Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2017 № 354 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2017 № 207 бірлескен бұйрығымен1. Қоса беріліп отырған Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш. Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оның бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының және "Қазаэронавигация" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қазақстан Республикасы |
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
2006 жылғы 25 маусым
Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерімен
(тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланыстағы
қызмет түрлерінің тізбесі
1. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кеңестігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.10.31 № 340-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.10.19 N 622 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.2. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.10.31 № 340-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.10.19 N 622 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.3. Жергілікті телефон байланысының қызмет көрсетулері.
4. Авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісінің (АТТЖ) қызмет көрсетулері.
5. Жоғарғы жиілікті диапазондағы радиобайланысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер.
6. Аэронавигациялық ақпаратты қамтитын құжаттарды басып шығару және оларды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға тарату.