Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 12 және ҚР Энергетика министрінің 25.02.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.06.2017 № 265 және ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 № 240 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен1. Қоса беріліп отырған Электр- және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр- және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В.Шкарупа) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы N 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 318 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Электр- және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен)
технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Электр энергиясын беру саласындағы:
1) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 51 Бірлескен Бұйрықтарымен;
2) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 51 Бірлескен Бұйрықтарымен;
3) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 51 Бірлескен Бұйрықтарымен;
4) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 N 51 Бірлескен Бұйрықтарымен.
2. Электр энергиясын беру және тарату саласындағы:
1) мамандандырылған автокөлік құралдарын және басқа әуе желілері 0,4-220 килоВольт көлемі шағын жүктерді өткізу;
2) тұтынушылардың өтінімдері бойынша электр желілеріне қосу;
3) есептеу аспаптарын орнату;
4) алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.04.2016 № 164 және ҚР Энергетика министрінің 09.06.2016 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
5) электр желілеріне және жабдықтарға (әуе желілері, кабельдік желілер, шағын станциялар, трансформаторлық шағын станциялар, жиынтық трансформаторлық шағын станциялар, трансформаторлар, жоғары вольттік кірулер, орам ішіндегі жарықтандыру, көшені жарықтандыру, коммуналдық меншіктегі мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша қызмет көрсететін электр желілері мен жабдықтар) техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу және реконструкциялау жөніндегі қызмет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.02.2013 № 62-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 18.03.2013 № 80 бірлескен бұйрығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.04.2016 № 164 және ҚР Энергетика министрінің 09.06.2016 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3. Жылу энергиясын өндіру саласындағы:
1) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 N 51 Бірлескен бұйрығымен;2) жылу желілерін үстемелеп толтыру;
3) күлді сату жөніндегі қызмет;
4) электр энергиясын өндіру жөніндегі қызмет, оның ішінде газтурбиналық қондырғылар мен өзге де жабдықтар өндіретін қызмет;
5) кислородты, азотты, сутегін өндіру жөніндегі қызмет;
6) суды пайдалану (ұңғыма).
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 Бірлескен бұйрығымен.4. Жылу энергиясын беру және тарату саласындағы:
1) технологиялық жабдықты жөнге келтіру;
2) жылу желілерін гидравликалық және температуралық сынау;
3) тұтынушылардың өтінімдері бойынша жылу желілеріне қосу;
4) жылу энергиясын беру мен таратудың бірыңғай циклына қатысушы бөгде ұйымдардың жылу объектілерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
5) есептеу аспаптарын орнату;
6) жылу желілеріне және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және реконструкциялау жөніндегі қызмет.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 25.02.2013 № 62-НҚ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 18.03.2013 № 80 бірлескен бұйрығымен.5. Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, онымен жабдықтау саласындағы:
1) суды химиялық жолмен тазарту;
2) жылу желілерін үстемелеп толтыру;
3) химиялық жолмен тазартылған суды, конденсатты, дистиллятты, күлді сату жөніндегі қызмет;
4) электр энергиясын өндіру жөніндегі қызмет, оның ішінде газтурбиналық қондырғылар мен өзге де жабдықтар өндіретін қызмет;
5) кислородты, азотты, сутегін өндіру жөніндегі қызмет;
6) суды пайдалану (ұңғыма);
7) технологиялық жабдықты жөнге келтіру;
8) жылу желілерін гидравликалық және температуралық сынау;
9) тұтынушылардың өтінімдері бойынша жылу желілеріне қосу;
10) жылу энергиясын беру мен таратудың бірыңғай циклына қатысушы бөгде ұйымдардың жылу объектілерін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
11) есептеу құралдарын орнату.
6. Электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлеу саласындағы:
1) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 N 51 Бірлескен бұйрығымен;2) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 N 51 Бірлескен бұйрығымен;
3) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 N 51 Бірлескен бұйрығымен;
4) электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімдерін жасау мен тәуліктік кестесін қалыптастыру жөніндегі қызмет;
5) қуатты резервтер жөніндегі қызмет;
6) Алып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 N 51 Бірлескен бұйрығымен.Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 26.02.2009 N 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.02.2009 N 51 Бірлескен Бұйрықтарымен.
7. Жылу энергиясымен жабдықтау саласындағы:
1) электр энергиясын сату.