2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 «Тіркелген жиынтық салық мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 112 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қаңтарда N 3-1-102 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.12.24 № 215 шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы N 99 - IV Кодексінің 422 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6, 7 баптарына, "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219 - ІІІ Заңының 11 бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қаласы бойынша әділет басқармасында 2007 жылы 17 қаңтарда N 3-1-66 санымен тіркелген "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" 2007 жылғы 23 қаңтардағы N 7 газеттерінде жарияланған, "Тіркелген жиынтык салық мөлшерін белгілеу туралы" Ақтөбе қалалық мәслихатының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 303 шешімінің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы".
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      2. Қосымшаға сәйкес көрсетілген шешімінің қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының бастығы Қ.М. Исақовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы       С. Есембаев

      Мәслихат хатшысы      С. Шынтасова
 

Ақтөбе қалалық мәслихатының
2008 жылғы 22 желтоқсандағы
кезекті он төртінші сессиясының
N 112 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.04.25 N 169 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) Шешімімен.

Тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері

р/с
N

Салық салынатын объектілер

Ставкалар
(айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

2,5

2

Бірнеше ойншымен ойын жүргізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы

7,5

3

Ойын жүргізу үшін қолданатын жеке компьютер

2,5

4

Ойын жолы

41,5

5

Карт

8

6

Бильярд үстелі

20,5

      Ескерту: Тіркелген салықтың базалық ставкалары мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады