Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы N 35 бұйрығымен.
------------------Бұйрықтан үзінді-------------------
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Жол полициясы комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ақпарат берсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін
атқарушы
милиция генерал-майоры
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2007 жылғы N 35 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі
...
5. "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесумен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 186 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2006 жылы 5 мамырда N 4225 болып тіркелген.
-------------------------------------
Автомобиль жолдарындағы жол полициясының қызметін одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. "Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1085 болып тіркелген, N 1269 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі N 519 , N 3765 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 419 , N 3990 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 652 бұйрықтарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы 55-1 және 55-2-жолдармен толықтырылсын:
"55-1 |
"Алматы-Ташкент"
|
101 км |
Екіауысымдық
|
Жамбыл облысының
|
"55-2 |
"Алматы-Ташкент"
|
141 км |
Екіауысымдық
|
Жамбыл облысының
|
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"29. |
"Соқыр" бекеті |
"Екатеринбург-Алматы" а/ж 1490 км |
|
2. Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті (А.В.Кулинич) "Соқыр" стационарлық бекетін штаттық санмен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізсін және белгіленген нормативтерге сәйкес бекетті техникалық жабдықтау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.