Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 706 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5908 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2015 № 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі;
      2) 2-қосымшаға сәйкес Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2412 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу мен есепке алу Ережесін және Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 479 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 12 қарашадағы  
N 706 бұйрығына 1-қосымша 

Қазақстан Республикасы халқының арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі

      1. Халықтың арасында жұқпалы және паразиттік ауруларды есепке алу науқастың тұрақты тұрғылықты жеріне қарамастан науқасты тіркеу орны бойынша жүргізіледі.
      2. Емдеу-алдын алу ұйымдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында жеке есепке алуға Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесіне сәйкес (осы бұйрыққа қосымша) барлық жұқпалы және паразиттік аурулар жатады.
      Жеке есепке алынуға жататын әрбір ауру жағдайына (күдікті) шұғыл хабарлама толтырылады, ол 12 сағат ішінде аурудың тіркелген жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жіберіледі. Бұдан басқа, жедел тәртіппен телефон арқылы ақпарат беріледі.
      3. Карантиндік аурулар, алапес, тері аурулары мен жыныстық жолмен берілетін тері аурулары, туберкулез, АҚТҚ-дан туындайтын аурулар:
      1) оба, тырысқақ, сары қызба аурулар мен оларға күдікті әрбір жағдай туралы науқасты анықтаған медицина қызметкері шұғыл хабарлама жасайды, оны 3 күнтізбелік күннің ішінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жібереді. Бұдан басқа, телефон, телетайп, модем байланыстары арқылы кейіннен жазбаша түрде растай отырып, жоғарыда тұрған денсаулық сақтау органдарына (облыстық басқармалар, департаменттер, Денсаулық сақтау министрлігі) кезектен тыс хабарлама жібереді. Телефон, телетайп, модем байланыстары арқылы жіберілетін хабарламада аурудың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілмейді;
      2) өмірінде ең алғашқы рет қойылған алапес ауруының және алапес рецидивінің әрбір жағдайы туралы үш данада арнайы хабарлама жасайды. Бір данасы лепрозорийдің эпидемиология бөлімінде қалады, екіншісі - 3 күнтізбелік күннің ішінде облыстық тері-венерология диспансеріне беріледі, үшіншісі - 5 күнтізбелік күннің ішінде тері-венерология ғылыми-зерттеу институтына жіберіледі;
      3) сифилис, гонорея, хламидий инфекциялары, трихофития, микроскопия, фавус, қышыма аурулардың әрбір жағдайына хабарлама толтырылады. Хабарлама 3 күнтізбелік күннің ішінде аудандық (қалалық) тері-венерология диспансеріне (бөлімшесі, кабинеті) жіберіледі.
      Аудандық (қалалық) тері-венерология диспансері (бөлімшесі, кабинеті) ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күнінде телефон арқылы алынған хабарлама негізінде сифилистің, гонореяның барлық түрлерімен, хламидий инфекциясымен ауыратыны алғашқы рет анықталған науқастардың саны туралы жиынтық мәліметтерді аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына хабарлайды.
      Өмірінде алғашқы рет микроспориямен, трихофитиямен, фавуспен және қышымамен ауырады деген диагноз қойылған науқасқа (күдікті) диагнозды (күдіктену) қойған мезеттен бастап 24 сағат ішінде науқастың тұрғылықты жеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына N 089/е нысаны бойынша жіберілетін хабарламаның екінші данасы толтырылады;
      4) өмірінде алғашқы рет кез келген ағзаның белсенді туберкулезімен ауырады деген диагноз қойылған әрбір науқасқа хабарлама толтырылады, ол 3 күнтізбелік күннің ішінде аудандық (қалалық) туберкулезге қарсы күрес диспансеріне (бөлімшесіне, кабинетіне) және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жіберіледі.
      Туберкулездің бациллалық түрімен ауыратын науқас анықталған кезде толтырылады, ол 24 сағат ішінде науқастың тұрғылықты жеріндегі аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына қайта жіберіледі. Хабарлама тек бациллалық туберкулезге алғашқы рет диагноз қою жағдайына ғана емес, сонымен қатар белсенді емес туберкулез нысанымен ауыратын науқаста бацилла шығарылымдары анықталғанда, сондай-ақ өмірінде есепке тұрмаған науқастың туберкулезден қайтыс болған кезінде де толтырылады.
      Аудандық (қалалық) туберкулезге қарсы күрес диспансері науқастардың саны туралы деректерді салыстыру үшін ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күнінде телефон арқылы алынған хабарлама негізінде белсенді туберкулезбен ауыратыны алғашқы рет анықталған науқастардың саны туралы жиынтық мәліметтерді облыстық, қалалық (Астана, Алматы қалалары) аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына хабарлайды.
      5) АҚТҚ-ны тасымалдаушылар, АҚТҚ-дан туындайтын ауру (ЖҚТБ).
      Екінші қан сарысуы бойынша иммундық-ферменттік анализде әрбір алғашқы рет анықталған АҚТҚ-ға оң жағдайға аумақтық ЖҚТБ орталығы 3 күнтізбелік күннің ішінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына АҚТҚ инфекциясы жағдайына күдіктену туралы шұғыл хабарлама жібереді.
      Республикалық ЖҚТБ орталығының референс-зертханасынан түпкілікті нәтиже алғаннан кейін аумақтық ЖҚТБ орталығы 3 күнтізбелік күннің ішінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына АҚТҚ инфекциясы диагнозын растау немесе жою туралы жаңа шұғыл хабарлама жібереді.
      Диспансерлік есепте тұрған АҚТҚ-ны жұқтырған адамдарда "ЖҚТБ" диагнозы қойылған кезде ол туралы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына шұғыл хабарлама жіберіледі.
      Шұғыл хабарлама "қызметте пайдалану үшін" деген белгімен жабық түрде ғана жіберіледі. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты АҚТҚ-ны жұқтырған адамдар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастар туралы мәліметтермен таныс болған медицина қызметкерлері мен басқа да адамдар бұл мәліметтерді құпия сақтауға тиіс.
      Облыстық, қалалық (Астана және Алматы қалаларының) ЖҚТБ орталықтары ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күнінде телефон арқылы салыстыру үшін облыстық, қалалық (Астана және Алматы қалаларының) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына АҚТҚ-ны тасымалдаушылар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың пайда болу саны туралы жиынтық мәліметтерді хабарлайды.
      4. Емдеу-алдын алу ұйымдарында жеке есепке және санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жинақтық есепке тұмау, бірнеше жерде орналасқан немесе орналасуы нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының өткір инфекциялары, функционалды диарея жатады.
      Осы жұқпалы аурулармен ауырған жағдайларға шұғыл хабарлама жіберілмейді, оларды есепке алу амбулаториялық-емханалық ұйымдарда жүргізіледі. Амбулаторлық-емханалық ұйымдар ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 2 күні телефон арқылы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына науқастардың саны туралы жиынтық деректерді хабарлайды.
      5. Шұғыл хабарламаны меншік нысаны және ведомcтволық бағыныстылығына қарамастан, мына емдеу-алдын алу ұйымдарында ауруды анықтаған немесе оған күдіктенген дәрігер немесе орта медицина қызметкері толтырады:
      1) ауру анықталған жағдайға қарамастан, барлық ведомстволардың амбулаториялық-емханалық ұйымдарында (емханаға, науқастың үйіне барған кезде, профилактикалық тексеру кезінде және басқа да);
      2) жұқпалы ауру диагнозы стационарда қойылған кезде барлық ведомстволардың стационарларында (науқас емхана ұйымының жолдауысыз түскенде, жұқпалы ауру диагнозы басқа ауру диагнозының орнына қойылғанда, ауруханаішілік инфекция секцияда анықталған жағдайда);
      3) сот-медициналық сараптама ұйымдарында;
      4) балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының, мектептердің, жоғары оқу орындарының медицина кабинеттерінде;
      5) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында.
      6. Денсаулық сақтау жүйесінің фельдшерлік-акушерлік пункттің медицина қызметкерлері N 058/е нысаны бойынша хабарламаны екі данада жасайды: бірінші дана аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына, екіншісі - қарауында осы фельдшерлік-акушерлік пункті бар емдеу-алдын алу ұйымына (учаскелік, аудандық, қалалық ауруханаға, амбулаторияға, емханаға және басқаға) салып жіберіледі.
      7. Ұйымдастырылған балалар ұжымдарына келетін балалар арасындағы ауруларды есепке алу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына (ясли, ясли-балабақша, балалар балабақшасы, мектептер) қызмет көрсететін медицина қызметкері балаларды қараған немесе басқа да мән-жайлар кезінде ауруды осы ұйымдардың қызметкері алғашқы рет анықтаған жағдайда шұғыл хабарламаны аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына жібереді;
      2) емдеу-алдын алу ұйымының (аурухананың, емхананың) медицина қызметкері балалар ұйымдарына баратын балаларда анықтаған жұқпалы аурулар туралы мәліметтерді аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына хабарлайды (телефон арқылы және шұғыл хабарламаны жіберу жолымен);
      3) жазғы кезеңде қаладан тыс аймақта орналасқан балаларды сауықтыру ұйымдарына қызмет көрсететін медицина қызметкерлері сауықтыру ұйымының жазғы кезеңде уақытша орналасқан жері бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына шұғыл хабарлама жібереді.
      8. Жедел медициналық көмек көрсету станциясының жұқпалы ауруды анықтаған немесе оған күдіктенген медицина қызметкерлері телефон арқылы анықталған науқас туралы аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына және емханаға (амбулаторияға), науқас тұратын қызмет көрсету ауданына хабарлайды. Бұл жағдайларда шұғыл хабарламаны стационар, ауруханаға жатқызу немесе емханаға барған жағдайда ауруды үйде қарайтын дәрігер жасайды.
      9. Жұқпалы аурулармен ауыратын (жұқпалы ауруға күдікті) науқастардың стационарлық емдеуге келіп түсуі, жұқпалы ауру диагнозын нақтылау немесе өзгерту туралы ақпаратты ұсыну мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) жұқпалы аурулар ауруханасы (жұқпалы аурулар бөлімшесі бар аурухана) ауданында науқасты ауруханаға жатқызуға жіберген емдеу-алдын алу ұйымы орналасқан аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына ауру келіп түскен мезеттен бастап 12 сағат ішінде жұқпалы аурулармен ауырған науқастардың келіп түсуі туралы хабарлауға міндетті;
      2) диагнозды нақтылаған немесе өзгерткен емдеу-алдын алу ұйымы шұғыл хабарламаны толтыруға және өзгертілген (нақтыланған) диагнозды, оны айқындаған күнін, бастапқы диагноз бен зертханалық зерттеу нәтижесін көрсете отырып, 12 сағат ішінде оны аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органына салып жіберуге міндетті;
      3) аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы жедел тәртіппен ауру анықталған емдеу-алдын алу ұйымына ауруханаға жатқызу, диагнозды растау (өзгерту) туралы хабарлауға тиіс.
      10. Меншік нысанына қарамастан, барлық емдеу-алдын алу ұйымдарында, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, мектептердің, жоғары оқу орындарының медицина кабинеттерінде, сауықтыру және басқа да ұйымдарда науқас туралы мәліметтер енгізілетін жұқпалы ауруларды есепке алу журналы толтырылады.
      11. Емдеу-алдын алу ұйымдарында жұқпалы және паразиттік ауруларды тіркеу, есепке алу үшін жауапты лауазымдық тұлғалар:
      1) емдеу-алдын алу ұйымында - бас дәрігері;
      2) мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, мектептерде, балалар үйлерінде, сауықтыру ұйымдарында - осы мекеменің медицина қызметкері.
      12. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында жұқпалы және паразиттік ауруларды есепке алу бұдан әрі шұғыл хабарламамен расталатын жұқпалы ауруларды (күдіктенуді) анықтау туралы телефон арқылы берілген жедел хабарламаның негізінде жүргізіледі.
      13. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары олардың аумақтарында басқа өңірлерден келген адамдарда жұқпалы аурулар жағдайы анықталған кезде аурудың ошақтарында тиісті эпидемияға қарсы іс-шараларды (аурумен байланысты, дезинфекцияны тексеру және басқалар) жүргізу үшін науқастардың тұрғылықты тұратын жері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органын хабардар етуге тиіс.

Қазақстан Республикасы халқының
арасындағы инфекциялық,    
паразиттік аурулар жағдайларын 
      тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар
бойынша есептілікті жүргізу  
ережесіне қосымша     

Қазақстан Республикасында тіркеу мен есепке алуға жататын халқының арасындағы жұқпалы және паразиттік ауруларының тізбесі

      1) оба (А20);
      2) тырысқақ (А00);
      3) сары қызба (А95);
      4) алапес (А30);
      5) сифилистің (А50-(А53);
      6) гонококк инфекциясы (А54);
      7) хламидий инфекциясы (А55; А56);
      8) іш сүзегі (А01.0);
      9) А, В, С қылауы (А01.1-А01.4);
      10) басқа да сальмонеллез инфекциялары (А02);
      11) шигеллез (бактериялық дизентерия) (АОЗ);
      12) Yersіnіa enterocolіtіca туындаған (иерсиниоз) (А04.6; А28.2);
      13) басқа да бактериялық ішек инфекциялары (А04.0-04.5; А04.7-А04.9);
      14) басқа да бактериялық тамақтан уланулар (А05);
      15) амебиаз (А06);
      16) балантидиаз (А07.0);
      17) вирусты және басқа да нақтыланған ішек инфекциялары (А08);
      18) туляремия (А21);
      19) күйдіргі (А22);
      20) бруцеллез (А23);
      21) эризипилоид (А26);
      22) басқа да бактериялық зооноздар (А28);
      23) листериоз (А32);
      24) дифтерия (А36);
      25) көкжөтел (А37);
      26) жәншау (А38);
      27) менингококк инфекциясы (А39);
      28) сіреспе (А33-А35);
      29) адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан туындаған ауру (АҚТҚ) (В20-В24);
      30) өткір полиомиелит (А80);
      31) желшешек (В01);
      32) қызылша (В05);
      33) қызамық (В06);
      34) кене вирусты энцефалит (А84);
      35) буынаяқтылар арқылы берілетін вирусты қызбалар мен вирусты геморрагиялық қызбалар (А90-А99);
      36) вирусты гепатит (В15-В19);
      37) құтырма (А82);
      38) эпидемиялық паротит (В26);
      39) орнитоз, пситтакоз (А70);
      40) жұқпалы мононуклеоз (В27);
      41) аусыл (В08.8);
      42) риккетсиоздар (А75-А79);
      43) безгек (В50-В54);
      44) лейшманиоз (В55);
      45) лептоспироз (А27);
      46) гельминтоздар (В65-В83);
      47) педикулез (В85);
      48) легионерлер ауруы (А48.1);
      49) туберкулез (А15-А19);
      50) қышыма (В86);
      51) перинатальдық кезеңге тән жұқпалы аурулар (Р-36-Р39);
      52) көбіне босанғаннан кейінгі кезеңмен байланысты асқынулар (О85; О86; О90.0; О90.1; 091);
      53) хирургиялық және терапиялық араласу асқынулары (Т.80.2; Т.80.8; Т.80.9; Т.81.3; Т.81.4; Т.82.6; Т.82.7; Т.83.5; Т.83.6; Т.84.5-Т.84.7; Т.85.7);
      54) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышынан (АҚТҚ) туындаған белгілері жоқ жұқпа мәртебесі (Z21);
      55) іш сүзегінің қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.0);
      56) сальмонеллездің қоздырғышын тасымалдаушылығы (Z22.1);
      57) дизентерия қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.1);
      58) дифтерияның қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.2);
      59) безгектің қоздырғышын тасымалдаушылық (Z22.8);
      60) жануарлардың тістеуі, түкіріктеуі, тырнауы (W54; W55);
      61) алдын ала егуге әдеттен тыс реакциялар, егуден кейінгі асқынулар (Т88.7);
      62) тұмау (J10-J11);
      63) бірнеше жерде орналасқан немесе орналасуы нақтыланбаған жоғарғы тыныс алу жолдарының өткір инфекциялары (J06);
      64) функционалды диарея (К59.1-К59.9).

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 12 қарашадағы  
N 706 бұйрығына 2-қосымша

Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі

      1. Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу және есепке алуға Кәсіптік аурулар мен улану тізіміне (осы ереженің 1-қосымшасы) – бұдан әрі – Тізім, сәйкес жүргізіледі.
      Тізімде зиянды, қауіпті және өндірістік қолайсыз факторлардың әсер етуінің арқасында пайда болатын аурулар қарастырылған. Тізімде атқарылатын жұмыстар мен өндірістердің тізімі берілген.
      2. Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу және есепке алу үшін диагноз қойылады.
      Тез өрбіген кәсіптік ауруларды және улану диагнозын азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық, медициналық көмек көрсеткен ұйымдар, ал созылмалы кәсіптік ауруларды (улануды) - кәсіптік патология орталықтары (бұдан әрі - Орталық) немесе кәсіптік аурулар клиникасы анықтайды.
      3. Тез өрбитін кәсіптік аурулар мен улануларға зиянды және қауіпті өндірістік факторлар қанықпаның шектеу шегінен немесе рұқсат етілген деңгейден көп есе жоғары болып, бір реттен кейін (бір жұмыс ауысым ішінде) кенеттен пайда болған аурулар жатады.
      4. Созылмалы кәсіптік ауруларға (улануға) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың көп уақыт бойы әсер етуінің салдарынан пайда болған аурулар жатады. Созылмалы ауруларға (улануға) тез өрбіген, сондай-ақ созылмалы кәсіптік аурулардың жақын арадағы немесе көп уақыт өткеннен кейінгі салдары (жүйке жүйесінің, жүрек қан тамырларының, гепатобилиарлы және басқа да жүйелердің өндірістік уларымен улануының салдарынан пайда болатын тұрақты органикалық өзгерістер) жатады. Еске сақтайтын бір жағдай кәсіптік аурулардың пайда болуы зиянды және қауіпті заттармен жұмысты тоқтатқаннан кейінде (кеш пайда болатын силикоздар, бериллиоздар, қуықтың папилломалары, қатерлі ісіктер) пайда болуы мүмкін. Кәсіптік ауруларға мынандай аурулар да жатады. Ондай аурулар кәсіптік аурулардың фонында немесе олар пайда болатындай жағдай жасаған аурулар (асбестоз, силикоз немесе шаң бронхитының негізінде пайда болған өкпе обыры) жатады.
      5. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясы кәсіптік ауру және улану диагнозын қоюға арналған материалдарды:
      1) медицина ұйымының жолдама қағазы;
      2) аурудың медициналық (амбулаториялық, стационарлық) картасынан алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы, одан соң кезеңді медициналық тексерістерден өткендігі туралы және зертханалық, функционалдық тексерістер туралы толық мағлұмат;
      3) тұрған орындарынан алынған эпикриздерінің көшірмесі;
      4) толтырылған еңбек ету жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы (осы Ереженің 2-қосымшасы);
      5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болған жағдайда ғана қарайды.
      6. Кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болатын ауруларды, оның ішінде кейіннен болатын түрлері, кәсіптік аурулар мен улану жағдайлары тіркеу және есепке алуға жатады.
      7. Тез өрбіген кәсіптік аурулармен уланудың әрбір жағдайына осы ауруды анықтаған немесе ауру бар-ау деп күдіктенген дәрігер арқылы жедел хабарлама толтырады. Хабарлама 12 сағаттың ішінде тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органының басшысына (жұмыс берушіге) жіберіледі.
      8. Аурудың диагнозын анықталғанда немесе өзгергенде, оны анықтаған медицина ұйымы жаңа шұғыл хабарламаны толтырып, оны 24 сағат ішінде ауру жұмыс істейтін орынның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органының және ұйымның басшысына жібереді.  Мұндай жағдайда өзгерген (нақтыланған) диагноздың аты жазылып, оның қойылған айы, күні көрсетіледі.
      9. Жедел хабарлама жіберген медицина ұйымы бағыттау қағазынан басқа, шұғыл түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына телефон арқылы хабарлап немесе әрбір төмендегідей жағдайды электронды поштамен хабарлайды:
      1) еңбек ету қабілеті жоғалған аурулардың саны 2 және одан көп болған жағдайда тез өрбитін кәсіптік ауруды (улануды);
      2) ауырған адамның кәсіптік қызметіне байланысты күйдіргі, сарып, тырысқақ, құтырма аурулары анықталғанда.
      10. Созылмалы кәсіптік ауру (улану) туралы алғашқы рет анықтағанда хабарлама кәсіптік патология орталықтарда және кәсіптік аурулар клиникаларда толтырылады. Ауруға нақты диагноз қойылғаннан кейінгі 3 күнтізбелік күннің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына немесе ұйымға (жұмыс берушіге) және медициналық ұйымға хабарлама жіберіледі. Созылмалы кәсіптік ауру (улану) туралы алғашқы рет анықтағанда N 317/е нысаны бойынша хабарлама аурудың зиянды өндірістік факторлары әсер еткен соңғы жұмыс істеген орнына жіберіледі. Созылмалы кәсіптік ауру кәсіптік патологиялық сараптау комиссияның шешімі рәсімделген уақыттан бастап кәсіптік ауру деп саналады.
      11. Кәсіптік аурулар мен улану орын алғанда, оларды тіркеу және есепке алу жұмыстарын ауырған (зақымданған) адамның негізгі жұмыс орнындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы жүргізуі керек.
      12. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің және медициналық ұйымдардың мемлекеттік органдарында (кәсіптік патология орталықтарында) кәсіптік аурумен ауырғандар кәсіптік ауруларды (уланғандар) тіркейтін журналға тіркелу керек.
      13. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары кәсіптік аурумен (уланумен) ауырғандардың есептеу картасын жүргізіп, ондағы мәліметтер автоматтандырылған түрде талдалынуы керек.

Кәсіптік аурулар мен улану  
жағдайларын тіркеу, есепке алу,
сондай-ақ олар бойынша    
есептілікті жүргізу ережесіне
1-қосымша          

Кәсіптік аурулар мен уланудың тізімі

N

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ауруларды Х-шы қайта қарауына байланысты аурулардың халықаралық жіктелуіне сай аурулардың атауы (бұдан әрі АХЖ 10:)

Кәсіптік ауруларды тудыруға әсері бар қауіпті зиянды заттар мен өндірістік факторлар

Өндірістің атқарылатын жұмыстардың шамамен тізімі

1. Химиялық факторлардың әсерінен пайда болған аурулар

1)

Органдардың зақымдануы мен жүйелердің оқшауланған немесе бірлескен түрде өтетін жіті улануы, созылмалы уыттануы
(АХЖ 10:Т36-Т65) және олардың салдары
(АХЖ 10:Т36-Т98).

Химиялық заттар:
бастапқы шикізат, арадағы, қосалқы және ақырғы өнімдер.

Өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, көліктің, қызмет көрсетудің, әртүрлі салаларында улы әсері бар химиялық заттарды қолдану (зертханалық жұмыстарды қосып есептегенде), қайта өңдеу, алу процестерімен байланысты жұмыстың барлық түрлері


Тыныс алу органдарының ринофаринголарингиттің, эрозияның, мұрын уысындағы аралықты тесудің, кеңірдектің қабынуының, бронхтың қабынуының, пневмосклероз және басқаларының уытты зақымдануы.
(АХЖ 10:J68-J68.9).

Азот қышқылы, аммиак, азот тотықтары, изоцианаттар, кремний-органикалық қосындылар, селен, күкірт және олардың қоспалары, формальдегид, фталды ангидрид, фтор және олардың қосындылары, хлор және олардың қосындылары, хром және олардың қосындылары және басқалары.



Уытты анемия
(АХЖ 10:L64/8)

Ароматты қатардағы аминді-, нитро- және хлорқосындылары, бензол және олардың туындылары, бензол гомологтары, гекса- метилендиамин, (хлорлыорганикалық) пестицидтер, қорғасын және олардың неорганикалық қосындылары.



Ас қорыту органдарының уытты зақымдануы: бауыр мен өтті қуықтың уытты зақымдануы
(АХЖ 10:К,71, К71.0-К71.5, К82.8-К82.9, К83.8); гастрит, дуаденит, асқазандағы, ұлтабардағы эрозиялы ойықжарамен зақымдалынуы, тоқ ішектің қабынуы
(АХЖ 10:К20, К22.8 К25, К29.9; К52.1, К87.0)

Ароматты қатардағы аминді- және нитро- қосындылар, бензол және олардың туындылары (стирол), майлы қатардағы көмірсутегі галоидты туындылар, гидразин және олардың қосындылары, пестицидтер (хлорлыорганикалық), фосфор және оның қосындылары, фтор және оның қосындылары.



Уытты бүйрек дерті
(АХЖ 10:N28.9, 28.8)

Бета-нафтол, кадмий, төртхлорлы көміртек



Нерв жүйесінің уытты зақымдануы:
көптеген жүйке дерттері
(АХЖ 10:G62.2), неврозға ұқсас жағдай (АХЖ 10:G90.9), энцефалопатия
(АХЖ 10:G92)

Ароматты қатардағы аминді-, нитро- және хлорқосындылары, гексаметилендиамин, бензол және олардың туындылары (бензол гомологтары, стирол),  майлы қатардағы көмірсутек галотуындылары, гидразин және оның қосындылары, марганец, пестицидтер, сынап және оның қосындылары, күкірт- көміртек, тетраэтил- қорғасын және басқалары, фтор және оның қосындысы, фосфор және оның қосындысы, қорғасын және оның қосындысы.



Көздің уытты зақымдануы:
катаракта
(АХЖ 10:Н26.8-Н26.9);
Конъюктивит, кератоконъюктивит
(АХЖ 10:Н10.8-Н10.9, Н16.2)

Тринитротолуол, азот қышқылы, аммиак, азот тотығы, изоцианаттар, күкірт және оның қосындылары, формальдегид, фтор және оның қосындылары, хлор және оның қосындылары.



Сүйектердің уытты зақымдануы: остеопороз түрінде
(АХЖ 10:М82)

Сары фосфор және оның қосындылары, фтор және оның қосындылары


2)

Тері аурулары: эпидермоз (АХЖ 10:L18.1), жанасу арқылы пайда болған дерматит (АХЖ 10: L23, L24, L25), фотодерматит (АХЖ 10: L56), тырнақ аурулары (АХЖ 10: L60.8), паранихиялар (АХЖ 10: L60.8), уытты меланодермия (АХЖ 10:Т53), майлы фоликулиттар (АХЖ 10: L73.8)

Мұнайды, тас көмір мен тақтатастарды тасымалдағандағы өнімдер (бензин, керосин, жағатын майлар, крезол, лизол, гудрон, мазут, асфальт, пек және оның дистилляттары), хлорланған нафталиндер, қышқылдар, сілтілер, органикалық ерітінділер, гидросульфат, хлорлы әк, ауыр металдардың тұздары, күшәннің, сүрменің, формалиннің, желімнің қосындысы

Химиялық, мұнай өңдеу, машина құрылысы, металлургиялық, ағаш өңдейтін, тері-шикізаты, терівенерология, тағам өнеркәсіптік, мұнай құятын кемелерді тазалау; құрылыс, жиһаз өндірісі, шахта құрылысшылары.


Кәсіптік витилиго
(АХЖ 10: L80)

Паратретбутилфенол
Төменгі параалкил және параалкоксифенолы, 4-алпикатихиндер.

Шайырлар, лактар, эмальдар алу үшін паратретбутилфнолды өндіру және қолдану. Майлар мен отындарға құрамында фенолы бар сіңіргіштерді өндіру.

3)

Темір қызбасы (АХЖ 10:Т56), фторопласты (тефлонды) қызба (АХЖ 10:Т65.8)

Түсті металдар конденсацияларының аэрозольдары (мырыш, мыс, никель, сүрме және басқалары), қайта полимерленген аэрозольдар (фторопластар).

Түрлі-түсті металлургия, пластикалық массалар өндірісі (фторопластар) және оларды өңдеу, түсті металдан жасалған материалдарды өңдеу

2. Өнеркәсіптік аэрозольдардың әсерінен пайда болатын аурулар

1)

Пневмокониоздар:
карбокониоздар
(АХЖ 10:J60); асбестоз (АХЖ 10:J61); силикоз, талькоз
(АХЖ 10:J62); алюминоз
(АХЖ 10:J63.0), боксты фиброз (жеңіл)
(АХЖ 10: J63.1), бериллиоз
(АХЖ 10:J63.2), графитті фиброз
(АХЖ 10:J63.3), сидероз
(АХЖ 10:J63.4), станиоз
(АХЖ 10:J63.5), ажарлаушылар немесе тегістеушілер

Құрамында кремний диоксиді бар бос және байланған жағдайда шаңды, кенді, рентген сәулесін ұстайтын, көміртекті шаңды жұту, (көмір, кокс, күйе, графит және басқалары);
металдың шаңдары және олардың тотықтары, соның ішінде қатты және ауыр қорытпалар, пісіретін аэрозоль; органикалық және жасанды минералды талшық, пластмасса және соның ішінде жұтатын аэрозольды микрофлорамен көбеюінің шаңдары

Кен орындарында, шахталарда, ашық карьерлерде, байытатын және аяқталатын таукен орындары, көмір кәсіпорындары фабрикаларындағы жұмыс; кенге жатпайтын жыныстар мен материалдарды, талшықтасты және басқада силикатты, ұсақтасты өндіру мен қайта өңдеу; талшықтас цементті, құрамында талшықтас бар материалдарды (құбырлар, шифер, панельдер, тақтайлар, фрикционды, талшықтас тоқыма өнімдері) өндіру; Фарфорлыфаянсты бұйымдарды, әйнекті өндіру; Оттөзімділер мен жемірлерді өндіру және қолдану; Кокс, күйе, графиттерді өндіру, қолдану; металлургиялық және құю өндірісі; машина құрылысы; металды өңдеу, пісіру жұмыстары

2)

Биссиониоз
(АХЖ 10:J66.0)

Әртүрлі өсімдіктердің шаңын ұзақ уақыт жұту (мақта, зығыр, джут).

Тоқыма өндірісінде мақтаны, зығырды, джутты қайта өңдеу.

3)

Кәсіптік бронхит (шаңды, уытты-шаңды):
шаңды необструктивті бронхит (АХЖ 10: J41.0); Шаңды обструктивті бронхит (АХЖ 10: J44.8); Уытты-шаңды необструктивтік бронхит (АХЖ 10: J68.0); Уытты-шаңды обструктивтік бронхит (АХЖ 10: J68.0)

Жоғарыда көрсетілген шаңның барлық түрлерін, сонымен қатар өсімдіктен және жануардан шығатын органикалық шаңның барлық түрін (ұннан, дәннен, қылдан істелген, жүннен, темекіден, қағаздан, қанттан және басқалардан) жұту. Бір уақытта шаңның және химиялық факторлардың әсер етуі (түршіктіретін заттар, өзі жүретін таулы машиналардағы шығаратын газдың құрамы), соның ішінде қолайсыз микроклиматтық жағдайларға сай атылатын газдар.

4-ші бағандағы 2-ші пункттің ішіндегі көрсетілген жұмыстар, сонымен қатар өндіріс: киізбасу, ұнжарма өндірісі, қантты, фармацевтикалық, жүнді, мақтаны, зығырды және басқада қабықты дақылдарды алғашқы өңдеуден өткізу, сонымен қатар шаңбөлумен байланысы бар басқада жұмыстар.

4)

Пневмомикоздар (микотоксикоздар (АХЖ 10:В44.8, В48.8), актиномикоздар (АХЖ 10:А42.0)

Жерасты қойнауларындағы шахта суында көбейетін грибокты флорамен, жабдықтармен, өсімдіктен және жануардан шығатын органикалық шаңмен (ұнды, дәнді, жүнді, темекілі) жанасу

Кен орындары мен шахталардағы жұмыстар, шаң бөлумен атқарылатын басқада жұмыстың түрлері.

5)

Жоғарғы тыныс жолдарындағы толық дистрофиялық аурулар (созылмалы субатрофикалық және гипертрофикалық ринофарингит) (АХЖ 10:J31.0-J32.9)

3-ші бағанның, 2-ші пунктінің ішінде көрсетілгендей шаңды жұту.

4-ші бағанның, 2-ші пунктінің ішінде көрсетілгендей жұмыстар.

3. Физикалық факторлардың әсерінен пайда болатын аурулар

1)

Ионды сәуленің әсеріне байланысы бар аурулар (АХЖ 10:W88): Сәуле көзінен ауырған ауру (жедел немесе созылмалы) (АХЖ 10:W88, W90)

Біржолғы, қысқа уақытта жалпы әсер ететін сыртқы иондаушы сәуле көзі немесе біршама радиоактивтік заттардың және олардың қосындыларының организмнің ішіне енуі. Иондаушы радиацияның жүйелі түрде кәсіптік сәуле соққысының рұқсат етілген деңгейінен артық дозада әсер етуі.

Радиоактивтік заттармен және иондаушы сәуле көздерімен жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлері.


Жергілікті сәулемен зақымдану (жіті немесе созылмалы) (АХЖ 10: W88, W90)

Радиоактивті заттардың, сәуле көзінің сырттай жергілікті әсері


2)

Иондамайтын сәуле көзінің әсеріне байланысты аурулар: вегетативті тамырлы дистония, әлсіздік, әлсізвегетативтік, гипотоломиялық синдромдар (АХЖ 10: W90)

Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзінің жүйелі әсер етуі; когерентті біртүсті сәуле шығару.

Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзімен атқарылатын жұмыстардың барлық түрлері; оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері

3)

Лазерлі сәуле көзінің тіндерді жергілікті зақымдауы (тері күйіктері (АХЖ 10:L59), көздің мөлдір қабатының зақымдануы (АХЖ 10:Н18.8), көздің тор қабығы (АХЖ 10:Н35.8)

Лазерлі сәуле көзінің жергілікті әсер етуі.

Оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері.

4)

Діріл ауруы (АХЖ 10:Т75.2)

Ұзақ уақыт өндірістік жергілікті дірілдің жұмысшының қолына берілу арқылы әсері және жұмыс орынындағы жалпы дірілдің жүйелі әсер етуі

Дірілді тудыратын қол машиналарымен атқарылатын жұмыс және дірілді тудыратын машиналардағы жұмыс орындары.

5)

Нейросенсорлы құлақ мүкістігі (АХЖ 10:Н90.3; Н90.6)

Өндірістік шудың жүйелі түрде әсер етуі.

Өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, көлікте, байланыста қарқынды өндірістік шудың әсеріне байланысты атқарылатын жұмыстың барлық түрлері.

