"Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 бірлескен бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының 2011 жылғы 7 маусымдағы № 163-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 352 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7035 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 25 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 199 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2020 № 25 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 13.04.2020 № 199 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1–бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 18 тамыздағы № 208-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 212 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4373 нөмірімен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 (1146 нөмірінде жарияланған)) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 20, 21-тармақтармен толықтырылсын:

      "20. Темір жол вокзалдарының тиісті жұмысын ұйымдастыру.

      21. Темір жол вокзалдарында жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету (билет кассалары, күтуге арналған үй-жайлар, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар және ақпарат беру объектілері, медициналық пункттер, қоғамдық тәртіпті қорғау пункттері).".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын Агенттіктің Заң департаменті (М.Ш. Мукушева) жарияланғаны туралы мәліметті кейіннен ұсына отырып, қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж. Қасымбекке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Табиғи монополияларды реттеу

Көлік және коммуникация

агенттігінің төрағасы

министрі

Н. Алдабергенов _________

Б. Камалиев _________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады