Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.05.26. N 76 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Агенттік Басқармасының "Кредиттік бюроларды лицензиялау және инспекциялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 249 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3108 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің N 14 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны кредиттік бюроларға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2006 жылғы 17 маусымдағы
N 129 қаулысымен бекітілген
Кредиттік бюроларды лицензиялау ережесі
Осы Ереже "Лицензиялау туралы" (бұдан әрі - Лицензиялау туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" (бұдан әрі - Кредиттік бюролар туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және кредиттік бюроларды лицензиялау талаптары мен тәртібін белгілейді.
1. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға үміткер тұлға Кредиттік бюролар туралы заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) береді.
3. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден Кредиттік бюролар туралы заңның 10-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартылады.
4. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді.
5. Кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия берілген кезде және қайта ресімделген кезде төлем мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен айқындалатын лицензиялық алым өндіріп алынады.