6)

Қолдың вегетативті-сенсорлы (ангионевроз) полиневропатиясы
(АХЖ 10: G62.8)

Ультрадыбыстың қолға жанасу арқылы берілуі

Ультрадыбысты дефектоскоптар және медициналық аппаратармен атқарылатын жұмыс

7)

Электроофтальмия
(МКБ 10: Н57.8)

Қарқынды түрде ультракүлгін сәуле бөлу

Қарқынды түрде ультракүлгін сәулесін бөлу жағдайында газбен және электрмен пісіруге байланысты жұмыстар

8)

Катаракта
(АХЖ 10: Н 26.8)

Сәулелі энергияның жүйелі түрде әсер етуі (инфра-қызыл, ультракүлгін сәуле бөлу, шамадан тыс жоғары жиіліктегі сәуле бөлу, рентген, гамма сәулесі, нейтрондық, протондық сәуле көздері)

Пресстеу ұстасы, электрмен пісіру және жылумен атқарылатын жұмыстар, әйнектен жасалатын бұйымдар өндірісі, иондайтын және иондамайтын сәуле көздерінің әсері бар металлургиядағы инфрақызыл сәуле көзімен байланысты жұмыстар

9)

Декомпрессиялық (кессондық) аурулар және оның салдарлары (АХЖ 10: Т 70.3)

Жоғарғы атмосфералық қысым, декомпрессиялық үрдістер

Кессонда, барокамерада атқарылатын жұмыстар, су астына сүңгу және басқа жоғарғы атмосфералық қысым жағдайындағы жұмыстар.

10)

Қызып кетуі: ыстыққа ұрынудан болатын сіреспе (АХЖ 10: Т67.0; G 40.5; G 40.6)

Жұмысшы аумағындағы жоғарғы температура және қарқынды жылу бөлу жағдайы

Терең шахталарда, мартен, темірқаңылтыр, құбыр шығаратын цехтардағы жұмыс; өнеркәсіптік пештерді жөндеу,  қазандықты, оттықты тазарту; әйнекті қайнату, басқа да жоғарғы температурада атқарылатын жұмыстар.

11)

Тарылтылған эндартериит (АХЖ 10:І73,9), вегатитивті-сенсорлы полиневропатия (ангионевроз)
(АХЖ 10:G62.8)

Жұмыс аумағындағы температураның төмендеуі

Балық өндіруші комбинаттардағы балық аулау кемесіндегі жұмыстар; мұздатқыштағы жұмыстар; геологиялық жұмыстар; ағаш дайындау жұмыстар;  ылғалды; батпақты жерлердегі жұмыстар; тор өндіруші, таукен өндірісі, сулы және мәңгі тоң аумағында жұмыстар;  шахта әдісімен мұнай өндіру және төменгі температурада жұмыс істеудің басқа түрлері

12)

Ониходистрофли
(АХЖ 10:L60.3), механикалық эпидермоздар (сүйел және т.б.)
(АХЖ 10:L60.3)

Теріні майдан тазалау, температуралық және метеорологиялық факторлар.

Тері және үлдір өңдеу өндірісі, ауыл шаруашылық жұмыстары (даладағы), кемедегі және жағалаудағы орналасқан өндірістердегі балық өңдеу жұмыстары

4. Адам ағзаларының және жүйелерінің күш түскенде және күрделігі артқанда пайда болатын аурулар

1)

Кординаторлық невроздар, оның ішінде қаламсап ұстағанда пайда болатын саусақ тартылысы
(АХЖ 10:F48.8)

Тез орындалып, жоғарғы дәлділікті талап ететін жұмыстар

Музыкалық құрал-саймандар мен клавишті аппараттардағы жұмыс;  стенография, қолмен жазу, машинамен басу, сызба жұмыстары, граверлік және көшірме жұмыстары

2)

Шеткері орналасқан нерв жүйесінің аурулары:
Моно және полиневро-патиялар, оның ішінде қолдың езілуден пайда болған және вегето-сенсорлық невропатиялары (АХЖ 10:G56, G57, G58.8 G62.8)

Иық белдеуіне, қол қозғалуы көп қайталанатын, жүйке діңгегіне қысым көрсетіп, микро жарақат беріп, денені суытып, статикалық-динамикалық жүктеме беретін жұмыстар

Тегістейтін, формалайтын, сылақ, сылау жұмыстар;
тігу, аяқ киім өндірісіндегі жұмыстар, малдарды қолмен сауу. Тау кен,  металлургия, мұнай және химия өндірісінің жұмыскерлері


Мойын-иық, бел-құйымшақ шойырлары (АХЖ 10:М54.1)

Дененің еңкеюімен байланысты жұмыстар, жұмыс кезінде мәжбүрлі жағдайда болу (алға қарай еңкею, созылып тұру, аяқты бүгіп отыру, жату т.б.) сондай-ақ боршалардың ширығуын талап ететін жұмыстар. Жалпы діріл мен соққының әсеріне ұшырататын жұмыстар.

Кен өндірісіндегі кеңістік жасау жұмыстары, тазалау забойларындағы, оның ішінде микроклиматы қолайсыз, ылғалды болғанда, дененің мәжбүрлі жағдайында түрлі ауырлықтарды тасу, көтеру арқылы жүргізілетін тіреу жұмыстары. Шахта ішіндегі көліктің жүргізушілері: жер астындағы қондырғылардың машинисі (басқарушы), жер астындағы үлкен жүк машиналарының жүргізушісі


Мойын және белқұйымшақ деңгейіндегі құйма аурулар
(АХЖ 10:М50.0, М51.0, М51.1, М50.1

Дененің еңкеюімен байланысты жұмыстар, жұмыс кезінде мәжбүрлі жағдайда болу (алға қарай еңкею, созылып тұру, аяқты бүгіп отыру, жату т.б.) сондай-ақ боршалардың ширығуын талап ететін жұмыстар. Микро және макро жарақат беретін жұмыстар.

4 бағанның 2 бөлігінде көрсетілген жұмыстар, мойын-иық, бел-құйымшақ деңгейіндегі құйма аурулар (АХЖ 10: М54.1), 4 графадағы вальцовщиктер, ұста, шегеру, кесу, құрылыс жұмыстары. Үлкен жүк машиналарының, ауыл-шаруашылық жүргізушілері. Цирктегі және тиеп түсіру жұмыстары.

3)

Тіреу және қимылдау аппараттарының аурулары: Қардың және иық белдеуінің созылмалы миофо-бриоздары, миофасциптер, фибриомифасциттер, вегетомиофасциттер (АХЖ 10:М62.8); тендовагиниттер (АХЖ 10:М65.8).

Жергілікті және аумақтық боршалардың қатысуымен істелінетін жұмыстар, бір түрлі қимылдар жасау арқылы атқарылатын жұмыстар, жылдам орындалатын жұмыстар, жүйке діңгектеріне, боршаға, байланыс тарамыстарына, сіңірге қысым түсіретін жұмыстар, олардың жарақаттануы, жүкті көтеру, қолда ұстау, қолмен немесе күш жұмсау арқылы жүктің орнын ауыстыру

Музыкалық құрал-саймандар мен клавишті  аппараттардағы жұмыс; стенография, қолмен жазу, машинамен басу, сызба жұмыстары, граверлік және көшірме жұмыстары


Тарылмалы лигаментоздар, стилоидоздар (шынтақтық, иықтық), эпикондилоздар (АХЖ 10:М77.0)

Сіңірге тұрақты түрде қысым түсіретін жұмыстар, шынтақ тұсында көп бүгуді талап етіп, бұрауды талап ететін жұмыстар, қол саусақтарын айналдыра қимылдатуды талап ететін жұмыстар.

Штамптайтын, сүйрететін, сылайтын, байлап танатын, сырлау жұмыстары, аяқ киімді пішетін, оған керекті материалдарды кесетін жұмыстар


Периартроздар (иық-жауырын, шынтақ, тізе), атқаратын қызметінің бұзылуымен білінетін пошымын өзгертетін остеоартроздар (жоғарыдағыдай); бурситтер, асептикалық остеоникроздар (АХЖ 10:М19.8)

Үлкен амплитуда арқылы айналдыра жүргізілетін жұмыстар, тиісті буындарға тұрақты түрде қысым беретін, жарақатайтын жұмыстар, тізерлеп немесе аяқты бүгіп отырып істейтін әртүрлі жұмыстар

Кен өндірісіндегі кеңістік жасау жұмыстары, бұрғылау, шатыр жабу жұмыстары, паркет дайындау, граниттен жасалатын материалдарды жасау

4)

Шатырдың төмен түсуі және қынап қабырғасының сыртқа шығуы (АХЖ 10:N81)

40 жасқа дейінгі әйелдердің босанар кезінде бұт жарақаты орын алмай, діріл әсер етіп немесе әсер етпеген жағдайда да ұзақ жылдар (10 жыл) бойы тұрақты түрде (ауысым уақытының 50 пайызынан көп болса) мәжбүрлі күйде ауыр заттарды жылжыту, көтеру.

Жүктерді қолмен немесе күш жұмсау арқылы орыннан жылжыту жұмыстары.

5)

Қабынған (тромбофлебит) немесе жылан көзбен ұштасқан аяқ көк тамырларының айтарлықтай кеңуі (АХЖ 10:183.0.-183.2)

Ұзақ уақыт бойы мәжбүрлі күйде жұмыс істеу

Ұзақ уақыт бойы түрегеп тұрып, ауыр заттарды тұрақты түрде тасу және тау кен орындарында (кен өндірісіндегі кеңістік жасау, бұрғылау, тіреу жұмыстары) жұмыс істеу, әсіресе еңістігі айтарлықтай кен орнында жұмыс істегені

6)

Дыбыс шығаратын аппараттың шамадан тыс деңгейіне жұмыс істеуінен пайда болатын аурулар: созылмалы ларингиттер, дыбыс қалақшаларындағы түйін (*әншілер түйіні) (АХЖ 10:J38.2), дыбыс қалақшаларының жанасқан жеріндегі ойық жара (АХЖ 10: J38.7), (АХЖ 10: J37)

Дыбыс шығаратын аппараттың шамадан тыс деңгейде атқаратын жұмысы орын алғанда

Оқытушы жұмысы, радиодағы, теледидардағы дикторлардың жұмысы, актерлардың вокальді сөйлесу кезіндегі жұмыстары, телефон стансаларындағы жұмыс

7)

Әрі қарай өсе беретін жақыннан көз көрмеушілік (АХЖ 10:Н52.1)

Кішкентай заттарды жақыннан ажырату үшін көру үдерісін жідететін жұмыстар

Картографиялау, электронды есептеу машиналарында жұмыс жүргізу, қымбат тастарға өңдеу жүргізіп, бет салу, оның сапасын тексеру жұмыстары, сағат жинау, корректорлық жұмыстар, оптикалық құрал-жабдықтармен  жұмыс істеу

8)

Невроздар
(АХЖ 10:F40 - F48)

Есі дұрыс емес балалармен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу.

Есі дұрыс емес ауруларды емдейтін мекемелердегі медициналық қызметкерлердің жұмысы, оның ішінде есі дұрыс емес балаларға арналған арнайы мектептердегі қызметкерлер, мұғалімдер.

5. Биологиялық факторлардың әсерінен болатын аурулар.

1)

Қызметкерлер жұмыс кезінде жанасып, байланыста болатын жұқпалы және паразитарлы аурулар:  туберкулез (АХЖ 10:А15-А19), сарып (АХЖ 10:А23), сап (АХЖ 10:А24),  күйдіргі (АХЖ 10:А22), кене энцефалиті (АХЖ 10:А84), орнитоз, сиыр сауушылардың түйіндері, токсоплазмоз (АХЖ 10:В58), вирустық гепатит (АХЖ 10:В15-В19), тері микоздары (АХЖ 10:В35-В37; В48), Розенбах эризиппелоиды (АХЖ 10:А26), қышыма (АХЖ 10:В86), сифилис (АХЖ 10:А65) және тағы басқалары (АХЖ 10:А94)

Жұқпалы аурулармен немесе жұқпамен жанасқан материалдармен немесе ауруды тасымалдаушылармен, ауру малдармен, олардан шыққан өнімдермен (тері, жүн, қылшық, ат құйрығы, еті, тері және үлдір үшін керекті шикізаттар, екінші рет өңдеуді талап ететін заттар, астық, мақта және т.б.) байланыста болған; кеміргіштермен жанасқанда, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар беттермен жанасқанда.

Жұқпалы аурулармен, туберкулезбен, тері-венерология ауруларымен күресетін диспансерлерде, туберкулезбен күресетін дәрігерлік учаскелерде, туберкулезбен ауыратындар жұмыс істейтін емдеу - еңбек ету мастерскойларында, мал шаруашылықтарында, мал дәрігерлік қызметінде, ет комбинаттарында, кондитерлік, консерві жасайтын фабрикаларда, зауыттарда, тері және үлдір жасауға керекті шикізаттарды өңдеуге аң шаруашылығы, кемедегі және жағалаудағы балық өндіретін шаруашылықта, орман шаруашылығында жасалынатын барлық жұмыстарға.

2)

Теріні ашық жерлеріндегі микоздар (АХЖ 10:В35-В49)

Шахта суы бар және жерастынан өндіретін құрал-жабдықтардың өңезді флораларымен жанасқанда

Кен өндіретін шахталардағы жұмыстар

3)

Дисбактериоз, терінің және шырышты қабақтың кандидомикоздар, ішкі органдардың кандидоздары (АХЖ 10:В37)

Антибиотиктер, өңез-продуценттері, ақуыз витамин қоспалары, малы азығының ашытқылары, құрамдас жемдер.

Микробиологиялық өндірістің әртүрлі салаларындағы жұмыстар; медициналық өндірістегі, медициналық практикада, дәріханаларда, сондай-ақ 3 бағанның 5 бабының 3) бағаншасында көрсетілген өндіру жұмыстары.

6. Аллергиялық аурулар

1)

Көз алмасының қабынуы, (АХЖ 10:Н10.1-Н10.3), ауыз қуысының қабынуы ринофарингиттер (МКБ 10:J30;J30.3)

Жанасқанда сезімталдылық білдіретін заттар мен қосындылар

әртүрлі өндірістік салалардағы аллергендермен байланысты жұмыстар (химиялық, химиялық-фармацевтік құрылыс, ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі, металлургия, таукен, мұнай және химиялық өндірістерде, резеңке-техникал ық өндірісінде, жасанды жуғыш заттар өндірісінде, машина жасау, тоқыма, қыл-шөтке жасайтын өнеркәсіптерде, үлдір өндіретін кәсіпорындарда, құрамдас жемдерді өндіретін жерлерде, ақ уыз витамин қоспалары шығаратын өндірістерде және т.б.); ауыл  шаруашылығында (құс фабрикаларында, фермаларда, пестицидтермен жұмыс істегенде); көлікте; тұрмыстық өнеркәсіп орындарында жұмыс істегенде (химиялық жолмен тазалау, шаштараздар, кір жуатын орындар); медициналық және дәріханалық мекемелердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының  институттардың, вивариялардың зертханалары.

2)

Бронх астмасы, астмадан болатын бронхит (АХЖ 10: J45.0), бронх астмасының белгілерімен білінетін дәрілік аллергия (АХЖ 10: J70.2, Т88.7), экзогенді альвеолит (АХЖ 10: J67)



3)

Эпидермоз, дерматит, экзема, токсикодермия, (АЖХ 10:L23;L24; L25; L27.0; L27.1)



4)

Квинке ісігі (АХЖ 10:Т78,3), бөртпе (АХЖ 10:L50), анафилактикалық шок (АХЖ 10:Т78.2)



5)

Токсикологиялық аллергиялық гепатит (АХЖ 10:К 71)



6)

әртүрлі эритемалар (АХЖ 10:L51)



7. Ісіктер

1)

Тері ісіктері (гиперкератоздар, эпителиомалар, папилломалар, обыр, лейкокератоздар) (АХЖ 10:С43 - С44)

Тас көмірді, мұнайды, сланецті (шайырды, қатпаны, антраценді, фенантренді,  аминоантрацинді майды, өндірістік азоқосындыларды, гудронды, парафинді және т.б.), иондағыш сәуле көздерінің әсерін (рентген, гамма сәуле көздері және басқалары), күшән.

Өндірістің әртүрлі салаларындағы 3 бағанда кездесетін заттардың әсеріне байланысты атқарылатын жұмыстардың барлық түрі; радиоактивті заттармен, басқа да иондағыш сәуле көздерімен жұмыс істегенде; күшәнмен жұмыс істегенде.

2)

Ауыз қуысының және дем алу мүшелерінің ісіктері (АХЖ 10:С04-С06, С30,0-С34.9, С38.4, С39)

Никель, хром, күшән, таскөмір шайырлардың қосындылары; асбест, асфальт, радиобелсенді кендерді және көмір сутегі, көмір пластиктер, кадмий және оның қосындылары сіңірілген шаңдар.

Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы никель, күшән, хром қосындыларын алуға арналған жұмыстар; радиоактивті кенді барлау, өндіру және өңдеу жұмыстары; асбест және құрамында асбестер, заттарды өндіргенде, резеңке-техникалық өндіріс, кадмий өндірісі, жасанды гранат алатын және одан шығатын бұйымдарды өңдейтін жұмыстар, жиһаз жасау және ағаш өңдеу өнеркәсібі.

3)

Бауыр ісіктері
(АХЖ 10:С22)

Винил-хлорид, бауыр тініне әсер ететін (полоний, торий, плутоний) радиобелсенді заттармен ұзақ түрде жанасып, байланыста болу, берил және оның қосындылары

Винилхлоридпен, берилиймен және оның қосындыларымен жұмыс істеу; радиобелсенді химиялық өнеркәсіпте жұмыс істеу.

4)

Асқазан ісіктері
(АХЖ 10:С16)

6 валентті хром қосындылары, құрамында асбест бар шаң, никель, көмірсутектері, шаңға сіңірілген бензпирен, күйе.

Хром қосындыларын, асбест және құрамында асбест бар бұйымдар, никель алғанда, никельге көмір сутегі шаңы сіңірілгенде онымен жанасып, байланыста болу, резеңке-техникалық өндіріс.

5)

Лейкоздар
(АХЖ 10:С91-С95)

Бензол, әртүрлі иондағыш радиациялық сәуле көздерінің әсері.

Бензолмен және иондағыш сәуле көздерімен жұмыс істегенде.

6)

Қуық ісіктері (папилломалар, обырлар)
(АХЖ 10:С67)

Бензол және нафталин қатарындағы аминдер (бензидин, дианизидин, нафтиламин).

өнеркәсіптің әртүрлі салаларында осы заттармен жұмыс істеу.

7)

Сүйек ісіктері
(АХЖ 10:С40-С41)

Сүйекті босаңсытатын радиобелсенді (радий, стронций, плутоний) заттармен ұзақ уақыт бойы жанасуда болуы.

Радиобелсенді химиялық өндірістерде, радиологиялық және радиохимиялық зертханаларда жұмыс істеу

8)

Бүйрек ісіктері
(АХЖ 10:С64)

Кадмий және оның қосындылары

Кадмий және оның қосындыларымен жұмыс істеу.

Кәсіптік аурулар мен улану  
жағдайларын тіркеу, есепке алу,
сондай-ақ олар бойынша есептілікті
жүргізу ережесіне      
2-қосымша          

Кәсіптік аурулар мен улануға күдікті жағдайда жұмыс істеушілердің еңбек жағдайларына санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама жасауға қойылатын талаптар

      1. Жұмысшылардың еңбек жағдайларына жасалған санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама, аурудың кәсіптік жұмысына байланысты туындағанын негіздеп шешетін негізгі құжаттардың бірі болып табылады.
      2. Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттама сол аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен жасалады және сұранымға қарай беріледі: медицина ұйымының басшысына, ауру адам жұмыс істейтін, қызмет көрсетуші ұйымның басшысына, кәсіптік патология орталығының басшысына; ауырған адамға жұмыс берген жеке және заңды тұлғаға.
      3. Еңбек жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының бланкісінде үш дана етіп толтырылып, оған бас маманның қолы қойылады, директордың (бастықтың) қолымен бекітіледі және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің (басқарманың) мөрін қою арқылы расталады.
      4. Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттаманың бірінші данасы сұраным берген ұйымға, сұраным келіп түскеннен кейін 15 күннің ішінде беріледі. Екінші данасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының іс қағаздарында сақталады. Сұранымды ауырған адамның бұрынғы жұмыс орнына қатысты басқа мекен-жайдағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына қайта жіберу керек болған жағдайда сипаттаманы жасау мерзімі созылады, бірақ сұраным түскен күннен бастап есептегенде бір айдан артпауы керек. Сипаттаманың үшінші данасы ұйымға жұмыс берушіге жіберіледі.
      5. Еңбек жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасында сипаттама берілетін жұмысшының кәсіптік тобында кәсіптік аурулардың бар немесе жоқ екенін атап өту қажет болып табылады.
      6. Өндірістік ортаның зиянды факторларымен жанасып жұмыс істеуді тоқтатқаннан кейін ауру пайда болған жағдайда (кейіннен туындаған силикоз, кейбір ісік аурулары және басқалары) және еңбек жағдайы туралы мәліметтер болмағанда (цехты, учаскені, ұйымды жойғанда, қайта жаңартқанда), аурудың туындауының негізі, зиянды факторлармен жұмыс істейтін кәсібіне байланысты екенін растайтын басқа құжаттар беріледі.
      7. Цехты, учаскені, ұйымды жойған, ауырған адамның еңбек жағдайын жаңартқан жағдайда, еңбек жағдайына берілетін санитарлық-эпидемиологиялық сипаттаманың орнына әдебиеттік мәліметтерге және басқа мекемелер жүргізген зерттеулердің қорытындыларына (ғылыми зертханалар, еңбек жағдайына жүргізілген сараптамалар) сілтеме жасалады.
      8. Санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамада жазылуға тиіс:
      1) жұмыскердің аты, жөні;
      2) туған жылы;
      3) мамандығы;
      4) лауазымы;
      5) нысанның деректемелері;
      6) жұмыс өтілі: жалпы, осы мамандықта, осы цехта (учаскеде, бөлімде, шеберханада);
      7) еңбек үрдісі факторларының сипаттамасы;
      8) өндірістік ортаның негізгі және қосымша зиянды факторларының сандық сипаттамасы;
      9) жұмыс барысын суреттеу;
      10) бұрын өндірістік ортаның қандай зиянды факторларымен қатынаста жұмыс істеген (факторлар тізімі, қай мекемеде, жұмыскердің сөзі бойынша немесе қолда бар материалдар негізінде қатынасу ұзақтығы);
      11) ауысым бойы зиянды факторлардың әсер ету уақыты;
      12) жеке қорғану құралдары және оларды пайдалану.
      9. Жұмыскердің жұмыс барысын суреттеу еңбек гигиенасы жөніндегі бас маманның тікелей жұмыс орнында таныстыруы негізінде жүргізіледі және әкімшіліктен, жұмыскердің өзінен алынған мәліметтер ескеріледі.
      10. Зиянды өндірістік факторлардың тізімі және олардың сандық сипаттамасы ағымдағы санитарлық қадағалау жүргізетін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының материалдары, зертханалық және аспаптық зерттеулердің қорытындысы негізінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда өндірістік зертханалардың зертханалық және аспаптық тексерулер қолданылады. Тексерістер қорытындысы, тексеру мерзімін көрсетіп, зиянды факторлардың деңгейіне өлшеулер жүргізген ұйымға сілтеме жасай отырып беріледі. Қосымша басқа да материалдар пайдаланылуы мүмкін, оның ішінде тексеріліп отырған учаскедегі жұмысшылардың кәсіптік аурулармен ауыру фактілерін тексеру актісі, әкімшілік өкілімен немесе сол учаскеде жұмыс істеушілермен расталған, ауырған жұмыскерлермен берілген мәліметтер. V090005908
      11. Өндірістік ортаның зиянды факторларына берілетін сандық сипаттама осы кәсіптегі жұмысының мүмкіндігінше жұмыс өтілінің үлкен кезеңіне динамика түрінде берілуі керек. Өндірістік орта мен еңбек үрдісінің негізгі жетекші факторы болып, жұмыскердің денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратын фактор есептеледі. Қосымша факторлар тізіліп жазылып және мүмкіндігіне қарай саны жағынан бағаланады.
      12. Зертханалық және аспаптық тексерулер болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен ауырған адамның жұмыс орнында қосымша өлшеу жұмыстары жүргізіледі.
      13. Зиянды фактордың әсер ету уақыты ауысым бойы есепке алынуы (хронометраж) керек. Егер зиянды фактордың әсер ету уақыты әр ауысымда бірдей болмаса, онда уақыттың басқа бөлігі іріктеп алынады - жыл немесе ай.
      14. Сипаттамада қолданылатын жеке қорғану құралдары тізіліп жазылады. Тиісті жағдайларда жеке қорғану құралдарын қолдану тәртібін бұзушылық атап көрсетіледі (әсер етуші факторға жеке қорғану құралдарының пайдалануға сәйкес келмейтінін, қолдану ережесінің бұзылуын).
      15. Сипаттама жұмыскердің еңбек жағдайының қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы қорытындымен және өндірістік ортаның зиянды факторларының туындаған кәсіптік аурумен (уланумен) байланысын анықтаумен аяқталуға тиіс.
      16. Сипаттамадағы өндірістік ортаның және еңбек үрдісінің зиянды факторлары бөлімінде жекеленген зиянды факторлардың сапалық сипаттамасы атап көрсетіледі.
      1) Шу - тұрақты, импульсты; жергілікті діріл - үзік-үзік, импульсты (екпінді), жоғарғы-төменгі жиілікте; жалпы діріл (жұмыс орнындағы діріл) - көліктік, көліктік-технологиялық, технологиялық; ультрадыбыс - әуелік, жанасушы, тұрақты, импульсті; инфрадыбыс.
      Осы факторлар бойынша сандық сипаттама кестеге енгізіледі:

Жылдар

Ауысымдағы баламалы деңгейі

Еңбек өтіліне берілетін экспозиция




      Ескерту:
      1) дыбыс үшін - дыбыстың баламалы деңгей дециБелл А-мен беріледі: тұрақты емес шуға берілетін қосымша сипаттама дыбыстың дециБелл А-мен берілетін максимальды деңгейі болып табылады;
      2) діріл үшін (жергілікті және жалпы) - дірілжылдамдығының немесе дірілжеделдетудің түзетілген мәні немесе олардың логарифмдік деңгейі дециБеллмен;
      3) инфрадыбыс үшін - дыбыс қысымының баламалы деңгейі немесе ең жоғарғы октавалық жиілікті көрсетумен, нормадан асып кету дәрежесі дециБеллмен;
      4) ультрадыбыс үшін - қондырғының жұмысшы жиілігі және нормадан асып кетуі децибеллмен.
      Патологиялық үрдістің өрбуін тереңдететін факторлар төмендегілер болып табылады: шу үшін - жұмыстың күрделілігі; жергілікті діріл үшін - жұмыс кезінде салқындау, қолды сулау (судың, ерітіндінің температурасын, салқындау уақытын көрсетіп); жалпы діріл үшін - жоғарғы ылғалдықта қыздырушы микроклимат.
      2) Шаң-тозаң.
      Шаң-тозаңға сапалық сипаттама бергенде мыналар атап көрсетіледі: сипаты мен құрамы, табиғи немесе жасандылығы, минералды немесе органикалық, біркелкі немесе аралас, талшықты және басқадай; химиялық заттардың газы және буларының бар екені; дисперстік құрамы; конденсацияның немесе дезинтеграцияның аэрозольдары, шаңның минералдық, химиялық құрамы және басқ. физикалық-химиялық қасиеттері.
      Жұмысшы аумағындағы ауаның шаң-тозаңдануының сандық көрсеткіштері кесте түрінде беріледі:

Жылдар

Текше метр концентрация миллиграммен

Максимальды-бір реттік шоғырландыру

Орташа ауысымдық шоғырландыру

      3) Химиялық заттар, биологиялық факторлар.
      Жұмыс аумағындағы ауаның ластануына берілетін сапалық сипаттамада төмендегілер көрсетіледі: жұмысшының тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін орнындағы қолданылатын шикізаттарды, аралық және ақырғы алынатын өнімдерді, реакциялар және олардың өзгеруін (тотығу, гидролиз және басқ.) есепке ала отырып жасалатын, бөлінетін зиянды заттардың тізімі.
      Бөлінетін зиянды заттардың сандық сипаттамасы кесте түрінде беріледі:    

Заттардың атауы

Текше метрдегі қанықпаның шектелген шегі миллиграммен

Жылдар

Сынаманың саны

Текше метрдегі тиесілі қанықпа миллиграммен

Қанықпаның шектелген шегінен асып кеткен сынама пайызбен

Максимальды бір реттік концентрация

Орташа ауысымдық концентрация



Максимальды бір реттік шоғырландыру

Орташа ауысымдық шоғырландыру

Максимальды бір реттік шоғырландыру

Орташа ауысымдық шоғырландыру










      Орташа ауысымдық қанықпаны құрамында орташа ауысымдық қанықпа үшін шектелген шегі бар заттар үшін өлшейді.
      Кәсіптік тері ауруларына күдік болған жағдайда жұмысшының жанасып жұмыс істейтін құрауыштардың (ерітінді, желім, шайыр, қорытпа және басқ.) толық тізімін беру керек.
      4) Иондамайтын сәуле көзі.
      Иондамайтын сәуле көзінің сипаттамасы кесте түрінде беріледі:

Иондамайтын сәуле көзінің түрлері

Технологиялық үрдістің әсер ету көздері және сипаты

Әсер ету сипаты

Электростатистикалық өріс

Қондырғылардың түрі, маркасы, тікелей көздері

Қорғану құралдарын пайдалануды есепке алғандағы электр өрісінің кернеуі, ауысымда сәуле соққысына ұрыну ұзақтығы, өндірістік ортаның қосымша жағымсыз факторлары

Тұрақты магнит өрісі

Қондырғылардың түрі, маркасы, өрістің тікелей көздері

Қорғану құралдарын пайдалануды есепке алғандағы магнит өрісінің кернеуі, ауысымда сәуле соққысына ұрыну ұзақтығы, жалпы, жергілікті әсер етуі, өндірістік ортаның қосымша жағымсыз факторлары

Өнеркәсіптік жиіліктегі электр өрісі

Қондырғылардың түрі, маркасы, тікелей сәуле көздері

Қорғану құралдарын пайдалануды есепке алғандағы электр өрісінің кернеуі, ауысым бойы сәуле соққысына ұрыну ұзақтығы, өндірістік ортаның қосымша жағымсыз факторлары

Өнеркәсіптік жиіліктегі магнит өрісі

Қондырғылардың түрі, маркасы, тікелей сәуле көздері

- үздіксіз тұрақты әсер ететін жағдайда:
жалпы және жергілікті сәуле соққысына ұрынуын, магнит өрісінің кернеуін, ауысым бойы әсер уақытын атап көрсету;
- тұрақты емес, үзіліп әсер ететін жағдайда:
импульстің ұзақтығын, үзілістің ұзақтығын, магнит өрісінің кернеуін, ауысым бойы әсер уақытын атап көрсету;
өндірістік ортаның қосымша жағымсыз факторлары

Радиожиіліктегі электромагнит өрісі

Қондырғылардың түрі, маркасы, тікелей сәуле көздері

Жиілік диапазоны:
- электр және магнит өрісінің 300 мегаГерц-ке дейінгі жиіліктегі кернеуін өлшеу үшін, ауысымда сәуле соққысына ұрыну ұзақтығы, энергетикалық экспозициялар (организмге түсетін энергетикалық жүктемелер);
- 300 мегаГерц-тен жоғары жиіліктегі сәуле көзі үшін ағынның, энергияның тығыздығы, қондырғының жұмыс режимі (айналдыру, сканирлеу және басқа.), ауысымдағы ұзақтығы:
энергетикалық экспозициялар (организмге түсетін энергетикалық жүктемелер), жалпы, жергілікті әсер етуі;
жеке қорғану құралдарын қолдану; өндірістік ортаның қосымша жағымсыз факторлары.

Лазерлі сәуле көзі

Қондырғының түрі, маркасы

Лазерлі сәуле көзі толқынының ұзындығы, сипаты:
- үздіксіз (жалпы әсер ету ұзақтығы),
- үзіліп: моноимпульсті, импульсті-кезеңді (импульстің ұзақтығы, импульстің қайталану жиілігі, жалпы әсер ету ұзақтығы);
тікелей, шағылысқан немесе диффузиялық шағылысқан сәуле көзінің әсері;
энергетикалық экспозицияның мөлдір қабаттағы және терідегі мәні;
- жеке қорғану құралдарын қолдану: көзәйнек (түрі);
киім; оптикалық құралдармен жұмыс;
- өндірістік ортаның қосымша жағымсыз факторлары

      5) Микроклимат: температура, салыстырмалы ылғалдық, ауа қозғалысының жылдамдығы, жылу бөлудің қарқындылығы.
      Сапалық сипаттамаға мынадай суреттемелер кіреді: тұрақты немесе тұрақты емес әсер етуі; жылу бөлу көздері.
      Сандық сипаттаманың құрамына рұқсат етілген мәннің шегінен асып кеткен көрсеткіштердің тізімі, олардың көлемі, әсер ету уақытының ұзақтығы кіреді.
      Жұмыс ашық алаңда жүргізілген жағдайда орташа айлық минимальды және максимальды температура, ауаның салыстырмалы ылғалдығы, желдің жылдамдығы, сол жердегі жылдың суық (желтоқсан-ақпан) және жылы (маусым-тамыз) кезеңдері кезінде болатын тікелей күн сәулесінің радиациялық қарқындығы туралы анағұрлым нақты мәліметтер келтіріледі.
      6) Еңбек үрдісінің факторларына мыналар жатады: жұмыс орнын ұйымдастыру, физикалық жүктеме, көзбен көру жүктемесі, жұмыс істеу және демалу режимінің факторлары.
      Жұмыс орнын ұйымдастыру факторының сипаттамасы: жұмыс істеу кейпі (еркін, мәжбүрлі); мәжбүрлі кейіпте болу уақыты (ауысым уақытынан пайыз есебімен); дененің еңкеюі (болмайды, мәжбүрлі түрде болады); дененің еңкею бұрышы (градустары); еңкею саны (операция бойы, ауысым бойы).
      Физикалық жүктеме факторының сипаттамасы: қолмен тасымалдайтын жүктің салмағы (килограмм); жүк қайдан тасымалданады (еденнен, жұмысшы бетінен); жүкті көтеріп тасымалдау қашықтығы (әрқайсысын жекелеп); операция бойы, ауысым бойы жүкті көтеру жиілігі; ауысымдық жүк айналымы (тонн); негізгі басқару органдарына түсетін күш.
      Көзбен көру жүктемесі факторына сипаттама: оптикалық құралдармен немесе оларсыз жұмыс істеу; айырып қарайтын ең кішкентай нысан, мм;
      Жұмыс істеу және демалу режиміне сипаттама: жұмыстың ауысымдылығы; түскі үзілістің ұзақтығы, мин; регламенттелген үзілістер, ауысымдағы олардың ұзақтығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады