Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1–бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 212 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы N 208-НҚ бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4373 тіркелген, 2006 жылғы 15 қыркүйекте N 166 (972) "Заң газетінде" және 2006 жылғы 7 қазанда N 41 (302) "Ресми газетте" жарияланған) "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы N 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы N 212 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 28 қарашадағы N 302-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 17 қарашадағы N 240 бірлескен бұйрығымен өзгеріс пен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5039 тіркелген, 2008 жылғы 9 қаңтарда N 2 (1228) "Заң газетінде", 2008 жылғы 27 наурыздағы N 1 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілерінің жинағында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі :
мынадай мазмұндағы 15, 16, 17, 18, 19-тармақтармен толықтырылсын:
"15. Локомотивтерді шығару.
16. Локомотивтерге қосалқы бөлшектерді шығару.
17. Жүктерді контейнерлермен және жүк вагондарымен тасымалдау.
18. Жолаушылар және жүк вагондарын шығару.
19. Жолаушылар және жүк вагондарына қосалқы бөлшектерді шығару.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациясының вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Табиғи монополияларды реттеу | |
агенттігі төрағасының | |
атқарушы | |
____________Қ. Смағұлов | |
Қазақстан Республикасы | |
Көлік және коммуникация | |
министрінің міндетін | |
міндетін атқарушы | |
__________Д. Көтербеков |