Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Жамбыл облыстық әкімінің 2006 жылғы 16 тамыздағы N 19 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 22 тамызда N 1646 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 15 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 2008.12.26 № 15 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 689 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандар мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 689 қаулысында белгіленген тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссияларды құрсын;
      2) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" N 157 Заңында белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.

      Облыс Әкімі

Жамбыл облысы Әкімінің  
2006 жылғы 16 тамыздағы 
      N 19 шешімімен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан,
құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу
жөнiндегi комиссия туралы ереже

1 . Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi-комиссия) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешiм шығаруға уәкiлеттi алқа органы болып табылады.
      2. Комиссия өзiнiң қызметiн "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi - Заң), осы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комиссия жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiнен құрылады.
      4. Комиссияны төраға-тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң орынбасары басқарады. Комиссияның дербес құрамы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiледi.

2 . Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      5. Комиссияның негiзгi мiндетi жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм қабылдау болып табылады.
      6. Комиссияның функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) өтiнiштерiн уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      2) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi белгiлеу;
      3) құжаттардың мемлекеттiк органдар мен ұйымдар ұсынған мәлiметтерге сәйкес келуiн анықтау;
      4) жария ету субъектiсiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi беру;
      5) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жария етiлген мүлiк тiзiлiмiне енгiзу болып табылады.

3 . Комиссия жұмысының тәртiбi

      7. Комиссия жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған жария ету субъектiлерiнiң өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен тiркейдi.
      8. Жария ету мерзiмi iшiнде берiлген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш тиiстi комиссияға өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс.
      9. Заңның 6-бабында және 11-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейiн комиссия жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы дәлелдi шешiм шығарады.
      Шешiмге комиссияның төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
      10. Шешiм әрбiр жария ету объектiсi бойынша жеке қабылданады.
      11. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының хаттамасын жүргiзедi. Отырыстың хаттамасына хаттамада көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап беретiн комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
      12. Жергiлiктi атқарушы органдар мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын қамтамасыз етедi.
      13. Жария етiлген жылжымайтын мүлiк туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.

4. Комиссияның құқықтары

      14. Комиссия өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
      1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетiн жылжымайтын мүлiк туралы қажеттi ақпаратты сұратуға;
      2) комиссияның құрамына кiрмеген мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тартуға;
      3) жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған адамдардан түсiнiктеме алуға;
      4) жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған жария ету субъектiлерi мүлкiнiң тиесiлiгiн анықтауға;
      5) жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.

5. Комиссияның қызметiн тоқтату

      15. Комиссия Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн өз қызметiн тоқтатады.

О некоторых вопросах по проведению легализации недвижимого имущества

Решение акима Жамбылской области от 16 августа 2006 года N 19. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 22 августа 2006 года за N 1646. Утратило силу решением акима Жамбылской области от 26 декабря 2008 года N 15

       Сноска. Утратило силу решением акима Жамбылской области от 26.12.2008 N 15.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "Об амнистии в связи с легализацией имущества" и во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2006 года N 689 "Об утверждении Типового положения о комиссии по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан" РЕШИЛ:

       1. Местным исполнительным органам районов и города Тараз:
      1) образовать комиссии по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в порядке, установленном постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2006 года N 689.
      2) принять меры по обеспечению проведения легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан, в сроки, установленные Законом Республики Казахстан от 5 июля 2006 года N 157 "Об амнистии в связи с легализацией имущества".

      2. Утвердить прилагаемое положение о комиссии по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя Акима области Байбекова М.Н.

      Аким области                          Б. Жексембин

Утверждено
решением Акима Жамбылской области
от 16 августа 2006 года N 19

Положение
о комиссии по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Комиссия по проведению легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан (далее - комиссия) является коллегиальным органом, создаваемым при местных исполнительных органах районов (городов областного значения), уполномоченным на вынесение решения о легализации либо об отказе в легализации недвижимого имущества, находящегося на территории Республики Казахстан, права на которое не оформлены в соответствии с законодательством Республики Казахстан.     
      2. Комиссия осуществляет свою деятельность в соответствии с  Законом Республики Казахстан от 5 июля 2006 года "Об амнистии в связи с легализацией имущества" (далее-Закон), настоящим положением и иным законодательством Республики Казахстан.     
      3. Комиссия формируется из представителей местных представительных и исполнительных органов, налоговых органов, органов архитектуры и градостроительства, уполномоченного органа по земельным отношениям, органов, осуществляющих государственную регистрацию прав на недвижимое имущество и иных государственных органов и организаций Республики Казахстан.     
      4. Комиссию возглавляет председатель-заместитель акима соответствующей административно-территориальной единицы.
      Персональный состав комиссии утверждается решением местного исполнительного органа.

2. Задачи и функции комиссии

      5. Основной задачей комиссии является принятие решения о легализации либо об отказе в легализации недвижимого имущества.     
      6. Функциями комиссии являются:     
      1). обеспечение своевременного и качественного рассмотрения заявлений граждан и юридических лиц Республики Казахстан (далее-субъекты легализации), обратившихся за легализацией недвижимого имущества;
      2). установление сведений об объекте легализации;
      3). определение соответствия документов сведениям, представленным государственными органами и организациями;
      4). выдача субъекту легализации решения о легализации недвижимого имущества;
      5). включение сведений об объекте легализации в реестр легализованного имущества по форме согласно приложению 3 к Закону.

3. Порядок работы комиссии

      7. Комиссия регистрирует в установленном порядке заявления субъектов легализации, обратившихся за легализацией недвижимого имущества.
      8. Заявление о легализации недвижимого имущества, поданное в течение срока легализации, должно быть рассмотрено в течение пятнадцати рабочих дней со дня подачи заявления в соответствующую комиссию.
      9. После получения документов, предусмотренных статьей 6 и пунктом 1 статьи 11 Закона, комиссией выносится мотивированное решение о легализации либо об отказе в легализации недвижимого имущества.
      Решение подписывается председателем, членами и секретарем комиссии.
      10. Решение принимается по каждому объекту легализации отдельно.
      11. Секретарем комиссии ведется протокол заседания комиссии. Протокол заседания подписывается всеми членами комиссии, которые несут ответственность за полноту и достоверность сведений, отраженных в протоколе.
      12. Местные исполнительные органы обеспечивают работу комиссии по проведению легализации имущества.
      13. Информация о легализованном недвижимом имуществе представляется в органы, осуществляющие государственную регистрацию прав на недвижимое имущество.

4. Права комиссии

      14. Комиссия по вопросам, входящим в ее компетенцию, имеет право:
      1) запрашивать необходимую информацию о легализуемом недвижимом имуществе, которая представляется государственными органами и организациями;
      2) привлекать представителей государственных органов и иных организаций, не вошедших в состав комиссии;
      3) получать разъяснения от лиц, обратившихся за легализацией недвижимого имущества;
      4) устанавливать принадлежность имущества субъектам легализации, обратившимся за легализацией недвижимого имущества;
      5) принимать решение о легализации либо об отказе в легализации недвижимого имущества.

5. Прекращение деятельности комиссии

      15. Комиссия прекращает свою деятельность по окончании срока легализации имущества, установленного Законом.