Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009.12.24 № 215 шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы № 99 - IV Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Тіркелген салықтың ставкаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 шешімнің қосымшасына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылы 17 қаңтарда № 3-1-66 санымен тіркелген, 2007 жылы 23 қаңтардағы № 9 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған, «Тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» 2006 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 13 қаңтарда № 3-1-102 санымен тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 9-10 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 шешімімен енгізілген өзгерістер ескеріліп) келесі өзгеріс енгізілсін:
«Бильярд столы» деген 12 жолдағы «20, 5» цифрлары «12» цифрына ауыстырылсын.
2. Шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы» ММ бастығы С.М. Лиге жүктелсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қалалық мәслихаты Ақтөбе қалалық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
М. Өндіргенов С. Шынтасова