Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 273 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4354.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.05.2021 № 487 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.05.2021 № 487 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1876 болып тiркелдi, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттiк органдарының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланды, 2002 ж., N 30, 650-құжат);

      2) "2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрыққа өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 17 қазандағы N 503 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2025 болып тiркелдi) күшi жойылған деп танылсын.

      3. Мемлекеттiк активтердi басқару әдiснамасы департаментi (Ж.Н.Айтжанова) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

      4. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2006 жылғы 26 шілдедегі
№ 273 бұйрығымен
бекітілген

Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.05.2021 № 487 (06.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы қағидалар

      1. Осы аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және "аудитор" біліктілік куәлігін алу үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестаттау – Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) аудиторлыққа кандидаттардың бiлiмiн және дағдыларын осы Қағиданың 10-тармағында көрсетiлген пәндер бойынша бiлiктiлiк емтихандар қабылдау арқылы анықтау рәсімі;

      2) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (бұдан әрі - Кәсіби кеңес) – кәсіби ұйым (кәсіби ұйымдар) құрған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым;

      3) бiлiктiлiк емтиханы (бұдан әрi – емтихан) – модульдiк тапсырманы шешу жолымен аудиторлыққа кандидаттардың бiлiмiн тексеру, білімі мен дағдыларын тексеру нысаны;

      4) модульдiк тапсырма – осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетiлген кемiнде 2 (екi) пәндi қамтитын аудиторлыққа кандидаттың аудиторлық қызмет саласында қажетті бiлiмін және дағдыларын тексеру үшін жасалған тапсырмалардың көлемi;

      5) әдеп – Заңмен белгіленген әдеп кодексінің білімі мен дағдыларын қамтитын пән.

2 тарау. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттар тапсыру

      3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жоғары білімін куәландыратын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;

      4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);

      7) тиісті "электрондық үкімет" шлюзі ақпараттық жүйелер арқылы алынған адвокатқа немесе нотариусқа біліктілік емтиханын немесе аттестаттауды тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі, адвокатқа немесе нотариусқа лицензия (бар болған жағдайда);

      8) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алынған соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

      Комиссия ұсынылған ақпаратты тексереді. Экономика және қаржы саласында өтелмеген соттылығы болған жағдайда кандидатты аудиторлыққа аттестаттауға тіркемейді.

      Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға қыстырылады, оның сыртқы бетiнде: № ___ Жеке iс, аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) ресiмдеу күнi көрсетiледi.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      4. Комиссияға құжаттардың түскен кyнi кiрiс хат-хабарлар журналында тiркеледi және кiрiс нөмiрiмен бiрге аудиторлыққа кандидаттың өтiнiшiне қойылады.

      Құжаттарды почтамен жiберу кезінде, алынған күнi тiркеледi.

      5. Бiлiктiлiк емтихандарын тапсыруға тiркелген аудиторлыққа кандидаттардың тiзiмi Комиссия төрағасының (ол болмағанда Төраға орынбасарының) өкiмiмен бекiтiледi. Жiберу туралы шешiм кандидаттың назарына аттестаттау өткiзу басталғанға дейiн екi аптадан кем болмайтын мерзiмде ауызша немесе жазбаша нысанда жеткiзiледi.

      6. Аудитор өтініш беру кезінде тегі, аты, әкесінің атын өзгерту үшін (ол болған жағдайда) Комиссия "аудитор" біліктілік куәлігінің берілген күні мен нөмірін сақтай отырып, қайта ресімдеу жолымен "аудитор" біліктілік куәлігіне өзгерістер енгізеді.

      Қағаз нысанда берілген "аудитор" біліктілік куәлігі жоғалған, бүлінген кезде аудитор "аудитор" біліктілік куәлігінің телнұсқасын алады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3 тарау. Аттестаттау өткiзу тәртiбi

      7. Жоғары бiлiмi және кем дегенде 3 (үш) жылында экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқықтық салаларда немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында еңбек өтiлi бар адамдар аттестаттауға жiберiледi.

      8. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау Комиссия жыл сайынғы бекiтiлетiн жұмыс жоспарына сәйкес жылына кемінде 2 (екі) рет жүргiзiледi.

      9. Аттестаттау өткiзу күнi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және аттестаттау өткiзуге белгiленген күнге дейiн 2 (екi) айдан кешiктiрмей Комиссия хабарлайды.

      10. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;

      басқарушылық есеп;

      қаржы және қаржы менеджменті;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);

      әдеп;

      аудит.

      Бухгалтерлік есеп және аудит саласында Associate Chartered Accountant (Эсоушиейт Чартерд Экаунтэнт) (ACA-ISAEW (Великобритания) ЭЙСИЭЙ АЙЭСЭЙИДАБЛЮ) – Қауымдастырылған Дипломды Бухгалтер, The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) –Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы, Certified Public Accountant (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (CPA (США) СИПИЭЙ) Сертификатталған Жария Бухгалтердің толық біліктіліктерінің бірі немесе The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломы бар аудиторларға кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама).

      Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Ұлыбритания) СИАЙЭМЭЙ) – Басқарушы Бухгалтерлердің Дипломды Институты толық біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);

      әдеп;

      аудит.

      Бухгалтерлік есеп саласындағы Institute of Financial Accountants (Институт оф Файнаншл Экаунтэнтс) (IFA Ұлыбритания) АЙФИЭЙ) – Қаржылық Бухгалтерлер Институты, Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Халықаралық Қаржылық Есептілік Саласындағы Диплом толық біліктіліктерінің бірі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      басқарушылық есеп;

      қаржы және қаржы менеджменті;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнама);

      әдеп;

      аудит.

      Адвокатқа немесе нотариусқа, не судьяға біліктілік емтиханын тапсырған, не лицензиясы бар, не аттестаттаудан өткен аудиторларға кандидаттар "құқық" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

      The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Дипломды Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы біліктілігінің "Қаржы және бизнесті басқару" дипломының "Бизнестің тиімділігін басқару", "Қаржылық есептілік", "Қаржы менеджменті", "Аудит және ілеспе қызметтер", "Кәсіби әдеп" сертификаттары бар аудиторларға үміткерлер тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      11. Аттестаттауды ойдағыдай аяқтаған адамдарға Комиссияның шешiмiмен "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгi және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен – әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) көрсетiлген аудитордың жеке мөрi берiледi.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      12. Комиссия берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің болуы бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым беретін кәсіби бухгалтер сертификатын алуға негіз болып табылады.

      13. Емтихан тікелей Комиссияда немесе Комиссия айқындаған оқу орталықтарында өткізіледі.

      14. Бір пән бойынша емтиханның ұзақтығы 3 (үш) сағаттан (180 минут) аспайды.

      15. Комиссия емтихандарын өткізу үшін:

      мемлекеттік және орыс тілдерінде модульдік тапсырмалар қалыптастырады;

      емтихандардың өткізілуін ұйымдастырады;

      аудиторға кандидаттардың емтихандық жұмыстарын тексерулердi және бағалауларды жүргiзедi.

      Модульдік тапсырманы дайындауға және емтихан жұмыстарын кодтауға қатысатын Комиссия мүшелері емтихан жұмыстарын тексеруге, сондай-ақ кандидаттарды емтиханға дайындауға қатыспайды.

      16. Модульдік тапсырманы дайындау жөніндегі Комиссия мүшелері әзірленген модульдік тапсырманың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

      17. Емтихандарды өткізу Комиссия бекіткен кесте бойынша жүргізіледі. Емтиханның кестесi мен өткiзiлетiн орны аттестаттаудан өтушiлерге бiрiншi емтихан басталғанға дейiн 10 (он) күнтiзбелiк күннен кем емес мерзiм iшiнде хабарланады.

      18. Емтихан жазбаша түрде модульдiк тапсырманы орындау арқылы жүргiзiледi.

      Модульдiк тапсырма теориялық сұрақтарды, практикалық тапсырмаларды, тестiлердi қоса алғанда, кемiнде 4 (төрт) тапсырманы қамтиды.

      Модульдік тапсырма аудиторлыққа кандидаттарды оқыту бағдарламасынан алынған тапсырмаларды қамтымайды.

      Модульдік тапсырмалар әр емтиханға жаңартылады. Өткен емтихандардың модульдік тапсырмалары кәсіби кеңестің интернет-ресурсында жарияланады.

      19. Модульдiк тапсырма аудиторлыққа кандидаттың қалауы бойынша мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады және орындалады.

      20. Комиссия аудиторлыққа кандидаттарды қағазбен, қаламсаппен, калькулятормен қамтамасыз етеді, сондай-ақ емтихан жұмыстарын жинауды және оларды актімен уәкілетті органның өкіліне беруді жүзеге асырады.

      Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейнетіркеу құралдарымен жабдықталады. Емтиханның бейнежазбасы 5 (бес) жыл бойы сақталады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      21. Аудиторлыққа кандидаттар емтиханнан өту кезінде басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты пайдаланбайды, үй-жайдан комиссия өкілінің еріп жүруінсіз шықпайды.

      Кандидат осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптарды бұзған кезде осы адамның емтихан процесі тоқтатылып, ол үй-жайдан шығарылады. Қадағалаушылар емтихан өту рәсімінің бұзылғаны туралы еркін нысанда акт толтырады.

      Емтихан өту рәсімін бұзылуы туралы акт жасалған кандидат бұзушылық анықталған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң емтиханды қайта тапсыруға құқылы.

      Емтиханды қайта тапсыру күні комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.

      Өткізу кезінде бұзушылық тіркелген емтихан нәтижелері күшін жояды.

      22. Модульдiк тапсырмасы бар конверттердi емтихан басталғанға дейiн 20 (жиырма) минут бұрын аудиторлыққа кандидаттар мен Комиссия мүшелерiнiң қатысуымен Комиссия төрағасы (ол болмағанда Төраға орынбасары немесе Комиссия мүшесі) ашады.

      23. Емтихандар аяқталғаннан кейiн уәкілетті органның өкілі емтихан жұмыстарына кандидаттың аты-жөнiн көрсетпей, төрт мағыналы код қою арқылы кодтайды, ол сол сәтте емтихан карточкасына көшiрiледi.

      Комиссия мүшелерінің қатысуымен Комиссия хатшысы кодтағаннан кейін аудиторлыққа кандидаттардың емтихандық жұмыстары бар жұмыс дәптерлерінің көшірмелері жасалады немесе электрондық тасығышқа сканерден өткізіледі. Көшірмелер немесе электрондық тасығыштағы сканерден өткізілген нұсқалар түпнұсқалармен салыстырылады, жеке конвертке (немесе конверттерге) салынады, олар желімделеді, мөрмен бекітіледі және Комиссия мүшелерінің, сондай-ақ уәкілетті орган өкілінің қолдарымен расталады. Осыдан кейін Комиссия төрағасы беру актісі бойынша конвертті (немесе конверттерді) уәкілетті органның өкіліне береді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      24. Емтихан жұмыстарының кодын тiкелей Комиссия отырысында Комиссия мүшесі болып табылатын уәкілетті органның өкілі Комиссия мүшелерінің қатысуымен ашады.

      Емтиханның нәтижелерін шығарғаннан кейін уәкілетті органның өкілі көшірмелерді түпнұсқалармен салыстыру үшін Комиссия мүшелерінің қатысуымен аудиторлыққа кандидаттардың емтихандық жұмыстары бар жұмыс дәптерлерінің көшірмелері бар конверттерді ашады. Уәкілетті органның өкілі салыстырып тексергеннен кейін емтихан жұмыстарын қамтитын жұмыс дәптерлерінің көшірмелері немесе сканерден өткізілген нұсқалары бар конвертті (немесе конверттерді) Комиссияға қайтарады, ол оны (оларды) емтихан күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы сақтайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      25. Емтиханды онлайн режимінде өткізу кезінде, Комиссияның қашықтықтан өткізілетін веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өзінің бағдарламасы (платформасы) болады.

      Аудиторлыққа кандидаттардың қатысуын кейіннен сәйкестендіру және растау үшін тестілеу алдында байқаушылар кандидатты жеке куәлігімен суретке түсіреді.

      Онлайн режимінде емтихан тапсыруға аудиторлыққа кандидат үміткер сондай-ақ төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді:

      1) көшіру және алдау фактісіне жол бермейтін академиялық адалдықты сақтау;

      2) компьютердің немесе ноутбуктың болуы, сондай-ақ секундына 70 (жетпіс) килобиттен кем емес жылдамдықпен интернетке қосылу мүмкіндігі;

      3) емтихан тапсыру кезінде жұмыс орнында мобильді құралдардың (пейджерлер, ұялы телефондар, планшеттер), сымды және сымсыз құлаққаптардың, шпаргалкалардың, оқулықтардың, әдістемелік әдебиеттердің, жұмыс дәптерлерінің болмауы;

      4) экранның жұмыс үстелін және кандидаттың үстеліндегі қол жетімді заттарды көрсету үшін екі камераны немесе телефоннан екінші қосылуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Комиссияға ұсыну үшін кандидаттың өзін-өзі ұстауының бейне жазбасын қамтамасыз ету;

      5) экранды емтихан формасынан басқа бағдарламаларға ауыстырмаңыз, бірлесіп қарау бағдарламаларын, әлеуметтік желілерді, мобильді қосымшаларды, жедел хабар алмасу үшін веб-қызметтерді ашпаңыз.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 24.04.2023 № 411 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4 тарау. Аттестаттау қорытындылары

      26. Емтиханның нәтижесi 100 баллдық жүйе бойынша бағаланады. Орындалған модульдiк тапсырма үшiн сомасы 75 (жетпiс бес) және одан көп балл алған кандидат емтиханды ойдағыдай тапсырған болып саналады.

      27. Аудиторлыққа кандидат осы Қағидалардың 10 тармағында көрсетілген пәндер бойынша алған оң нәтижесі, қорытынды бекітілген күннен бастап келесі 4 (төрт) жыл ішінде жарамды деп танылады.

      28. Әрбiр емтихан жұмысын бiр-бiрiне қатысы жоқ Комиссияның екi мүшесi бөлек-бөлек тексередi, оның нәтижесiнде екi қорытындының орташа арифметикалық бағасы шығарылады. Қорытындыларда 10 (он) баллдан астам айырмашылық болған кезде және нақтылауды талап ететiн жағдайларда, емтихан жұмысын Комиссия мүшелерiнiң қатарынан үшiншi тәуелсiз маман тексередi. Мұндай жағдайларда, жиынтық қорытынды орташа арифметикалық үш бағаны құрайды.

      29. Емтихан жұмыстарын тексеру және бағалау қорытындылары бойынша шешім күнтізбелік 10 (он) күннен кешiктiрмей бағалау рәсiмi аяқталғаннан кейiн Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, ол хаттамаға жазылады және отырысқа қатысушы Комиссияның барлық мүшелерi әр бетiне қол қояды.

      Комиссия емтихан жұмыстарын қамтитын жұмыс дәптерлерінің түпнұсқаларын хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жыл сақтайды.

      Емтихан қорытындылары кандидаттардың электрондық мекенжайларына жұмыстарды бағалауды бекiткеннен кейiн 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.06.2024 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      30. Аудиторлыққа әрбiр кандидаттың дербес қорытындылары оның емтихан карточкасына енгiзiледi, ол аудиторлыққа кандидаттың басқа құжаттарымен бiрге тiгiледi. Бағаға қарамастан, орындалған модульдiк тапсырмалар кандидаттарға қайтарылмайды және шағым беру кезінде, апелляциялық комиссиясына танысу үшiн берiледi.

      31. Аттестаттау қорытындылары Комиссияның төрағасы (ол болмаса Төрағаның орынбасары) мен барлық, аттестацияға қатысқан мүшелерi қол қоятын хаттамаға жазылады.

      32. Комиссия әрбір емтиханның нәтижелері бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіби кеңестің басқармасына есеп береді.

5 тарау. Аппеляция тәртібі

      33. Емтихан жұмысының нәтижесімен келіспеу кезінде, аудиторлыққа кандидаттар емтихан нәтижелерін қайта тексеру туралы өтініш беру арқылы шағым түсіреді.

      34. Емтихан бағасы жөнiнде шағымдану емтихан қорытындылары туралы жазбаша хабарланған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей апелляциялық комиссияға жазбаша түрде беріледі.

      35. Шағым аудиторлыққа кандидаттың қатысуынсыз 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қаралады.

      36. Апелляциялық комиссия қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) емтихан Комиссиясының шешімі бекітілсін;

      2) емтихан Комиссиясының шешімін өзгерту. Алынған балдарды төмендету бағытында қайта есептеуге болмайды.

      37. Шағым берген аудиторлыққа кандидаттың емтихан жұмысымен, сондай-ақ апелляциялық комиссиясының шешiмі шығарылғаннан кейiн, апелляциялық комиссиясының бағалау қорытындыларымен танысады. Қайталама шағым қарауға қабылданбайды.

      38. Аудиторлыққа кандидат апелляциялық комиссияның шешімен келіспеу кезінде сот тәртібімен шағым жасайды.

Об утверждении Правил проведения аттестации кандидатов в аудиторы

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2006 года № 273. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2006 года № 4354.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра финансов РК от 25.05.2021 № 487 (вводится в действие с 06.07.2021).

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об аудиторской деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аттестации кандидатов в аудиторы (далее - Правила).

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Министра финансов РК от 25.02.2010 № 88 (порядок введения в действие см. п. 3); внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра финансов РК от 25.05.2021 № 487 (вводится в действие с 06.07.2021).

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 мая 2002 года N 248 "Об утверждении Квалификационных требований к аттестации кандидатов в аудиторы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1876, опубликован в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2002 г., N 30, ст. 650);

      2) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 октября 2002 года N 503 "О внесении изменения в приказ от 30 мая 2002 года N 248" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2025).

      3. Департаменту методологии управления государственными активами (Айтжанова Ж.Н.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и официальное опубликование в установленном законодательством порядке.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 24 ноября 2006 года.

Министр



  Утверждены приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 26 июля 2006 года № 273

Правила проведения аттестации кандидатов в аудиторы

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра финансов РК от 25.05.2021 № 487 (вводится в действие с 06.07.2021).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения аттестации кандидатов в аудиторы (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об аудиторской деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок проведения аттестации кандидатов в аудиторы для получения квалификационного свидетельства "аудитор".

      2. В настоящих правилах используются следующие понятия:

      1) аттестация – процедура определения Квалификационной комиссией по аттестации кандидатов в аудиторы (далее – Комиссия) знаний и навыков кандидатов в аудиторы посредством принятия квалификационных экзаменов по дисциплинам, указанным в пункте 10 настоящих Правил;

      2) профессиональный совет по аудиторской деятельности (далее – профессиональный совет) – не имеющая членства некоммерческая организация, учрежденная профессиональной организацией (профессиональными организациями);

      3) квалификационный экзамен (далее – экзамен) – форма проверки знаний и навыков кандидатов в аудиторы путем решения модульного задания;

      4) модульное задание – объем заданий, включающий в себя не более 2 (двух) дисциплин, указанных в пункте 10 настоящих Правил, составленный для проверки знаний и навыков кандидата в аудиторы, необходимых в аудиторской деятельности;

      5) этика – дисциплина, которая включает знания и навыки кодекса этики установленного Законом.

Глава 2. Представление документов для прохождения аттестации

      3. Для регистрации на аттестацию кандидат в аудиторы представляет в Комиссию следующие документы:

      1) заявление (на каждый экзамен) с указанием названия дисциплины (дисциплин);

      2) копия документа, удостоверяющего личность;

      3) нотариально заверенная копия документа, подтверждающая высшее образование;

      4) нотариально засвидетельствованная копия трудовой книжки или иного документа, подтверждающего стаж работы не менее 3 (трех) лет в экономической, финансовой, контрольно-ревизионной или в правовой сферах, или в области научно-преподавательской деятельности по бухгалтерскому учету и аудиту в высших учебных заведениях;

      5) нотариально заверенная копия документа, подтверждающая получение международной квалификации в области бухгалтерского учета и аудита (в случае его наличия);

      6) нотариально заверенная копия документа, подтверждающая сдачу квалификационного экзамена на должность судьи (в случае наличия);

      7) копия документа, подтверждающая сдачу квалификационного экзамена либо аттестации на адвоката или нотариуса, либо лицензия на адвоката или нотариуса, полученные из соответствующих информационных систем через шлюз "электронного правительства" (в случае наличия);

      8) справка о наличии либо отсутствии судимости, полученная из соответствующих информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      Комиссия проверяет представленную информацию. В случае наличия непогашенной судимости в сфере экономики и финансов не регистрирует на аттестацию кандидата в аудиторы.

      Все документы скрепляются в скоросшивателе, на лицевой стороне которого указывается: Личное дело № ___, фамилия, имя и отчество (при его наличии) кандидата в аудиторы, дата оформления.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 24.04.2023 № 411 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Дата поступления документов в Комиссию фиксируется в журнале входящей корреспонденции и вместе с входящим номером проставляется на заявлении кандидата в аудиторы.

      При отправлении документов почтой, регистрируется дата получения.

      5. Списки кандидатов в аудиторы, зарегистрированных на сдачу экзаменов, утверждаются распоряжением Председателя Комиссии (в его отсутствие заместителем Председателя). Решение о допуске доводится до сведения кандидата не позднее, чем за 2 (две) недели до начала проведения экзаменов в устной или письменной форме.

      6. При обращении аудитора для смены фамилии, имени, отчества (при его наличии) Комиссия вносит изменения в квалификационное свидетельство "аудитор" путем переоформления с сохранением даты выдачи и номера квалификационного свидетельства "аудитор".

      При утере, порче квалификационного свидетельства "аудитор", выданного в бумажной форме, аудитор получает дубликат квалификационного свидетельства "аудитор".

      Сноска. В пункт 6 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок проведения аттестации

      7. К аттестации допускаются лица, имеющие высшее образование и трудовой стаж не менее 3 (трех) лет в экономической, финансовой, контрольно-ревизионной или в правовой сферах или в области научно-преподавательской деятельности по бухгалтерскому учету и аудиту в высших учебных заведениях.

      8. Аттестация кандидатов в аудиторы проводится не менее 2 (двух) раз в год, в соответствии с ежегодно утверждаемым планом работ Комиссии.

      9. Дата проведения аттестации публикуется в средствах массовой информации и сообщается Комиссией, не позднее, чем за 2 (два) месяца до установленной даты проведения аттестации.

      10. Кандидаты в аудиторы сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      финансовый учет и отчетность по международным стандартам финансовой отчетности;

      управленческий учет;

      финансы и финансовый менеджмент;

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство);

      этика;

      аудит.

      Кандидаты в аудиторы, имеющие одну из полных квалификаций Associate Chartered Accountant (Эсоушиейт Чартерд Экаунтэнт) (ACA-ISAEW (Великобритания) ЭЙСИЭЙ АЙЭСЭЙИДАБЛЮ) – Ассоциированный Дипломированный Бухгалтер, The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Ассоциация Дипломированных Сертифицированных Бухгалтеров, Certified Public Accountant (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (CPA (США) СИПИЭЙ) – Сертифицированный Публичный Бухгалтер или диплом "Финансы и управление бизнесом" квалификации The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Ассоциация Дипломированных Сертифицированных Бухгалтеров в области бухгалтерского учета и аудита сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство).

      Кандидаты в аудиторы, имеющие полную квалификацию Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Великобритания) СИАЙЭМЭЙ) – Дипломированный Институт Управленческих Бухгалтеров в области бухгалтерского учета и аудита сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      финансовый учет и отчетность по международным стандартам финансовой отчетности;

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство);

      этика;

      аудит.

      Кандидаты в аудиторы, имеющие одну из полных квалификаций Institute of Financial Accountants (Институт оф Файнаншл Экаунтэнтс) (IFA (Великобритания) АЙФИЭЙ) – Институт Финансовых Бухгалтеров, Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Диплом в области Международной Финансовой Отчетности в области бухгалтерского учета сдают экзамены по следующим дисциплинам:

      управленческий учет;

      финансы и финансовый менеджмент;

      налоги;

      право (гражданское право, банковское дело, страховое и социальное законодательство);

      этика;

      аудит.

      Кандидаты в аудиторы, сдавшие квалификационный экзамен либо прошедшие аттестацию на адвоката или нотариуса, либо судью, либо имеющие лицензию освобождаются от сдачи экзамена по дисциплине "право".

      Кандидаты в аудиторы, имеющие сертификаты: "Управление эффективностью бизнеса", "Финансовая отчетность", "Финансовый менеджмент", "Аудит и сопутствующие услуги", "Профессиональная этика" диплома "Финансы и управление бизнесом" квалификации The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Ассоциации Дипломированных Сертифицированных Бухгалтеров освобождаются от сдачи соответствующих экзаменов.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Лицам, успешно завершившим аттестацию, решением Комиссии выдается квалификационное свидетельство о присвоении квалификации "аудитор", и личная печать аудитора с указанием номера квалификационного свидетельства, фамилии, имени, а также, по желанию, – отчества (при его наличии).

      Сноска. Пункт 11 - в редакции приказа Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Наличие квалификационного свидетельства о присвоении квалификации "аудитор", выданного Комиссией, является основанием для получения сертификата профессионального бухгалтера, выдаваемого аккредитованной организацией по профессиональной сертификации бухгалтеров.

      13. Экзамен проводится непосредственно в Комиссии либо в учебных центрах, определенных Комиссией.

      14. Продолжительность экзамена по одной дисциплине составляет не более 3 (трех) часов (180 минут).

      15. Для проведения экзаменов Комиссия:

      формируют модульные задания на государственном и русском языках;

      организуют проведение экзаменов;

      проводят проверку и оценку экзаменационных работ кандидатов в аудиторы.

      Члены Комиссии, участвующие в составлении модульного задания и кодировании экзаменационных работ, не участвуют в проверке экзаменационных работ, а также в подготовке кандидатов к экзамену.

      16. Члены Комиссии по составлению модульного задания обеспечивают конфиденциальность разработанного модульного задания.

      17. Проведение экзаменов проводится по графику, утвержденному Комиссией. Расписание и место проведения экзаменов сообщаются кандидатам в аудиторы не менее чем за 10 (десять) календарных дней до начала первого экзамена.

      18. Экзамен проводится посредством выполнения модульного задания в письменном виде.

      Модульное задание состоит из не менее 4 (четырех) заданий, включая теоретические вопросы, практические задания, тесты.

      Модульное задание не содержит заданий из программы обучения кандидатов в аудиторы.

      Модульные задания обновляются на каждый экзамен. Модульные задания прошлых экзаменов публикуются на интернет-ресурсе профессионального совета.

      19. Модульное задание, по желанию кандидата в аудиторы, представляется и выполняется на государственном или русском языках.

      20. Комиссия обеспечивает кандидатов в аудиторы бумагой, авторучкой, калькулятором, а также осуществляет сбор экзаменационных работ и их передачу представителю уполномоченного органа по акту.

      Помещение для проведения экзамена оснащается средствами видеофиксации. Видеозапись проведения экзамена хранится в течении 5 (пяти) лет.

      Сноска. Пункт 20 - в редакции приказа Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Кандидаты в аудиторы при прохождении экзамена не разговаривают с другими лицами, не обмениваются материалами, не используют информацию на бумажных и электронных носителях, не покидают помещение без сопровождения представителя Комиссии.

      При нарушении кандидатом требований части первой настоящего пункта экзаменационный процесс такого лица приостанавливается с последующим удалением его из помещения. Наблюдателями составляется акт о нарушении процедуры прохождения экзамена в произвольной форме.

      Кандидат, в отношении которого составлен акт о нарушении процедуры прохождения экзамена, имеет право повторной сдачи экзамена по истечении 3 (трех) месяцев со дня выявления нарушения.

      Дата повторной сдачи экзамена устанавливается в соответствии с утвержденным планом работ Комиссии.

      Результаты экзамена, при проведении которого зафиксировано нарушение, аннулируются.

      22. Конверты, в которых содержатся модульные задания, вскрываются за 20 (двадцать) минут до начала экзамена Председателем Комиссии (в его отсутствие заместителем Председателя или членом Комиссии) в присутствии кандидатов в аудиторы и членов Комиссии.

      23. По окончании экзамена представителем уполномоченного органа экзаменационные работы кодируются посредством проставления четырехзначного кода без указания фамилии, имени и отчества кандидата, который тут же переносится в экзаменационную карточку.

      После кодирования секретарем Комиссии в присутствии членов Комиссии рабочие тетради, содержащие экзаменационные работы кандидатов в аудиторы, копируются или сканируются на электронный носитель. Копии или сканированные версии на электронном носителе сверяются с оригиналами, помещаются в отдельный конверт (или конверты), который заклеивается, скрепляется печатью и заверяется подписями членов Комиссии, а также представителя уполномоченного органа. После этого Председатель Комиссии передает по акту передачи конверт (или конверты) представителю уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 23 - в редакции приказа Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      24. Экзаменационные работы раскодируются представителем уполномоченного органа, являющимся членом Комиссии, в присутствии членов Комиссии непосредственно на заседании Комиссии.

      После вынесения результатов экзаменов конверт (или конверты) с копиями рабочих тетрадей, содержащих экзаменационные работы кандидатов в аудиторы, вскрываются в присутствии членов Комиссии для сверки представителем уполномоченного органа подлинности копий с оригиналами. Представитель уполномоченного органа после сверки возвращает конверт (или конверты) с копиями или сканированными версиями на электронном носителе рабочих тетрадей, содержащих экзаменационные работы, в Комиссию, которая хранит его (их) в течении 5 (пяти) лет со дня экзамена.

      Сноска. Пункт 24 - в редакции приказа Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      25. При проведении экзамена в режиме онлайн Комиссия имеет свой дистанционный веб-портал, а также свою программу (платформу), обеспечивающую непрерывный и качественный порядок проведения экзамена в режиме онлайн и обеспечивающую доступ к нему независимых наблюдателей.

      Для последующей идентификации и подтверждения участия кандидатов в аудиторы перед тестированием наблюдатели фотографируют кандидата с удостоверением личности.

      Кандидат в аудиторы, претендующий на сдачу экзамена в режиме онлайн, соответствует также всем нижеперечисленным требованиям:

      1) соблюдать академическую честность, не допускающую факт списывания и обмана;

      2) иметь компьютер или ноутбук, а также возможность подключиться к интернету с проходимостью не менее 70 (семидесяти) килобита в секунду;

      3) отсутствие на рабочем месте в часы сдачи экзамена мобильных средств (пейджеры, сотовые телефоны, планшеты), проводных и беспроводных наушников, шпаргалок, учебников, методической литературы, рабочих тетрадей;

      4) обеспечить подключение двух камер или второе подключение с телефона для демонстрации рабочего стола экрана и имеющихся предметов на столе кандидата, а также обеспечить запись видео поведения кандидата для представления Комиссии;

      5) не переключать экран с формы экзамена на другие программы, не открывать программы совместного просмотра, социальных сетей, мобильных приложений, веб-сервисов для мгновенного обмена сообщениями.

      Сноска. Пункт 25 - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 24.04.2023 № 411 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Результаты аттестации

      26. Результат экзамена оценивается по 100-балльной системе. Успешно сдавшим экзамен считается кандидат, забравший в сумме за выполненное модульное задание 75 (семьдесят пять) баллов и более.

      27. Положительный результат, полученный кандидатом в аудиторы по дисциплинам, указанным в пункте 10 настоящих Правил, признается действительным в течение 4 (четырех) последующих лет с даты утверждения результата.

      28. Каждая экзаменационная работа проверяется не менее чем двумя членами Комиссии по отдельности, независимо друг от друга, в результате выводится среднеарифметическая оценка двух результатов. При разнице результатов более 10 (десяти) баллов и в случаях, требующих уточнения, экзаменационная работа проверяется третьим независимым специалистом из числа членов Комиссии. В таких случаях итоговый результат составляет среднеарифметическая трех оценок.

      29. Решение по итогам проверки и оценивания экзаменационных работ принимается не позднее чем через 10 (десять) календарных дней после завершения процедуры оценки простым большинством голосов членов Комиссии, заносится в протокол и подписывается постранично всеми членами Комиссии, присутствующими на заседании.

      Комиссия хранит оригиналы рабочих тетрадей, содержащих экзаменационные работы, 5 (пять) лет со дня подписания протокола.

      Результаты экзамена направляются кандидатам в течении 3 (трех) рабочих дней после утверждения оценки работ на электронные адреса.

      Сноска. Пункт 29 - в редакции приказа Министра финансов РК от 26.06.2024 № 398 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      30. Индивидуальные результаты каждого кандидата в аудиторы вносятся в его экзаменационную карточку, которая подшивается с другими документами кандидата в аудиторы. Выполненные модульные задания, независимо от оценки, кандидатам не возвращаются и при подачи апелляции передаются для ознакомления в апелляционную комиссию.

      31. Результаты аттестации заносятся в протокол, который подписывается Председателем (в его отсутствие заместителем Председателя) и всеми членами Комиссии, принимавшими участие в аттестации.

      32. Комиссия по результатам каждого экзамена в течении 10 (десяти) рабочих дней представляет отчет в правление Профессионального совета.

Глава 5. Порядок апелляции

      33. При несогласии с результатом экзаменационной работы кандидаты в аудиторы подают на апелляцию, осуществляемую путем подачи заявления о повторной проверке результатов экзамена.

      34. Апелляция по поводу экзаменационной оценки подается в апелляционную комиссию в письменном виде не позднее 3 (трех) рабочих дней, следующих за днем письменного сообщения об итогах экзамена.

      35. Апелляция рассматривается без участия кандидата в аудиторы в течении 3 (трех) рабочих дней.

      36. По итогам рассмотрения апелляционная комиссия выносит одно из следующих решений:

      1) утвердить решение экзаменационной Комиссии;

      2) изменить решение экзаменационной Комиссии. Полученные баллы в сторону уменьшения не пересчитываются.

      37. Кандидат в аудиторы, подавший апелляцию, ознакамливается с экзаменационной работой, а также с результатами оценки апелляционной комиссии, после вынесения решения апелляционной комиссией. Повторная апелляция к рассмотрению не принимается.

      38. При несогласии кандидат в аудиторы обжалует решение апелляционной комиссии в судебном порядке.