Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 53 және 63 баптары негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" Заңының 6 және 7 баптарын, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 317 "Жеңілдіктер беру туралы" шешіміне сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұсынылған 1941 - 1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер, 1941 - 1945 жылы Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған бұрынғы әскери қызметкерлер және ішкі істер органдарының қызметкерлері "1941 - 1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталғандар, Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің жесірлерінің коммуналдық қызметтері (жылу, су, көгілдір отын, электрмен қамту) және байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы) үшін жеңілдіктер берілсін.
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы
Мәслихат хатшысы