Ақмола облысында "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 10 наурыздағы N а-3/71 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 23 наурызда N 2364 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № а-6/243 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы"» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы"» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» N 836  қаулысына  сәйкес халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын кеңейту мақсатында Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған "Жастардың іс-тәжірибесін" ұйымдастыру Ережелері бекітілсін.
      2. Аудандар мен қала әкімдері жергілікті бюджет есебінен (аудандық, қалалық) "Жастардың іс-тәжірибесін"»ұйымдастыруды қаржыландыруды қарастырсын және қамтамасыз етсін.
      3. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылдың 27 желтоқсанындағы N№А-1/361 "Ақмола облысында Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастырудың Ережелерін бекіту туралы"»және 2004 жылдың 16 ақпанындағы N№А-2/37 "Облыс әкімдігінің 2003 жылдың 27 желтоқсанындағы N№А-1/361  "Ақмола облысында Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастырудың Ережелерін бекіту туралы"» қаулысына өзгертулер енгізу туралы"»қаулылары күшін жойды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.  <*>
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы  N А-1/43  қаулысымен
      5. Қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

       Облыс әкімі           

БЕКІТІЛГЕН
Ақмола облысы әкімдігінің
200 ж. 10.03. Nа-3/71
"Ақмола облысында "Жастардың
іс-тәжірибесін"»ұйымдастыру
Ережелерін бекіту туралы"
қаулысымен  <*>
      Ескерту. Ереже өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы  N А-1/43  қаулысымен

  "Жастардың іс-тәжірибесін"»ұйымдастыру Ережелері

Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы"» Заңының  4,5,7 баптарына сәйкес, бастапқы, орта және жоғары  кәсіби оқу орындарын бітіруші жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың қажет іс-тәжірибе алу мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында әзірленген.

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру Ережелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірген (бұдан былай-жұмыссыз жастар) 24 жасқа дейінгі жұмыссыз жастармен  жұмыс жүргізу жүйесі мен тетіктерін анықтайды. 
      2. Жастардың іс-тәжірибесі кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда (меншік нысанына тәуелсіз) ұйымдастырылады және өткізіледі (бұдан былай Жұмыс беруші деп аталады). Уәкілетті орган Жұмыс берушімен келісім шарт негізінде іс-әрекет жасайды.
      3. Жастар іс-тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру аудандар мен қала бюджеттері есебінен жүргізіледі.
      4. Уәкілетті орган жұмыссыз жастардың құрамы мен еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, Жастардың іс-тәжірибесіне жіберу үшін жұмыссыз жастардың санын анықтайды.
      5. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұйымдар:
1) Жастардың  іс-тәжірибесі - бюджет қаржысынан төленіп, жұмыссыз жастар үшін (алған мамандығы, кәсібі бойынша) өткізілетін  өндірістік іс-тәжірибе, оны уәкілетті орган жұмыссыз азаматтар алғашқы жұмыс тәжірибесін алу және еңбек нарығындағы  бәсекелестікті арттыру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда  ұйымдастырады;
2) тәлімгер -  жұмыс берушінің  жастардың іс-тәжірибесіне қатысушыға жұмыстың алғашқы тәжірибесін алып, жұмыс дағдысына үйрену үшін бекіткен сол кәсіпорында, ұйымда белгілі бір кәсіп, мамандық бойынша жұмыс істейтін білікті маман.
3) Уәкілетті орган жергілікті атқару органдарының аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін және  жұмыссыздықтан әлеуметтік жағынан қорғайтын құрылымдық бөлімшелері.
4) "Жастар іс тәжірибесіне" қатысушы уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, "Жастар іс тәжірибесінен" өтуге уәкілетті органмен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес жеке еңбек шартын бекіткен жеке тұлға;
5) жұмыс беруші - "Жастар іс тәжірибесін"»  ұйымдастыруға уәкілетті органмен осы Ереженің  1-қосымшасына сәйкес шарт бекіткен заңды немесе жеке  тұлға". <*>
      Ескерту. 5 тармақ 4,5 тармақшалармен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысымен

        2. "Жастардың іс-тәжірибесін"»ұйымдастыру

      6. Уәкілетті орган аймақтық еңбек нарығында жастардың жұмыспен қамтылу жағдайына жасаған талдауының негізінде Жастардың іс-тәжірибесін өткізуді ұйымдастырады.
      Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастырғанда келесі негізгі өлшемдер ескеріледі:
      1) оқу орынын бітірген  жұмыссыздардың саны және олардың уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
      2) жастар арасындағы ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтіндер санының өсуі;
      3) жұмыссыз жастардың еңбек стажының, алған мамандығы бойынша еш дағдысының болмауы салдарынан жұмысқа орналасу мүмкіндігінің аз болуы.
      7. Уәкілетті орган қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, болашақта әрі қарай даму, өндірісін кеңейту және Жастардың  іс-тәжірибесіне қатысушыларды қабылдау мүмкіндіктері бар  кәсіпорындар туралы ақпарат жинайды. Осымен қатар, бір мезгілде  Уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастырудың және өткізудің негізгі  шарттары туралы ақпарат таратады.
      8. Кәсіпорындар туралы ақпаратты жинақтап қорыту және талдау негізінде Уәкілетті орган Жастардың іс-тәжірибесіне қатысу үшін оқу орнын бітіруші жұмыссыздарды іріктеуді жүргізеді. Үміткерлерді іріктегенде келесі өлшемдер ескеріледі:
      1) үміткерлер Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс;
      2) олардың жасы 24-ке (қоса есептегенде) дейін;
3) кәсіби білімі болуы тиіс;
      4) қатысушыларды іріктеген сәтте оларға лайық жұмыстың болмауы.
      9. Жұмыссыздардың Жастардың іс-тәжірибесіне қатысу рұқсаты Жастар тәжірибесі басталған сәттен бастап 12 айда бір рет беріледі және жұмыссыз ретінде тіркелген күніне сәйкес кезек тәртібі бойынша жүргізіледі.
      10. Уәкілетті орган Жастардың іс-тәжірибесін жергілікті атқару органдарымен және жастарды жұмысқа орналастыруға мүдделі басқа ұйымдармен бірлесе отырып ұйымдастырады.
      11. Жұмыссыздарды жастар іс-тәжірибесіне алуға келісім  берген жұмыс берушімен Уәкілетті орган осы Ереженің 1- қосымшасына сәйкес шарт жасайды. Жұмыс беруші жұмыссыз жастарды қабылдайды  және Жастар іс-тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білім алып,  кәсібіне сәйкес дағдылануын қамтамасыз ету туралы міндеттеме алады. Шарт алты айдан көп емес мерзімге бекітіледі. Шарттың ең аз  мерзімі - үш ай;  
      12. Бекітілген шартқа сәйкес Уәкілетті орган осы Ережелердің 2 қосымшасына сәйкес жолдамамен жұмыссызды  кәсіпорынға жібереді.
      13. Уәкілетті органмен бекітілген шарттың шегінде жұмыссызды Жастардың іс-тәжірибесіне қабылдағаны туралы шешімді Жұмыс беруші қабылдайды. Жұмыс беруші жолдаманың түбіршегін толтырып, Уәкілетті органның мекен-жайына жібереді.
      Уәкілетті орган жұмыссызбен осы Ереженің  3-қосымшасына сәйкес жеке еңбек шартын бекітеді. <*>
      Ескерту. 13 тармақ толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысымен
            14. Жұмыссызды Жастар іс-тәжірибесінен өткізу  үшін Жұмыс беруші жұмыссызды Уәкілетті органмен  бекітілген шартта көрсетілген мерзімге "Жастар  іс-тәжірибесінен" өтуге»қабылдағаны туралы бұйрық шығарады. Жұмыс беруші Жастар іс-тәжірибесіне  қатысушыға білікті маман - тәлімгерді бекітеді. <*>
      Ескерту. 14 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысымен
             15. Жұмыссызды Жастардың іс-тәжірибесіне қабылдағаннан кейінгі үш күн ішінде Жұмыс беруші Уәкілетті органға жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді. Жастардың іс-тәжірибесіне қатысушыны қабылдаған Жұмыс беруші әр айдың 25 күніне дейін жұмыс уақытын есептеу табелін Уәкілетті органға тапсырады. <*>
      Ескерту. 15 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысымен
             16. Жастардың іс-тәжірибесіне қатысушы еңбек туралы заңды бұзған болса, Жұмыс беруші онымен жасалған еңбек шартын бір жақты бұзуға құқықты.
      17. Жұмыссызбен бекітілген шарт Жұмыс берушінің бастамасымен бұзылған уақытта ол  қабылдаған шешімі туралы Уәкілетті органға 3 күн ішінде хабарлайды. Жұмыссыз азамат Жастардың іс-тәжірибесіне қатысуын тоқтату туралы шешім қабылдауы мүмкін, бұл шешімі туралы ол Жұмыс берушіге және Уәкілетті органға 3 күннің ішінде хабарлайды.
      18. Уәкілетті орган, егер Жұмыс беруші тарапынан  осы Ережеге 1-қосымшаның 2-тармағының 2-тармақшасында  көзделген міндеттер орындалмаған болса, онымен бекіткен шартты бұзуға құқылы. <*>
      Ескерту. 18 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысымен
              19. Шарттың мерзімі өткеннен кейін Жұмыс беруші Уәкілетті органға азаматты жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың немесе іс-тәжірибенің аяқталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін сын-пікірімен (ұсыным хат) қоса жібереді. <*>
      Ескерту. 19 тармақ өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысымен
          20. Жұмыс берушінің шешімі бойынша жұмыссыз азамат Жастардың іс-тәжірибесінің мерзімі аяқталмай тұрып тұрақты жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда Жұмыс беруші Уәкілетті органға Жастардың іс-тәжірибесіне қатысушыны жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрықтың көшірмесін жібереді.
      21. Жастардың іс-тәжірибесін өткеннен  кейін осы не басқа кәсіпорынға тұрақты (уақытша) жұмысқа орналастырылмаған жұмыссыз азамат Уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұра береді.

  3. ЖАСТАРДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

       22. Жастардың іс-тәжірибесі жергілікті (аудандық,қалалық) бюджеттен, жұмыспен қамту бағдарламасын орындау үшін бекітілген шығыс сметасына сәйкес Азаматтарды жұмыспен қамту саласында  әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары»атты 258.000.103 бағдарламаша бойынша жүргізіледі.
      23. Маманды жұмыс орнына жіберу үшін қажет қосымша кәсіби дайындық ақысын төлеу "Жұмыссыздарды кәсіби даярлау"»атты  258.000.102 бағдарламашада қарастырылған қаржы есебінен жүргізіледі.
      24. Жастардың іс-тәжірибесіне қатысушының еңбекақысын бекітілген жеке еңбек шартының негізінде, осы Ережелердің 3 қосымшасына сәйкес нақты жұмыс атқарған уақыты үшін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген еңбекақының ең аз мөлшерінен  кем емес мөлшерде Жұмыспен қамту орталығы төлейді.
      25. Жастардың іс-тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын төлеу Уәкілетті органның ақшаны олардың есеп шоттарына аударуы арқылы жүргізіледі.

1 қосымша
Ақмола облысында Жастардың
іс-тәжірибесін ұйымдастыру
Ережелеріне
Ақмола облысы әкімдігінің
10.03.2004 ж. N№а-3/71
қаулысымен  бекітілген <*>
 

            Ескерту. Қосымша өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы  N А-1/43 қаулысымен; Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N А-11/486 қаулысымен

                  Жастардың іс-тәжірибесін»ұйымдастыру шарты
               N№____     ____________200__жыл

_____________
(бекітілген жері)

«"Уәкілетті орган»мемлекеттік мекемесі атынан директор-   ______________(аты- жөні)__________________________________      бұдан былай  Тапсырушы деп аталып және Жұмыс беруші _______( жұмыс берушінің атауы) ____________атынан_________________________________
                                    (басшысының аты-жөні,лауазымы)

(бұдан былай-Жұмыс беруші) Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Ақмола облысы әкімдігінің  "Жастардың іс-тәжірибесін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы"»______2004ж. N№___ қаулысына сәйкес осы шартты бекітті:

1. Шарттың мәні

       1.1. Жастардың алғашқы жұмыс тәжірибесін алуы, дағдылануы  және еңбек нарығында бәсекелестікті арттыруы үшін бастапқы, орта және жоғары кәсіби оқу орындарын бітірушілер арасындағы жұмыссыз азаматтар үшін Жастардың іс-тәжірибесін»ұйымдастыру және өткізу.

2. Жақтардың  құқықтары мен міндеттері

       2.1. Тапсырушы міндетті:
       2.1.1. Жұмыссыз азаматты олардың келісімі бойынша
"Жастардың іс-тәжірибесін"»өтуге жіберуге;
      2.1.2. Жастардың іс-тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын  нақты жұмыс атқарған уақыттары үшін, Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген еңбекақының ең аз мөлшерінен кем емес мөлшерде төлеуге.
      2.2. Жұмыс беруші міндетті:
      2.2.1. Жұмыссыздардың іс-тәжірибеден өтуі үшін олардың оқу орнын аяқтағаны туралы құжаттарына сәйкес жұмыс орнын беру.
      2.2.2. Жұмыссызға тәлімгерді бекіту және "Жастардың  іс-тәжірибесіне"»қатысушыларының мамандықтарына сәйкес толық кәсіби  білім  мен іс-тәжірибе  алуын қамтамасыз етуге;
      2.2.3. "Жастар іс-тәжірибесінің" мерзімі аяқталған соң "Жастар іс-тәжірибесіне" қатысушыға іс-тәжірибеден  өткені туралы сын-пікір (кепілдеме хат) жазып береді.
      2.2.4. Қажет болған жағдайда "Жастардың іс-тәжірибесіне"» қатысушыға өз есебінен қосымша үстеме ақы төлеуге;
      2.2.5. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты әр жұмыссызбен жеке жүргізуге;
      2.2.6. Қажет болған жағдайда арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен т.б. қамтамасыз етуге;
      2.2.7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті  еңбек ету жағдайын жасауға;
      2.2.8. "Жастардың іс-тәжірибесін"»өту кезінде қатысушының денсаулығына зиян келтірілген болса, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығынды өтеуге;
      2.2.9. Қосымша үстеме ақы төлеген жағдайда "Жастардың іс-тәжірибесіне" қатысушының кірісінен міндетті салықтық және зейнетақы салымдарын төлеуге;
      2.2.10. Тапсырушыға берген ақпараттың шындығына шек келтірілмейтіндігі үшін жауапты болуға;
      2.2.11. Есеп беру айының аяқталуынан 5 күн бұрын Тапсырушыға  "Жастардың іс-тәжірибесіне"»қатысқан жұмыссыздар туралы мәлімет  беріп отыруға.

3. Жақтардың жауапкершілігі

       3.1. Осы шартты орындау барысында туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
      3.2. Шарт бір Жақтың бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін, бұл жағдайда ол екінші Жақты бір аптадан кем емес мерзім ішінде  ескертуі тиіс.

4. Қолдану мерзімі

       4.1. Шарттың  қолдану мерзімі ___________200____ж. бастап _________ 200___ж. дейін сақталады.
      4.2. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      4.3. Осы Шартқа толықтырулар мен өзгертулер екі Жақтың  келісімі бойынша енгізіледі.
      4.4. Шарт екі дана әзірленген, олардың әрқайсысы бірдей заң күшіне ие.

5. Жақтардың заңды мекен-жайлары

       Тапсырушы:                           Жұмыс беруші:
"Жұмыспен қамту орталығы" ММ         ____________________________
____________________________         ____________________________

мекен-жайы___________________        мекен-жайы____________ 
_____________________________        _____________________________

ИИК________________________          ИИК________________________    РНН________________________          РНН ______________________

БИК________________________          БИК_______________________
___________________________          ____________________________
(аты-жөні,қолы )                         (аты-жөні, қолы)

    ________200___ж.                           ________200___ж.

      М.О.                                   М.О.

2 қосымша
Ақмола облысында
Жастардың іс-тәжірибесін
ұйымдастыру Ережелеріне
Ақмола облысы әкімдігінің
10.03.2004 ж. Nа-3/71
қаулысымен бекітілген

 _______________________________
  (мекеменің атауы)                   « "ЖАСТАРДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ"»

_______________________________

_______________________________
    (мекен-жайы)                         ҚАБЫЛДАНҒАН N№ ___ШЕШІМ

ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАМА N №_____                 ______________кәсіпорыны

"Жастардың іс-тәжірибесін"»өткізу туралы азамат__________________
бекітілген шартқа сәйкес Сізге азамат    _______200__ж.  бастап__ ай

_________________________________    мерзіміне жұмысқа қабылданғанын
______________________ ретінде жұмыс хабарлайды.
орналасу үшін жіберіп отырмыз.        N№_____  бұйрық _____200___ж.

"Уәкілетті орган" ММ_____           Жұмысқа орналастырудан бас
_________________________________   тартқан болса себебін көрсетіңіз

_____________________________        _______________________________

Маман:                              Кәсіпорынның кадрлар бөлімінің
                                    бастығы:
Күні                                Күні

3 қосымша
Ақмола облысында
Жастардың іс-тәжірибесін
ұйымдастыру Ережелеріне
Ақмола облысы әкімдігінің
10.03.2004 ж. Nа-3/71
қаулысымен бекітілген

  "Жастардың іс-тәжірибесін" өтудің N __  жеке еңбек шарты

Осы Шарт "Уәкілетті орган"» ММ _____________________________
атынан директор____________________________________________________
бұдан былай Уәкілетті орган деп аталып, бірінші жағынан және екінші жағынан жұмыссыз______________________________________
                          (үйренуге жіберілген тұлғаның аты-жөні)

келесі жағдайлар туралы бекітілген:

1. Жақтардың міндеттері

      1.1. Уәкілетті орган міндетті:
      1.1.1. Жұмыссыз ___________________________________________
_________________________________________________________________
    (кәсіпорынның атауы)

мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін, жұмысқа орналасу мүмкіндігі мен еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттыру үшін _________ ай мерзіміне "Жастардың іс-тәжірибесін" өту үшін жіберуге.
      1.1.2. Қазақстан Республикасында заңмен белгіленген айлық  еңбекақының ең аз мөлшерінде нақты атқарған жұмысы үшін   жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге.
      1.2. Жұмыссыз міндетті:
      1.2.1.«"Жастардың іс-тәжірибесін" толық ауқымда өтуге, таңдаған кәсібі (мамандығы) бойынша іс-тәжірибе, білім мен дағдылануға талпынуға және өткеннен кейін Уәкілетті орган өзіне берілген сын-кепілдің (ұсыным хаттың) көшірмесін тапсыруға.
      1.2.2. Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының талаптарын және Жұмыс берушінің бекіткен ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және орындауға.

2. Жақтардың жауапкершіліктері

       2.1. Жақтардың осы шартты белгілі себептерсіз және екінші жақты апта бұрын ескертпей бір жақты бұзуға құқығы жоқ.
      2.2. Жұмыссыз азамат Жастардың іс-тәжірибесін өз бетінше (себепсіз) тоқтатқан кезде тіркеуден шығарылғаннан кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң Уәкілетті органда қайта тіркелуге құқықты.
      2.3. Даулар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргізіледі.

3. Қолдану мерзімі

       3.1. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      3.2. Шарт екі дана әзірленген және олардың әрқайсысы бірдей  заң күшіне ие.
      3.3. Шарттың  қолдану мерзімі   ___________200____ж. бастап _________ 200___ж. дейін..

4. Жақтардың мекен-жайлары

Уәкілетті орган                      Жұмыссыз

____________________________         ____________________________
                                           (аты-жөні)

мекен-жайы___________________       
_____________________________        _____________________________

ИИК________________________          ________________________
РНН________________________          (жеке куәлігінің, мекен-жайы)

БИК________________________          ________________
_______________________              ____________________________
директордың аты-жөні,қолы )            (жұмыссыздық қолы)
не уәкілденген маманның

    ________200___ж.                     ________200___ж.

      М.О.                                 М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады