Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Темір жол көлігі және порттар саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Г.Қ.Ыбыраева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникацияның жетекшілік ететін вице-Министрі бақылайды.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрі
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
міндетін атқарушы
Магистральдық темір жол желісінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен,
жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты
қызмет түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007.11.28. N 302-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007.11.17 N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз), 2009.08.12 N 271-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2009.08.12 N 357 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) Бірлескен Бұйрықтарымен.1. Алып тасталды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2007.11.28. N 302-НҚ, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007.11.17. N 240 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бірлескен бұйрығымен.
2. Темір жол жылжымалы құрамына ағымдағы ағытпалы жөндеу жүргізу.
3. Ұзынөлшемді рельстік бунақтарды дәнекерлеу бойынша қызмет көрсету.
4. Локомотивтік радиостанцияларды, үздіксіз үлгідегі автоматты локомотивтік сигнал берудің қауіпсіздік приборларын және машинистің қырағылығын бақылау құрылғыларын құрастыру, жөндеу бойынша және басқа да қызметтер көрсету.
5. Темір жол учаскелерін диагностикалық техникамен тексеру бойынша қызмет көрсету.
6. Өрт сөндіру, қалпына келтіру техникасымен, соның ішінде кранмен қызмет көрсету.
7. Негізгі қызметке жатпайтын темір жол көлігіндегі автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалана отырып, ақпараттық қызмет көрсету.
8. Темір жол көлігіндегі автоматтандырылған басқару жүйелеріне дерекқорларына қол жеткізу.
9. Магистральдық темір жол желісі операторының мұқтаждары үшін жеткізушілер әкелген тауарлы-материалдық құндылықтарды жауаптылықпен сақтау.
10. Жол техникасының (арнаулы жылжымалы кранның) қызметін ұсыну.
11. Телефондық және телеграфтық байланыс қызметтері.
12. Байланыс арналарын пайдалануға беру.
13. Сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау құрылғыларын жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету.
14. Есептеу техникасы құралдарын жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету.
15. Локомотивтерді шығару.
16. Локомотивтерге қосалқы бөлшектерді шығару.
17. Жүктерді контейнерлермен және жүк вагондарымен тасымалдау.
18. Жолаушылар және жүк вагондарын шығару.
19. Жолаушылар және жүк вагондарына қосалқы бөлшектерді шығару.
20. Темір жол вокзалдарының тиісті жұмысын ұйымдастыру.
Ескерту: 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2011.06.07 № 163-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.06.10 № 352 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.21. Темір жол вокзалдарында жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және ақпарат беру объектілері, медициналық пункттер, қоғамдық тәртіпті қорғау пункттері).
Ескерту: 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2011.06.07 № 163-НҚ және ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.06.10 № 352 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.