Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 12 және ҚР Энергетика министрінің 25.02.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Электр және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4469 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Электр және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде:
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |