Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 473-бабына сәйкес, "Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбiр кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі N 681 қаулысын орындау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен қолдану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 мамырдағы N 184 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-Министрі - Қаржы Министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2340 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылғы N 37-40, 1010-құжат жарияланған), мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен қолдану тәртібінде:
1-тармақта "472" деген сан "473" саны мен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасында:
оныншы абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
"озонды бұзатын заттарды бірдейлендіру құралдары.";
6-тармақтың 4) тармақшасында:
алтыншы абзацтағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"тауарлар мен көлік құралдарды тексеру кезінде озонды бұзатын заттарды анықтау үшін бірдейлендіру құралдар, детекторлар және хладагенттер талдағыштар қолданады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Ө.К.Бейіспеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға