Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N№А-3/71 "Ақмола облысында "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N А-1/43 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 21 ақпанда N 3180 тіркелді. Күші жойылды Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Қазақстан  Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын орындау  мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N№А-3/71 "Ақмола облысында "Жастардың іс-тәжірибесін»ұйымдастыру  Ережесін бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда N№2364 болып тіркелген, 2004 жылғы 18 мамырдағы N№56 "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ келесі мазмұнды жаңа редакцияда берілсін:
      "Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін";

      Осы қаулымен бекітілген "Жастардың іс-тәжірибесін"» ұйымдастыру Ережесінде:
      1, 5 тармақтардағы "жұмыспен қамту мәселелері бойынша  (жұмыспен қамту орталығы) сөздері "жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімі"»(бұдан әрі уәкілетті орган)"»сөздерімен  ауыстырылсын;

      барлық мәтін бойынша "Жұмыспен қамту орталығы" деген сөздер  "Уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;

      11-тармақ келесі редакцияда берілсін:
      "11. Жұмыссыздарды жастар іс-тәжірибесіне алуға келісім  берген жұмыс берушімен Уәкілетті орган осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес шарт жасайды. Жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды  және Жастар іс-тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білім алып,  кәсібіне сәйкес дағдылануын қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі. Шарттың ең аз  мерзімі - үш ай";

      жоғарыда көрсетілген Ереженің - 1 қосымшасында:
      2-тармақтың 2.2.1. тармақшасы келесі редакцияда берілсін:
      "Жұмыссыздардың іс-тәжірибеден өтуі үшін олардың оқу орнын   аяқтағаны туралы құжаттарына сәйкес жұмыс орнын беру".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.

      Облыс әкімінің м.а.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады