Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 875 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 желтоқсанда № 35528 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 875 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткiзу қағидасында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 643-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "аудитор" біліктілік куәлігін алу үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.".

      2. "Аудиторлардың біліктілігін арттыру Қағидаларын, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі мен нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 514 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22921 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 162) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат алу тәртібі және нысанында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидалары, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты алу тәртібі мен нысаны (бұдан әрі – Қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қаржы министрлігі туралы Ереженің 15- тармағының 162) тармақшасына сәйкес әзірленген және аудиторлардың біліктілігін арттыру тәртібін, аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификатты (бұдан әрі – сертификат) алу тәртібі мен нысанын айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидалары, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
1-қосымша
  Аудиторлардың біліктілігін
арттыру, аудиторлардың
біліктілігін арттыру
курстарынан өткені туралы
сертификатты алу тәртібі және
нысаны қағидаларына
қосымша нысаны

Аудиторлардың біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификат

      __________________________________________________________________ берілді

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      ол 20____ жылғы "___" ____________ бастап "___" ___________ қоса алғанда

      ____________________________________________________________________

      (кәсіби ұйымның және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру

      жөніндегі қызметтерді көрсету үшін өзі айқындаған ұйымның атауы)

      жалпы көлемі ___________________________________________________ сағат

      _______________________________________________________________ курсы

      бойынша біліктілігін арттырудан өтті

      __________________________________________________________________________

      (Кәсіби ұйым және (немесе) аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді

      көрсету үшін өзі айқындаған ұйым басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда), қолы)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

      Берілген күні 20___ жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 16 маусымдағы
№ 574 бұйрығымен
бекітілген

Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидалары, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы қағидалар

      1. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің осы үлгілік қағидалары, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 161) тармақшасына сәйкес әзірленді және аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің тәртібін, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын айқындайды.

      2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылаушы – сыртқы сапа бақылауын жүргізу үшін аудиторлар арасынан кәсіби ұйымның жұмыс органы және (немесе) кәсіби ұйымның кәсіби кеңестің сапасын бақылау комитеті және (немесе) атқарушы басқару органы тағайындайтын, міндетті аудит жүргізу саласында кәсіби тәжірибесі бар тұлға;

      2) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері – бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушылар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретіндерден басқа);

      3) сыртқы сапаны бақылау – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарын, Әдеп кодексін және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақталуына арналған сапаны бақылау және кәсіби кеңестің сапасын сыртқы бақылау объектілеріне қатысты кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті және (немесе) кәсіби ұйымдар кәсіби кеңестің сапасын сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты жүзеге асыратын тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде жүзеге асырылады.

      3. Сапаға сыртқы бақылау келесі кіші түрлерге бөлінеді:

      1) жоспарлы;

      2) жоспардан тыс.

      4. Сапаға жоспардан тыс сыртқы бақылау:

      1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініш кәсіби кеңес немесе кәсіби ұйыммен алған жағдайда;

      2) аудиторлар және (немесе) аудиторлық ұйымдар жұмысының нәтижелерімен келіспеген жағдайда;

      3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің бастамасы бойынша;

      4) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың қызметіне байланысты келіп түскен өтініштерге сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.

      Аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша сапаға жоспардан тыс сыртқы бақылау жүргізу туралы шешім өтініште жазылған нақты деректер қаралғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығарылады.

      5. Әрбір аудиторлық ұйым бойынша жоспарлы және (немесе) жоспардан тыс сапаға сыртқы бақылау жүргізу мерзімдерін кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті және (немесе) тиісті кәсіби ұйым бекітілген ішкі жоспарға сәйкес айқындайды. Бұл ретте кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және кәсіби ұйымның сапаға сыртқы бақылау жүргізу мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды, ал сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша бағалауды айқындау үшін – 2 (екі) айдан аспайды. Уәкілетті орган сұрау салған жағдайда сапаға сыртқы бақылау жүргізу мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайды, ал сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша бағалауды айқындау үшін – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.

      6. Жоспарлы сыртқы сапа бақылауына жататын кезең (қамту) алдыңғы сыртқы сапа бақылауының нәтижелері туралы қорытынды күнінен бастап есептеледі және 3 (үш) жылдан аспауға тиіс. Сыртқы сапа бақылауынан өту нәтижелері туралы қорытындының ресімдеу күні – бағалауды айқындау сыртқы сапа бақылау қорытындысының күні болып саналады.

2-тарау. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидалары

      7. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізу тәртібі:

      1) сапаға сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру бойынша мәселелерді;

      2) сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негізін;

      3) сапаға сыртқы бақылауды жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдерін;

      4) онда құрылтайшы және құқық белгілеуші құжаттар, лицензиялар, аудиторлардың біліктілік куәліктері, аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша құжаттар, кадрлық құрам жөніндегі құжаттар, аудит сапасына сыртқы бақылау жөніндегі ішкі құжаттар, орындалған аудиторлық тапсырмалар бойынша жұмыс құжаттары қамтылатын аудиторлық ұйымның сапасына сыртқы бақылауды жүргізуге жататын құжаттарының тізбесін;

      5) сапаға сыртқы бақылауға жататын аудит бойынша жобаларды іріктеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмайтын бақылаушыларды іріктеу өлшемшарттарын (тәуелсіздікті қамтамасыз ету);

      6) аудиторлық қызмет көрсету шартын орындауға аудиторлық ұйым жолдаған ресурстардың жеткіліктілігін;

      7) аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесін, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының, "Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 4 бұйрығының талаптарын сақталуын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23942 болып тіркелген), сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мәселелерін;

      8) жекелеген аудиторлық тапсырмалардың сапасын сыртқы бақылау мәселелерін;

      9) сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйым сапаға сыртқы бақылау жүргізу барысында қол жеткізген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;

      10) бақылаушылардың есептілігі мен аудиторлық ұйымның сапаға сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін ресімдеуді;

      11) аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін іске асыруы жөніндегі шараларды қамтиды.

      8. Аудиторлық ұйымдардың және олардың клиенттерінің мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүргізудің тәртібі:

      1) аудиторлық ұйымның өз клиенттерін оларда сапаға бақылау жүргізілетіні туралы сапаға бақылау жүргізілгенге дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жіберу, уәкілетті орган сапаны жоспардан тыс бақылау жүргізу үшін жүгінген жағдайда өз клиенттеріне кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн бұрын жазбаша хабарлама жіберуді;

      2) аудиторлық ұйымның жұмыс сапасына сыртқы тексеру жүргізу мерзімі, бақылаушылардың кандидатуралары бойынша кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетіне және (немесе) кәсіби ұйымға уәжделген қарсылықтарын ұсынуды;

      3) аудиторлық ұйымның тексеру нәтижелері туралы кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіптік ұйымның алдын ала қорытындысын сапаны сыртқы бақылау аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алуды;

      4) аудиторлық ұйымның тексеру нәтижелері туралы алдын ала қорытынды бойынша анықталған кемшіліктерге жазбаша түсініктемелер беруді;

      5) аудиторлық ұйымның тексеру нәтижелері туралы кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіптік ұйымның қорытындысын сапаны сыртқы бақылау аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде алуды;

      6) аудиторлық ұйымның кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіптік ұйымның қорытындысына, оның ішінде шағым/апелляция беру мерзімдері сыртқы сапа бақылау қорытындысын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде апелляциялық тәртіппен шағымдануды;

      7) аудиторлық ұйымның аудит жөніндегі қызметтердің сапасына сыртқы бақылауды уақтылы және толық жүргізу үшін бақылаушыларға жағдай жасауын;

      8) аудиторлық ұйымның кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйымның бақылаушыларына қажетті құжаттар мен ақпараттарды (аудитор үшін – сапаға сыртқы бақылау жүргізу кезінде қатысуы) толық көлемде, уақтылы беруге жан-жақты көмек көрсету мақсатында сапаға сыртқы бақылауды жүргізу кезіне аудиторлық ұйымның жауапты адамын (аудиторды) тағайындауды;

      9) аудиторлық ұйымның жұмыстың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпараттарды, қажет болған жағдайда кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйымның бақылаушыларының ауызша және жазбаша сұратулары бойынша толық түсініктемелер мен түсіндірмелерді толық көлемде ұсынуды;

      10) жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым "4" бағасынан төмен баға алған жағдайда кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетіне және (немесе) кәсіби ұйымға кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ оны орындау бойынша есептерді екі ай ішінде ұсынуды қамтиды.

      9. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде Қағидалар қосымшасына сәйкес аудиторлық ұйымның аудит бойынша қызметін бағалау өлшемі және бағаның анықталатын цифрлық баламасы көзделген.

      10. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижесінде айқындалған аудиторлық ұйымның бағасы кәсіби кеңестің және кәсіби ұйымның сайтында жарияланады.

      11. Сапаға жүргізілген сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдардың "2" бағасын бірнеше рет (екі рет) алуы уәкілетті органды хабардар ете отырып, аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымнан шығаруға негіз болып табылады.

      12. Сапаға жүргізілген сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша аудиторлық ұйымдардың "3" бағасын бірнеше рет (екі рет) алуы, сондай-ақ осы үлгілік қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасына сәйкес растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есепті ұсынбауы, сапаны бақылау комитетінің және (немесе) кәсіби ұйымның аудиторлық ұйымды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен кәсіби кеңестің немесе кәсіби ұйымның тиісті комитетіне жүгінуі үшін негіз болып табылады.

      13. Сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде, кәсіби ұйымға кіру туралы өтініш берген аудиторлық ұйым бұдан бұрын сапаға сыртқы бақылаудың нәтижелері бойынша Халықаралық аудит стандарттарын мен Әдеп кодексін бұзуға жол бергені үшін осы немесе басқа кәсіби ұйымнан шығарылған жағдайда оның құжаттарын кәсіби кеңестің сапаны бақылау комитетімен және (немесе) кәсіби ұйыммен алдын ала тексеріс жүргізу мәселелері көзделген.

3-тарау. Аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттары

      14. Аудиторлық және кәсіби ұйымдарға тексеру жүргізу үшін мынадай өлшемшарттардың бірі:

      1) сапаға сыртқы бақылаудың алдыңғы тексерулерінің нәтижелері;

      2) уәкілетті органның және (немесе) кәсіби кеңестің тексеру нәтижелері;

      3) Әдеп кодексін сақтамауы;

      4) өтініштердің (шағымдардың) болуы;

      5) мемлекеттік органдардан және (немесе) басқа да көздерден алынған Халықаралық аудит стандарттары, Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы ақпараттың болуы ескеріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады