"Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 186 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4225. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы N 35 бұйрығымен.

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы N 35 бұйрығымен.

------------------Бұйрықтан үзінді-------------------
 
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Жол полициясы комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ақпарат берсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы 
      милиция генерал-майоры

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2007 жылғы N 35 бұйрығына
қосымша        

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізімі

      ...
      5. "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесумен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 186 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2006 жылы 5 мамырда N 4225 болып тіркелген.
-------------------------------------

      Автомобиль жолдарындағы жол полициясының қызметін одан әрі жетілдіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, қылмыстың жолын кесу мен оны ашудағы, сонымен қатар іздестіру жұмыстарының белсенділігін арттырудағы жол полициясының іс-әрекетін жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 10 қарашадағы N 568  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1085 болып тіркелген, N 1269 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі  N 519 , N 3765 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі  N 419 , N 3990 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 652  бұйрықтарымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 55-1 және 55-2-жолдармен толықтырылсын:

"55-1

"Алматы-Ташкент"
а/ж 263 - 364 км

101 км

Екіауысымдық
тәулік бойы

Жамбыл облысының
ІІД ЖПБ-ның ЖП ЖР

"55-2

"Алматы-Ташкент"
а/ж 364 - 505 км

141 км

Екіауысымдық
тәулік бойы

Жамбыл облысының
ІІД ЖПБ-ның ЖП ЖР

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
      реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"29.

"Соқыр" бекеті

"Екатеринбург-Алматы" а/ж 1490 км

  

      2. Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті (А.В.Кулинич) "Соқыр" стационарлық бекетін штаттық санмен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізсін және белгіленген нормативтерге сәйкес бекетті техникалық жабдықтау бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Жол полициясы департаменті (Ө.Т.Түсімов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады