Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 517 қаулысы

      Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орал - Каспий облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөнiндегi бассейндiк басқармасы" мемлекеттік мекемелерi базасында "Орал - Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Балқаш - Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы", "Зайсан - Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы" мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы", "Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы" мемлекеттiк мекемелерi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Солтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы", "Оңтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы" және "Орталық Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемелерi болып қайта аталсын.

      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.06.  N 310  қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 1 мамырдағы  
N 517 қаулысына     
қосымша         

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2003 жылғы 18 шілдедегі 
N 714 қаулысымен   
бекiтілген      

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi аумақтық органдарының тiзбесi

      1. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
      2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
      3. Зайсан-Ертiс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы.
      4. Батыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
      5. Солтүстiк аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
      6. Оңтүстік аймақтық балық инспекциясы басқармасы.
      7. Орталық-Шығыс аймақтық балық инспекциясы басқармасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады