Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 146, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы N 161-НҚ Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4282. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 25 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 199 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2017 № 354 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2017 № 207 бірлескен бұйрығымен

      1. Қоса беріліп отырған Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш. Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оның бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының және "Қазаэронавигация" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П. Нефедовқа және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрі


Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы


      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасы

      Ақпараттандыру және байланыс

      агенттігінің төрағасы

      2006 жылғы 25 маусым



  Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2006 жылғы 20 маусымдағы N 146 және
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2006 жылғы 20 маусымдағы N 161-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерімен
(тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланыстағы
қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуе кеңестігінде әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.10.31 № 340-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.10.19 N 622 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      2. Халықаралық ұшуды жүзеге асыратын әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.10.31 № 340-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.10.19 N 622 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      3. Жергілікті телефон байланысының қызмет көрсетулері.

      4. Авиациялық тіркелген телекоммуникациялық желісінің (АТТЖ) қызмет көрсетулері.

      5. Жоғарғы жиілікті диапазондағы радиобайланысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулер.

      6. Аэронавигациялық ақпаратты қамтитын құжаттарды басып шығару және оларды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға тарату.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады