"Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 сәуірде № 32362 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында:

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) жоғары білімін куәландыратын құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі;

      4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

      6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);

      7) тиісті "электрондық үкімет" шлюзі ақпараттық жүйелер арқылы алынған адвокатқа немесе нотариусқа біліктілік емтиханын немесе аттестаттауды тапсырғанын растайтын құжаттың көшірмесі, адвокатқа немесе нотариусқа лицензия (бар болған жағдайда);

      8) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алынған соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама.

      Комиссия ұсынылған ақпаратты тексереді. Экономика және қаржы саласында өтелмеген соттылығы болған жағдайда кандидатты аудиторлыққа аттестаттауға тіркемейді.

      Барлық құжаттар құжат тiгiлетiн папкаға қыстырылады, оның сыртқы бетiнде: № ___ Жеке iс, аудиторлыққа кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ресiмдеу күнi көрсетiледi.";

      10 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аудиторлыққа кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;

      басқарушылық есеп;

      қаржы және қаржы менеджменті;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы);

      әдеп;

      аудит.

      Associate Chartered Accountant (Эсоушиейт Чартерд Экаунтэнт) (ACA-ISAEW (Великобритания) ЭЙСИЭЙ АЙЭСЭЙИДАБЛЮ) – Қауымдастырылған Дипломды Бухгалтер, The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Великобритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы, Certified Public Accountant (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (CPA (США) СИПИЭЙ) – Сертификатталған Мемлекеттік Бухгалтер бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы толық біліктіліктерінің бірі бар аудиторларға кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихандар тапсырады:

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы).

      Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы Chartered Institute of Management Accountants (Чартерд Институт оф Маниджмэнт Экаунтэнтс) (CIMA (Ұлыбритания) СИАЙЭМЭЙ) – Басқарушы Бухгалтерлердің Дипломды Институты толық біліктілігі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы);

      әдеп;

      аудит.

      Бухгалтерлік есеп саласындағы Institute of Financial Accountants (Институт оф Файнаншл Экаунтэнтс) (IFA Ұлыбритания) АЙФИЭЙ) – Қаржылық Бухгалтерлер Институты, Diploma in the International Financial Reporting (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (DipIFR ACCA (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) – Халықаралық Қаржылық Есептілік Саласындағы Диплом толық біліктіліктерінің бірі бар аудиторлыққа кандидаттар келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

      басқарушылық есеп;

      қаржы және қаржы менеджменті;

      салықтар;

      құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және зейнетақы заңнамасы);

      әдеп;

      аудит.

      Адвокатқа немесе нотариусқа, не судьяға біліктілік емтиханын тапсырған, не лицензиясы бар, не аттестаттаудан өткен аудиторларға кандидаттар "құқық" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.

      "Қаржы және бизнесті басқару" The Association of Chartered Certified Accountants (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ACCA (Ұлыбритания) ЭЙСИСИЭЙ) – Сертификатталған Бухгалтерлер Қауымдастығы дипломының "Бизнестің тиімділігін басқару", "Қаржылық есептілік", "Қаржы менеджменті", "Аудит және ілеспе қызметтер", "Кәсіби әдеп" сертификаттары бар аудиторларға үміткерлер тиісті емтихандарды тапсырудан босатылады.";

      25 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Емтиханды онлайн режимінде өткізу кезінде, Комиссияның қашықтықтан өткізілетін веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өзінің бағдарламасы (платформасы) болады.

      Аудиторлыққа кандидаттардың қатысуын кейіннен сәйкестендіру және растау үшін тестілеу алдында байқаушылар кандидатты жеке куәлігімен суретке түсіреді.

      Онлайн режимінде емтихан тапсыруға аудиторлыққа кандидат үміткер сондай-ақ төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келеді:

      1) көшіру және алдау фактісіне жол бермейтін академиялық адалдықты сақтау;

      2) компьютердің немесе ноутбуктың болуы, сондай-ақ секундына 70 (жетпіс) килобиттен кем емес жылдамдықпен интернетке қосылу мүмкіндігі;

      3) емтихан тапсыру кезінде жұмыс орнында мобильді құралдардың (пейджерлер, ұялы телефондар, планшеттер), сымды және сымсыз құлаққаптардың, шпаргалкалардың, оқулықтардың, әдістемелік әдебиеттердің, жұмыс дәптерлерінің болмауы;

      4) экранның жұмыс үстелін және кандидаттың үстеліндегі қол жетімді заттарды көрсету үшін екі камераны немесе телефоннан екінші қосылуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Комиссияға ұсыну үшін кандидаттың өзін-өзі ұстауының бейне жазбасын қамтамасыз ету;

      5) экранды емтихан формасынан басқа бағдарламаларға ауыстырмаңыз, бірлесіп қарау бағдарламаларын, әлеуметтік желілерді, мобильді қосымшаларды, жедел хабар алмасу үшін веб-қызметтерді ашпаңыз.";

      29 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Барлық емтихандар бойынша бағалау рәсiмi аяқталғаннан кейiн 10 (он) күннен кешiктiрмей бағаны бекiту туралы шешiм Комиссия мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады, ол хаттамаға жазылады және отырысқа қатысушы Комиссияның барлық мүшелерi әр бетiне қол қояды.

      Емтихан қорытындылары жұмыстарды бағалауды бекiткеннен кейiн 3 (үш) жұмыс күні ішінде кандидаттарға жазбаша түрде хабарланады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады