24 қыркүйектегi N 345  қаулысына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2548 тiркелген), Агенттiк Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 74  қаулысымен  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2797 тiркелген), Агенттiк Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы N 159  қаулысымен  енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрге (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3699 тiркелген) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына қатысудың үлгi шартында:
      27-тармақта:
      2) тармақшадағы "." деген тыныс белгiсi ";" деген тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) сақтандыру ұйымдарының тек жазбаша келiсiмiмен ғана олардың қызметi туралы ақпаратты жария етуге құқылы.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Қ.М. Досмұқаметовке жүктелсiн.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады