2002 жылғы 30 мамырдағы N 248 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 17 қазандағы N 503 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 24 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2025. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 273 бұйрығымен.

     Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі  N 273  (қолдансқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз) бұйрығымен .
___________________________________
      "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248  бұйрығын  қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын
бiлiктілiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 248  бұйрығына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      жоғарыда көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Аудиторлыққа кандидаттар бiлiмнiң мынадай салалары бойынша емтихан тапсыру арқылы өз бiлiктiлiк деңгейiн растауы тиiс:
      - азаматтық заңнама;
      - қаржылық есеп;
      - басқарушылық есеп;
      - салық салу;
      - қаржылық менеджмент;
      - аудит.".

      2. Бухгалтерлiк және аудит әдіснамасы департаментi белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бiрiншi вице-министрi Б.Б.Жәмiшевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      

Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады