Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.07.30 N 435 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасының тыс жерлерге әкетуге рұқсаттарды беру ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының Бірінші орынбасары Н.Н.Сыздықовқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелуге тиісті және ол ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Төраға
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау комитетінің
Төрағасы
30 мамыр 2006 ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті
төрағасының
2006 жылғы 24 мамырдағы
N 16-6/69п бұйрығымен бекітілген
Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттарды беру ережесі
1. Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 310 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ережесіне сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалардың балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін, оның ішінде өңделген де Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды беру тәртібін белгілейді.
2. Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсаттар (бұдан әрі - Рұқсаттар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - Басқармалар) 1 қосымшадағы нысанға сәйкес ауланған немесе иеленген жері бойынша беріледі. P040517
3. Балық аулау объектілері болып табылатын балықтардың құнды түрлерін, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiн халықаралық саудалау туралы конвенцияның қосымшаларына енгізілген, сондай-ақ тауарлар транзитінің кедендік режимінде Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өткізілетін балықтар түрлерін қоспағанда әкетуге Рұқсаттар беріледі.
4. Қазақстан Республикасы заң актілерімен және бекітілген халықаралық шарттарымен көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, осы Ережелер барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
5. Рұқсаттар әкетілетін балықтардың, олардың бөліктері мен туынды түрлерінің өтінім берілген көлемі (саны) бойынша беріледі.
6. Жеке тұлғалар балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлерінің көлемі бір жеке тұлғаға шаққанда 50 кг аспайтын болса көлемін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге Рұқсатсыз әкетеді.
7. Рұқсат алу үшін балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін әкетуді жоспарлаған тұлға Басқармаға 2 қосымшадағы нысанға сәйкес балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге рұқсатты алуға қолы қойылған өтінімді (бұдан әрі - Өтінім) ұсынады.
Заңды тұлға тапсырған Өтінім өтінім беруші мөрімен куәландырылады.
8. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге Өтінім берілген балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін алу немесе жасанды жағдайларда өсірудің, олжалаудың заңдылығын растайтын келесі құжаттардың (нотариалды куәландырылған көшiрмелерi):
1) құрылтай құжаттары немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің және заңды тұлғаның мемлекеттік есепке алынғаны туралы куәліктің (алғашқы өтiнiм кезінде);
2) адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың;
3) салық төлеушінің куәлігі - салық төлеушінің тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы құжаттың;
4) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның әкетілетін балықтың заңды ауланғанын растайтын 3 қосымшадағы нысанға сәйкес анықтамасын (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
5) егер әкетілетін балық жасанды жолмен өсірілсе, жасанды жағдайларда өсірілгені туралы балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органы куәландырған балықты өсірген мекемесі берген анықтаманың (түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
6) егер әкетілетін балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері тәркіленген болса балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін тәркілену туралы сот шешімінің;
7) әкетілетін балықтардың, олардың бөліктері мен туынды түрлерін меншік құқығын дәлелдейтін құжаттардың (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жөнелтпе құжат, тауарлы чек және банкінің белгісі бар төлем тапсырмасы);
8) балықты өңдеу кезіндегі өңдеуші белгілеген шығын нормалары қосылып беріледі.
9. Басқарма Өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды 3 күн ішінде қарайды, осыдан кейін Рұқсатты береді, не дәлелді бас тарту құжатын жібереді.
10. Рұқсаттарды беруден бас тартуға:
1) Өтінімге қоса берілетін құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;
2) Өтінімде және оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтерді толық емес көлемде ұсынуы;
3) өтінім беруші әкетілетін балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлерін шыққан жері, аулау, өсіру, иелену орны туралы көрінеу жалған ақпаратты ұсынғаны негіз болып табылады.
11. Берілген Рұқсаттар қайта сатуға, өзге ұйымдар мен тұлғаларға, Басқармаға қайтаруды қоспағанда, беруге немесе басқа нысанда иеліктен айыруға болмайды.
12. Рұқсаттар балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды есепке алу және тіркеу жорналына тіркелініп, қол қойдыру арқылы өтінім берушіге немесе өтінім берушінің нотариалды куәландырылған сенім хатымен немесе заңды тұлғаның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген өзге де адамның қолы қойылған және сол ұйымның мөрімен куәландырылған сенім хатымен басқа тұлғаға беріледі. Рұқсаттардың түбіртектері Басқармада қалады.
13. Өтінім беруші ұйғарылған әкетуге 3 (үш) жұмыс күндері қалғанға дейін Басқармаға осы уақытқа дейін ұсынылған Өтінімдегі балықтардың, олардың бөліктері мен туынды түрлерінің түрі мен саны бөліктеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш бере алады. Көрсетілген мерзім өткен соң өтінімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілмейді.
14. Өтінім беруші әкету күніне дейін алдында берілген Рұқсаттардың күшін жою туралы Басқармаға өтініш жасауға құқылы. Бұл жағдайда өтінім беруші Рұқсаттардың түпнұсқаларын Басқармаға қайтаруы міндетті.
15. Рұқсаттардың әрекет ету мерзiмi - оны берген күннен бастап 6 ай.
16. Өтінім беруші балықтардың, олардың бөліктері мен туынды түрлерінің балық аулауға рұқсат берілген көлемінен әкетілетін көлемі 1%-тен көптігін, түрлік құрамын, жай-күйін жасырғаны туралы фактілері анықталған жағдайларда Басқарма берілген Рұқсаттардың әрекетін тоқтата тұрады.
17. Рұқсаттарды тоқтата тұру мерзімі - 3 (үш) тәуліктен көп емес. Анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда Рұқсаттың әрекеті Басқармамен қайта жаңғыртылады. Қарсы жағдайда Басқарма тоқтата тұру мерзімін тағы да 5 (бес) күнге ұзартып, сотқа талап арыз қою жолымен Рұқсатты алып қою рәсімін бастайды.
18. Рұқсаттардың бланкілері мен берілген Рұқсаттардың түбіртектері қатаң есептік құжат болып табылады.
19. Басқарма бастығы Рұқсаттарды беру және Рұқсаттардың бланкілерін сақтау мен олардың қозғалысы бойынша есеп беру үшін жауапты лауазымды тұлғаны (лауазымды тұлғаларды) бұйрықпен тағайындайды.
Балықтарды, олардың бөліктері
мен туынды түрлерін
Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттарды беру ережелеріне
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
____________________________________________________
аумақтық орган
Басқаға беру құқығынсыз
Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
N__________Рұқсат түбіртегі
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, заңды тұлғаның жауапты адамының аты-жөні, әкесінің
___________________________________________________________________
аты, қызметі, тіркелінген орны немесе жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты,
__________________________________________________________ берілген
азаматтығы, тұрғылықты жері)
Балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері |
Балық түрі |
Салмағы (кг/тн) |
|
1 |
Жас (шикі-балық), салқындатылған балық |
||
2 |
Мұздатылған балық |
||
3 |
Тұздалған балық |
||
4 |
Сүрлене-ысталған балық |
||
5 |
Балық жон еті |
||
6 |
Бөлінген балық |
||
7 |
Балық пресервілері мен консервілері |
||
8 |
Балық кулинариясы |
||
9 |
Балық уылдырығы |
||
10 |
Балық ұны, балық майы |
||
11 |
Басқалар (көрсету) |
||
Қорытынды |
Әкетуге кедендік рәсімдеу пункті __________________________________
Алушы-мемлекет ____________________________________________________
Рұқсат әрекетінің мерзімі: алты ай
Берілген күні "___" _______________ 200 __ ж.
М.О. Қолы ____________________________
(лауазымды адамның аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
____________________________________________________
аумақтық орган
Басқаға беру құқығынсыз
Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
N__________Рұқсат
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, заңды тұлғаның жауапты адамының аты-жөні, әкесінің
___________________________________________________________________
аты, қызметі, тіркелінген орны немесе жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты,
__________________________________________________________ берілген
азаматтығы, тұрғылықты жері)
Балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері |
Балық түрі |
Салмағы (кг/тн) |
|
1 |
Жас (шикі-балық), салқындатылған балық |
||
2 |
Мұздатылған балық |
||
3 |
Тұздалған балық |
||
4 |
Сүрлене-ысталған балық |
||
5 |
Балық жон еті |
||
6 |
Бөлінген балық |
||
7 |
Балық пресервілері мен консервілері |
||
8 |
Балық кулинариясы |
||
9 |
Балық уылдырығы |
||
10 |
Балық ұны, балық майы |
||
11 |
Басқалар (көрсету) |
||
Қорытынды |
Әкетуге кедендік рәсімдеу пункті __________________________________
Алушы-мемлекет ____________________________________________________
Рұқсат әрекетінің мерзімі: алты ай
Берілген күні "___" _______________ 200 __ ж.
М.О. Қолы ____________________________
(лауазымды адамның аты-жөні)
Балықтарды, олардың бөліктері
мен туынды түрлерін
Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттарды беру ережелеріне
2 қосымша
___________________________________________________________________
(уәкілетті органының аумақтық органының толық атауы)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(заңды тұлға атауы немесе
___________________________________________________________________
жеке тұлғаның аты-жөні (толық))
Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсатты иелену үшін өтінім
Балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруiңiздi сұраймын.
1. Әкетуге өтінім берілген балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін жалпы көлемі (кг/тн) ____________________________,
Балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері |
Балық түрлері |
Салмағы (кг/тн) |
|
1 |
Жас (шикі-балық), салқындатылған балық |
||
2 |
Мұздатылған балық |
||
3 |
Тұздалған балық |
||
4 |
Сүрлене-ысталған балық |
||
5 |
Балық жон еті |
||
6 |
Бөлінген балық |
||
7 |
Балық пресервілері мен консервілері |
||
8 |
Балық кулинариясы |
||
9 |
Балық уылдырығы |
||
10 |
Балық ұны, балық майы |
||
11 |
Басқалар (көрсету) |
||
Барлығы |
2. Әкетілетін балық, сондай-ақ әкетілетін балық, олардың бөліктері мен туынды турлері (әкетілетін балық, сондай-ақ өтінім беруші немесе аулаған тұлғамен әкетілетін балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері ауланған кезде толтырылады) "____" _________ 20 __ ж. ________________
___________________________________________________________________
(әкетілетін балықты, сондай-ақ балықтарды, олардың бөліктері мен туынды
түрлерін аулаған
___________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық))
___________________________________________________________________
(балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдаланушы болып табылатын
________________________________________________________ бекітілген
заңды тұлға атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық))
________________________________________________________ де аулаған
(балық шаруашылығы су тоғанының атауы (учаскесі))
Аулауға негіз _____________________________________________________
(балық аулау шарты, балық шаруашылығын жүргізу шарты,
__________________________________________________________________
балық аулауға рұқсат реквизиттері (номері, күні, кіммен берілген))
3. Әкетілетін балық, сондай-ақ әкетілетін балық, олардың бөліктері мен туынды турлері (әкетілетін балық, сондай-ақ өтінім беруші немесе аулаған тұлғамен әкетілетін балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері өсірілген кезде толтырылады)
___________________________________________________________________
(әкетілетін балықты, сондай-ақ балықтарды, олардың бөліктері мен
___________________________________________________________________
туынды түрлерін өсірген заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның
аты-жөні (толық))
________________________________________________________ де өсірген
(су тоғанының атауы)
4. Әкетілетін балық, сондай-ақ әкетілетін балық, олардың
бөліктері мен туынды турлері ______________________________________
(әкетілетін балықты, сондай-ақ балықты, олардың бөліктері
______________________________________________________ сатып алынды
мен туынды түрлерін іске асырған заңды тұлғаның атауы немесе
жеке тұлғаның аты-жөні (толық))
Әкетуді кедендік рәсімдеу пункті __________________________________
Алушы-ел __________________________________________________________
Әкету мерзімі _____________________________________________________
Өтінім берушінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі заңды
мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін - тұрғын мекен-жайы, тұлғаны
куәландыратын құжаттар мәліметтері), ______________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Телефон/факс байланыс номерлері ___________________________________
Күні "____"_______________200__ж.
Өтінімге қосымша (түпнұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелер):
1) құрылтай құжаттары немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің және заңды тұлғаның мемлекеттік есепке алынғаны туралы куәліктің (алғашқы өтiнiм кезінде);
2) адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың;
3) салық төлеушінің куәлігі - салық төлеушінің тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы құжаттың;
4) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның әкетілетін балықтың заңды ауланғанын растайтын 3 қосымшадағы нысанға сәйкес анықтамасын;
5) егер әкетілетін балық жасанды жолмен өсірілсе, жасанды жағдайларда өсірілгені туралы балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органы куәландырған балықты өсірген мекемесі берген анықтаманың;
6) егер әкетілетін балықтар, олардың бөліктері мен туынды түрлері тәркіленген болса балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін тәркілену туралы сот шешімінің;
7) әкетілетін балықтардың, олардың бөліктері мен туынды түрлерін меншік құқығын дәлелдейтін құжаттардың (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жөнелтпе құжат, тауарлы чек және банкінің белгісі бар төлем тапсырмасы);
8) балықты өңдеу кезіндегі өңдеуші белгілеген шығын нормалары қосылып беріледі.
МО Қолы ______________________________
(Аты-жөні)
Балықтарды, олардың бөліктері
мен туынды түрлерін
Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттарды беру ережелеріне
3 қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық органы)
__________________________________________________________________
Балық аулау туралы
анықтама
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, заңды тұлғаның
___________________________________________________________________
жауапты адамының, лауазымы, аты-жөні, әкесінің аты, қызметі,
___________________________________________________________________
немесе жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты, азаматтығы, тұрғылықты жері)
__________________________________________________________________
(бұдан әрі - Пайдаланушы) берілген.
Осы анықтама Пайдаланушы төмендегі сандық-түрлік құрамындағы
балықты ___________________________________________________________
(балық аулау шарты, балық шаруашылығын жүргізу шарты,
___________________________________________________________________
балық аулауға рұқсат реквизиттері (номері, күні, кіммен берілген))
негізінде ауланғанын растайды
N |
Балық түрі |
Салмағы (кг/тн) |
Ескерту |
1 |
|||
2 |
|||
3 |
|||
4 |
|||
5 |
|||
6 |
|||
7 |
|||
8 |
|||
9 |
|||
10 |
|||
11 |
|||
Барлығы |
2. Әкетілетін балық "____" _________ 20 __ ж. ______________________
___________________________________________________________________
(әкетілетін балықты аулаған заңды тұлғаның атауы
___________________________________________________________________
немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық))
___________________________________________________________________
(балық қорлары мен басқа да су жануарларын пайдаланушы болып табылатын
________________________________________________________ бекітілген
заңды тұлға атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні (толық))
________________________________________________________ де аулаған
(балық шаруашылығы су тоғанының атауы (учаскесі))
Аулауға негіз _____________________________________________________
(балық аулау шарты, балық шаруашылығын жүргізу шарты,
___________________________________________________________________
балық аулауға рұқсат реквизиттері (номері, күні, кіммен берілген))
Анықтама балықтарды, олардың бөліктері мен туынды түрлерін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты алу үшін берілген.
Анықтама беру күні "____"_______________ 200__ж.
МО Қолы ________________________________________
(қызметтік тұлғаның аты-жөні)