Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 208-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 212 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 5 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4373. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 25 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 199 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ.Ыбыраева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның жетекшілік ететін вице-Министрі бақылайды.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы

      Көлік және коммуникация

      министрі

      Қазақстан Республикасы

      Табиғи монополияларды

      реттеу агенттігі төрағасының

      міндетін атқарушы

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2006 жылғы 21 тамыздағы N 212
және Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының міндетін атқарушының
2006 жылғы 18 тамыздағы N 208-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген

      Магистральдық темір жол желісінің реттеліп

      көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен,

      жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты

      қызмет түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007.11.28. N 302-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007.11.17 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2009.08.12 N 271-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2009.08.12 N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бірлескен Бұйрықтарымен.
      1. Алып тасталды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007.11.28. N 302-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007.11.17. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бірлескен бұйрығымен.

      2. Темір жол жылжымалы құрамына ағымдағы ағытпалы жөндеу жүргізу.

      3. Ұзынөлшемді рельстік бунақтарды дәнекерлеу бойынша қызмет көрсету.

      4. Локомотивтік радиостанцияларды, үздіксіз үлгідегі автоматты локомотивтік сигнал берудің қауіпсіздік приборларын және машинистің қырағылығын бақылау құрылғыларын құрастыру, жөндеу бойынша және басқа да қызметтер көрсету.

      5. Темір жол учаскелерін диагностикалық техникамен тексеру бойынша қызмет көрсету.

      6. Өрт сөндіру, қалпына келтіру техникасымен, соның ішінде кранмен қызмет көрсету.

      7. Негізгі қызметке жатпайтын темір жол көлігіндегі автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалана отырып, ақпараттық қызмет көрсету.

      8. Темір жол көлігіндегі автоматтандырылған басқару жүйелеріне дерекқорларына қол жеткізу.

      9. Магистральдық темір жол желісі операторының мұқтаждары үшін жеткізушілер әкелген тауарлы-материалдық құндылықтарды жауаптылықпен сақтау.

      10. Жол техникасының (арнаулы жылжымалы кранның) қызметін ұсыну.

      11. Телефондық және телеграфтық байланыс қызметтері.

      12. Байланыс арналарын пайдалануға беру.

      13. Сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау құрылғыларын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету.

      14. Есептеу техникасы құралдарын жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету.

      15. Локомотивтерді шығару.

      16. Локомотивтерге қосалқы бөлшектерді шығару.

      17. Жүктерді контейнерлермен және жүк вагондарымен тасымалдау.

      18. Жолаушылар және жүк вагондарын шығару.

      19. Жолаушылар және жүк вагондарына қосалқы бөлшектерді шығару.

      20. Темір жол вокзалдарының тиісті жұмысын ұйымдастыру.

      Ескерту: 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2011.06.07 № 163-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.06.10 № 352 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      21. Темір жол вокзалдарында жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және ақпарат беру объектілері, медициналық пункттер, қоғамдық тәртіпті қорғау пункттері).

      Ескерту: 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2011.06.07 № 163-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.06.10 № 352 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

Об утверждении перечня видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) магистральной железнодорожной сети

Совместный приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 18 августа 2006 года N 208-ОД и Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 21 августа 2006 года N 212. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 сентября 2006 года N 4373. Утратил силу совместным приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 25 и и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 13 апреля 2020 года № 199.

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра национальной экономики РК от 06.04.2020 № 25 и и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 13.04.2020 № 199 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях", ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень видов деятельности, технологически связанных с регулируемыми услугами (товарами, работами) магистральной железнодорожной сети.

      2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере железнодорожного транспорта и портов (Ибраева Г.К.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту административной работы и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Есиркепов Е.О.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:

      1) обеспечить в установленном законодательством порядке его официальное опубликование в средствах массовой информации;

      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой и курирующего вице - Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

Министр транспорта и


коммуникаций


Республики Казахстан


И.о. Председателя Агентства


Республики Казахстан


по регулированию


естественных монополий



  Утвержден
совместным приказом
Министра транспорта
и коммуникаций
Республики Казахстан
от 21 августа 2006 года N 212
и и.о. Председателя Агентства
Республики Казахстан
по регулированию
естественных монополий
от 18 августа 2006 года
N 208-ОД

      Сноска. Перечень с изменениями, внесеннымими совместным приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 28.11.2007 N 302-ОД и Министра транспорта и коммуникаций РК от 17.11.2007 N 240 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования); совместным приказом и.о. Председателя Агентства РК регулированию естественных монополий от 12.08.2009 № 271-ОД и и.о. Министра транспорта и коммуникаций РК от 12.08.2009 № 357.

Перечень видов деятельности, технологически связанных
с регулируемыми услугами (товарами, работами)
магистральной железнодорожной сети

      1. Исключен - совместным приказом от 28 ноября 2007 года N 302-ОД и от 17 ноября 2007 года N 240 (вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Проведение текущего отцепочного ремонта железнодорожного подвижного состава.

      3. Оказание услуг по сварке длинномерных рельсовых плетей.

      4. Оказание услуг по монтажу, ремонту и обслуживанию локомотивных радиостанций, приборов безопасности автоматической локомотивной сигнализации непрерывного типа и устройств контроля бдительности машиниста.

      5. Оказание услуг по проверке участков железнодорожных путей диагностической техникой.

      6. Оказание услуг пожарной, восстановительной техники, в том числе крана.

      7. Информационные услуги с использованием автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте, не относящиеся к основной деятельности.

      8. Доступ к базам данных автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте.

      9. Ответственное хранение товарно-материальных ценностей для нужд оператора магистральной железнодорожной сети от поставщиков.

      10. Предоставление услуг путевой техники (специального подвижного состава).

      11. Услуги телефонной и телеграфной связи.

      12. Предоставление в пользование каналов связи.

      13. Техническое обслуживание и ремонт устройств сигнализации, централизации, блокировки.

      14. Ремонт, техническое обслуживание средств вычислительной техники и сопровождение программного обеспечения.

      15. Производство локомотивов.

      16. Производство запасных частей к локомотивам.

      17. Перевозка грузов в контейнерах и грузовых вагонах

      18. Производство пассажирских и грузовых вагонов.

      19. Производство запасных частей к пассажирским и грузовым вагонам.

      20. Организация надлежащей работы железнодорожных вокзалов.

      Сноска. Перечень дополнен пунктом 20 в соответствии с совместным приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 07.06.2011 № 163-ОД и Министра транспорта и коммуникаций РК от 10.06.2011 № 352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Обеспечение сервисного обслуживания пассажиров на железнодорожных вокзалах (билетные кассы, помещения для ожидания, санитарно-бытовые помещения и объекты информационного обслуживания, медицинские пункты, пункты охраны общественного порядка).

      Сноска. Перечень дополнен пунктом 21 в соответствии с совместным приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 07.06.2011 № 163-ОД и Министра транспорта и коммуникаций РК от 10.06.2011 № 352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).