"Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 318 бірлескен бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 70-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009 жылғы 27 ақпандағы N 51 Бірлескен Бұйрықтары. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5601 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 12 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 12 және ҚР Энергетика министрінің 25.02.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ :

      1. "Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 276-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4469 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 2 (316) нөмірінде жарияланған) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

      кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:

      1-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары алып тасталсын;

      2-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшалары алып тасталсын;

      3-тармақта:

      1) тармақша алып тасталсын;

      3) тармақшадағы "химиялық жолмен тазартылған суды, конденсатты, дистиллятты," деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақтың 1), 2), 3), 6) тармақшалары алып тасталсын.

      2. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды Энергетика және минералдық

      реттеу агенттігінің төрағасы ресурстар министрі

      __________ Н. Алдабергенов ___________ С. Мыңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады