Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 129 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4280. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы N 76 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.05.26.  N 76  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-т.  қараңыз) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесі бекітілсін.

      2. Агенттік Басқармасының "Кредиттік бюроларды лицензиялау және инспекциялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 249  қаулысының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3108 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің N 14 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны кредиттік бюроларға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының            
2006 жылғы 17 маусымдағы      
N 129 қаулысымен бекітілген    

Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесі

      Осы Ереже  "Лицензиялау туралы"  (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң),  "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы"  (бұдан әрі - Кредиттік бюролар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және кредиттік бюроларды лицензиялау талаптары мен тәртібін белгілейді.

      1. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер тұлға Кредиттік бюролар туралы заңның  9-бабының  1-тармағында көзделген құжаттарды қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді.

      2. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны уәкілетті орган береді.

      3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден Кредиттік бюролар туралы заңның  10-бабында  көзделген негіздер бойынша бас тартылады.

      4. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді.

      5. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілген кезде және қайта ресімделген кезде төлем мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалатын лицензиялық алым өндіріп алынады.

      6. Лицензияны жоғалтқан және қайта ресімдеген кезде Лицензиялау туралы заңда көзделген тәртіппен кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия телнұсқасы алынады.

      7. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамаларында айқындалған тәртіппен шешіледі.

Об утверждении Правил лицензирования кредитных бюро

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 17 июня 2006 года N 129. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июля 2006 года N 4280. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 мая 2008 года N 76

       Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26.05.2008  N 76  (порядок введения в действие см.  п. 3 ).

      В целях приведения нормативных правовых актов в соответствие с законодательством Республики Казахстан, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила лицензирования кредитных бюро.
      2. Признать утратившим силу  постановление  Правления Агентства от 21 августа 2004 года N 249 "Об утверждении Правил лицензирования и инспектирования кредитных бюро" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 3108, опубликованное в 2005 году в Бюллетене нормативных правовых актов Республики Казахстан, N 14).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Управлению лицензирования (Жумабаева З.С.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня введения в действие настоящего постановления довести его до сведения кредитных бюро, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана", банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций и заинтересованных подразделений Агентства.

      5. Отделу международных отношений и связей с общественностью Агентства (Пернебаев Т.Ш.) обеспечить публикацию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Узбекова Г.Н.

      Председатель

Утверждены                 
постановлением Правления Агентства   
Республики Казахстан по регулированию  
и надзору финансового рынка       
и финансовых организаций        
от 17 июня 2006 года N 129       

  Правила
лицензирования кредитных бюро

      Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " О лицензировании " (далее - Закон о лицензировании),  " О кредитных бюро  и формировании и кредитных историй в Республике Каахстан" (далее - Закон о кредитных бюро) и устанавливают условия и порядок лицензирования кредитных бюро.

      1. Лицо, претендующее на получение лицензии на право осуществления деятельности кредитного бюро, представляет в уполномоченный орган по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган) документы, предусмотренные пунктом 1  статьи 9  Закона о кредитных бюро.

      2. Лицензия на право осуществления деятельности кредитного бюро выдается уполномоченным органом.

      3. Отказ в выдаче лицензии на право осуществления деятельности кредитного бюро производится по основаниям, предусмотренным  статьей 10  Закона о кредитных бюро.

      4. Лицензия на право осуществления деятельности кредитного бюро выдается на неограниченный срок и не подлежит передаче третьим лицам.

      5. При выдаче и переоформлении лицензии на право осуществления деятельности кредитного бюро взимается лицензионный сбор, размер и порядок уплаты которого определяется законодательством Республики Казахстан.

      6. Получение дубликата лицензии на право осуществления деятельности кредитного бюро при ее утере и переоформлении лицензии производится в порядке, предусмотренном Законом о лицензировании.

      7. Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.