Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.12.24 № 215 шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008.12.22 N 112 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақшадан қараңыз) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 394-бабына, "Тіркелген жиынтық салығының ең жоғары және ең төменгі базалық мөлшерін бекіту жөніндегі" 23 қазанның 2006 жылғы N 1016 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының6 және 7 баптары негізінде Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласы бойынша ұсынылған салық мөлшері белгіленсін.
2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2001 жылғы 20 желтоқсандағы он екінші сессиясының "Жекелеген салық түрлерінің мөлшерін бекіту туралы" N 118 шешімінің (2002 жылғы 1 ақпанда N 1461 болып тіркелген), Ақтөбе қалалық мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы кезекті төртінші сессиясындағы "2001 жылғы 20 желтоқсандағы (2004 жылы 2 ақпанда N 2549 болып тіркелген) мәслихаттың он екінші сессиясының N 118 шешіміне өзгеріс енгізу туралы N 30 шешімінің, "Жекелеген салық түрінің мөлшерін бекіту туралы" қалалық мәслихаттың төртінші сессиясының N 30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2004 жылғы 12 қарашадағы (2004 жылғы 7 желтоқсанда N 2983 болып тіркелген) N 86 шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы
Мәслихат хатшысы
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2006 жылғы 26 желтоқсандағы
кезекті отыз бесінші сессиясының
N 303 шешіміне қосымша
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008.12.22 N 112 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақшадан қараңыз) шешімімен. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.10.27 № 190 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.
Тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерлері
р/с N |
Салық салынатын объектілер |
Ставкалар |
1 |
Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы |
2,5 |
2 |
Бірнеше ойншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы |
7,5 |
3 |
Ойын жүргізу үшін қолданатын жеке компьютер |
2,5 |
4 |
Ойын жолы |
41,5 |
5 |
Карт |
8 |
6 |
Бильярд үстелі |
12 |
Ескерту. Тіркелген салықтың базалық ставкалары мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.