Ескерту. Күші жойылды Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын орындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N№А-3/71 "Ақмола облысында "Жастардың іс-тәжірибесін»ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда N№2364 болып тіркелген, 2004 жылғы 18 мамырдағы N№56 "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ келесі мазмұнды жаңа редакцияда берілсін:
"Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін";
Осы қаулымен бекітілген "Жастардың іс-тәжірибесін"» ұйымдастыру Ережесінде:
1, 5 тармақтардағы "жұмыспен қамту мәселелері бойынша (жұмыспен қамту орталығы) сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»(бұдан әрі уәкілетті орган)"»сөздерімен ауыстырылсын;
барлық мәтін бойынша "Жұмыспен қамту орталығы" деген сөздер "Уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;
11-тармақ келесі редакцияда берілсін:
"11. Жұмыссыздарды жастар іс-тәжірибесіне алуға келісім берген жұмыс берушімен Уәкілетті орган осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес шарт жасайды. Жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды және Жастар іс-тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білім алып, кәсібіне сәйкес дағдылануын қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі. Шарттың ең аз мерзімі - үш ай";
жоғарыда көрсетілген Ереженің - 1 қосымшасында:
2-тармақтың 2.2.1. тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
"Жұмыссыздардың іс-тәжірибеден өтуі үшін олардың оқу орнын аяқтағаны туралы құжаттарына сәйкес жұмыс орнын беру".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
Облыс әкімінің м.а.