Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 433 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 14 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4425 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 633 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.02 N 633 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау-жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-ІІ , "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 170-III және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі N 171-ІІІ Заңдарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесi бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерiнiң басшылары (келiсiм бойынша) осы бұйрыққа сәйкес консультациялық-диагностикалық көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Емдеу-алдын алу iсi департаментiнiң директоры Б.С.Байсеркин осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментiнiң директоры Д.В.Акрачкова осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберсiн.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрi А.А.Ақановқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы 25 қыркүйектегі
N 433 бұйрығымен бекітілген

  Консультациялық-диагностикалық көмек
көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы консультациялық-диагностикалық көмек көрсету ережесі  (бұдан әрі - Ереже) азаматтарға лицензиясы болған жағдайда меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) консультациялық-диагностикалық көмек - тәулiк бойы медициналық бақылаусыз мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
      2) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдiстерiн пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде бейiндiк мамандар көрсететiн медициналық көмек;
      3) жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа технологияларын пайдалануды талап ететiн аурулар кезiнде денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейiндiк мамандар көрсететiн медициналық көмек;
      4) бейiндi маман - клиникалық бейiндегi белгiлi бiр мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық бiлiмдi медицина қызметкерi;
      5) диагностика мен емдеудің кезеңдік хаттамалары - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен медициналық көмекті көрсету кезіндегі емдеу-диагностикалық іс-шаралардың ең аз нормативтері (бұдан әрі - хаттамалар);
      6) бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманы - тәуліктік медициналық бақылаусыз дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлер: учаскелік терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, жалпы практика дәрігері (бұдан әрі - БМСК маманы);
      7) емделуші - медициналық қызметті тұтынушы болып табылатын жеке тұлға.

2. Консультациялық-диагностикалық
көмек көрсетудің тәртібі

      3. Консультациялық-диагностикалық көмек алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтері нысанында көрсетіледі.

      4. Алдын алу қызметі:
      1) БМСК мамандарымен бірлесе отырып, халықтың жекелеген топтарына алдын алу тексерулерін жүргізуді;
      2) сырқаттардың жекелеген топтарына диспансерлік бақылауды;
      3) айналасындағылар үшін қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ кәсіби ауруларды болдырмау жөніндегі алдын алу медициналық іс-шараларын өткізуді;
      4)  негізгі аурулар кезінде қауіп-қатердің мінез-құлықтық факторларының алдын алуды қоса алғанда, салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды қамтиды.

      5. Диагностикалық қызметтер:
      1) зертханалық және аспаптық зерттеулерге медициналық айғақтары бойынша емделушілерді жіберуді;
      2) уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (анықтамаларын) бере және ұзарта отырып, сырқаттардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізуді;
      3) медициналық айғақтары бойынша сырқатты мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға стационарлық емдеуге жіберуді қамтиды.

      6. Емдеу қызметі мыналарды қамтиды:
      1) емделуші қиын жағдайдан шыққанға дейін жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін шұғыл көмек көрсету;
      2) медициналық айғақтары бойынша емделушіге дәрілік заттарды тағайындау;
      3) емдеуге жатқызуды талап етпейтін жоспарлы түрде хирургиялық операцияларды жүргізу;
      4) емдеу манипуляцияларын жүргізу;
      5) медициналық айғақтар бойынша физиоемшаралар тағайындау;
      6) стоматологиялық көмек көрсету;
      7) рецептер жазып беру, оның ішінде тегін/жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
      8) тәуліктік медициналық бақылау мен емдеуді талап етпейтін сырқаттарға емдеу, алдын алу және оңалту іс-шараларын жүргізу мақсатында стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету;
      9) тасымалдауға болмайтын сырқаттарды үйде консультациялық тексеруді жүзеге асыру.

      7. Бейінді маман консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуі БМСК маманының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

      8. Консультациялық-диагностикалық көмекті бейiндi маман хаттамаларға сәйкес көрсетеді.
      Хаттамалар болмаған жағдайда диагностикалық және емдеу қызметтерінің көлемі жалпыға бірдей тәсілдерге сәйкес медициналық айғақтар бойынша белгіленеді.

      9. Бейінді маман емделушіге жүргізілген тексерулер мен емдеулер, сондай-ақ емделушіні одан әрі қарау жөніндегі ұсынымдар қорытындысын емделуші жіберілген дәрігерге жолдайды.

      10. Стационардан шығарғаннан кейін емделушіні жағдайына және ұсынымының сипатына қарай одан әрі бақылауды бейінді маман немесе БМСК маманы жүзеге асырады.

      11. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдары мынаны қамтамасыз етеді:
      1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетудi;
      2) профилактиканың, диагностика мен емдеудiң әдiстерiн, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган рұқсат берген дәрiлiк заттарды қолдануды;
      3) айналасындағыларға қауiптi болып табылатын аурулардың, сондай-ақ кәсiби аурулардың алдын алу, диагностикалау мен емдеу жөнiндегi профилактикалық медициналық iс-шараларды жүргiзудi;
      4) азаматтарға медициналық көмектiң нысандары мен түрлерi туралы тегiн, жедел және шынайы ақпарат ұсынуды;
      5) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтердi сақтауды;
      6) салауатты өмiр салтын насихаттауды және халықты гигиеналық оқытуды;
      7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара iс-қимыл мен сабақтастықты;
      8) бастапқы медициналық құжаттарды жүргiзудi, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысандар, түрлер, көлем, тәртiп пен мерзiмдер бойынша есептер тапсыруды;
      9) айналасындағыларға қауiптi болып табылатын жұқпалы аурулар, улану, психикалық және мiнез-құлықтың бұзылу жағдайлары туралы денсаулық сақтау саласындағы тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарлауды қамтамасыз етуді;
      10) практикаға уәкілетті орган ұсынған аурулардың алдын алуды, диагностиканың және емдеудің жаңа әдістерін енгізуді.

Об утверждении Правил оказания консультативно-диагностической помощи

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 сентября 2006 года № 433. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 октября 2006 года № 4425. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 2 ноября 2009 года № 633

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 02.11.2009 № 633 (порядок введения в действие см. п. 6).

      В соответствии с Законами Республики от 4 июня 2003 года N 430-II "О системе здравоохранения", от 7 июля 2006 года N 170-III "Об охране здоровья граждан" и от 7 июля 2006 года N 171-III "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания консультативно-диагностической помощи.

      2. Руководителям департаментов здравоохранения областей, городов Астана и Алматы (по согласованию) обеспечить оказание консультативно-диагностической помощи в соответствии с настоящим приказом.

      3. Директору Департамента лечебно-профилактической работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан Байсеркину Б.С. направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      4. Директору Департамента организационно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан Акрачковой Д.В. направить настоящий приказ на официальное опубликование после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Аканова А.А.

      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Министр

Утверждены приказом           
Министра здравоохранения         
Республики Казахстан           
от 25 сентября 2006 года N 433       

Правила
оказания консультативно-диагностической помощи

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания консультативно-диагностической помощи (далее - Правила) определяют порядок оказания гражданам консультативно-диагностической помощи в медицинских организациях независимо от их формы собственности и ведомственной принадлежности, при наличии соответствующей лицензии.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) консультативно-диагностическая помощь - специализированная или высокоспециализированная медицинская помощь без круглосуточного медицинского наблюдения;

      2) специализированная медицинская помощь - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами при заболеваниях, требующих специальных методов диагностики, лечения и медицинской реабилитации;

      3) высокоспециализированная медицинская помощь - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами при заболеваниях, требующих использования новейших технологий диагностики, лечения и медицинской реабилитации в медицинских организациях, определяемых уполномоченным органом в области здравоохранения;

      4) профильный специалист - медицинский работник с высшим медицинским образованием, имеющий сертификат по определенной специальности клинического профиля;

      5) периодические протокола диагностики и лечения - минимальный норматив лечебно-диагностических мероприятий при оказании медицинской помощи, утвержденный уполномоченным органом в области здравоохранения (далее - протокола);

      6) специалист первичной медико-санитарной помощи - медицинские работники, оказывающие квалифицированную медицинскую помощь без круглосуточного медицинского наблюдения: участковый терапевт, педиатр, акушер-гинеколог, врач общей практики (далее - специалист ПМСП);

      7) пациент - физическое лицо, являющееся потребителем медицинских услуг.

2. Порядок оказания консультативно-диагностической помощи

      3. Консультативно-диагностическая помощь оказывается путем предоставления профилактических, диагностических и лечебных услуг.

      4. Профилактические услуги включают:
      1) проведение совместно со специалистами ПМСП профилактических осмотров отдельных групп населения;
      2) диспансерное наблюдение отдельных групп больных;
      3) проведение профилактических медицинских мероприятий по предупреждению заболеваний, представляющих опасность для окружающих, а также профессиональных заболеваний;
      4) осуществление мероприятий по формированию здорового образа жизни, включая профилактику поведенческих факторов риска при основных заболеваниях.

      5. Диагностические услуги включают:
      1) проведение пациентам по медицинским показаниям лабораторных и инструментальных исследований;
      2) проведение экспертизы временной нетрудоспособности больных с выдачей и продлением листа (справки) о временной нетрудоспособности;
      3) направление пациента по медицинским показаниям на стационарное лечение в медицинские организации, оказывающие специализированную или высокоспециализированную медицинскую помощь.

      6. Лечебные услуги включают:
      1) оказание неотложной помощи до выхода пациента из критического состояния и/или прибытия бригады скорой медицинской помощи;
      2) назначение пациенту лекарственных средств по медицинским показаниям;
      3) проведение в плановом порядке хирургических операций, не требующих госпитализации;
      4) проведение лечебных манипуляций;
      5) назначение по медицинским показаниям физиопроцедур;
      6) оказание стоматологической помощи;
      7) выписку рецептов, в том числе на бесплатное/льготное лекарственное обеспечение;
      8) оказание стационарозамещающей медицинской помощи больным, не требующим круглосуточного медицинского наблюдения и лечения;
      9) осуществление консультативного осмотра на дому.

      7. Оказание консультативно-диагностической помощи профильным специалистом осуществляется по направлению специалиста ПМСП.

      8. Консультативно-диагностическая помощь профильным специалистом оказывается в соответствии с протоколами.
      При отсутствии протокола объем диагностических и лечебных услуг определяется по медицинским показаниям в соответствии с общепринятыми подходами.

      9. Врачу, направившему пациента на консультацию, профильный специалист предоставляет заключение, в котором указывает проведенные обследования и лечение, а также рекомендации по дальнейшему ведению пациента.

      10. После выписки из стационара дальнейшее наблюдение за пациентом в зависимости от его состояния и характера рекомендации осуществляет профильный специалист или специалист ПМСП.

      11. При оказании консультативно-диагностической помощи медицинские организации обеспечивают:
      1) качественную медицинскую помощь в соответствии с лицензией;
      2) применение методов профилактики, диагностики и лечения, а также лекарственных средств, разрешенных уполномоченным органом в области здравоохранения;
      3) проведение медицинских мероприятий по предупреждению, диагностике и лечению заболеваний, представляющих опасность для окружающих, а также профессиональных заболеваний;
      4) предоставление гражданам оперативной и достоверной информации о формах и видах медицинской помощи;
      5) соблюдение санитарно-эпидемиологических правил и норм, гигиенических нормативов;
      6) пропаганду здорового образа жизни и гигиеническое обучение населения;
      7) взаимодействие и преемственность с другими организациями здравоохранения;
      8) ведение первичных медицинских документов, представление отчетов по формам, видам, в объеме, порядке и в сроки, которые установлены уполномоченным органом ;
      9) сообщение соответствующим государственным органам в области здравоохранения о случаях инфекционных заболеваний, отравлений, психических и поведенческих расстройств, представляющих опасность для окружающих;
      10) внедрение в практику рекомендованных уполномоченным органом современных методов профилактики, диагностики и лечения заболеваний.