Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 2008.12.26 № 15 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 689 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандар мен Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдары:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 689
қаулысында
белгіленген тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария ету жөніндегі комиссияларды құрсын;
2) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" N 157
Заңында
белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.
Облыс Әкімі
Жамбыл облысы Әкімінің
2006 жылғы 16 тамыздағы
N 19 шешімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан,
құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу
жөнiндегi комиссия туралы ереже
1 . Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссия (бұдан әрi-комиссия) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жанынан құрылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешiм шығаруға уәкiлеттi алқа органы болып табылады.
2. Комиссия өзiнiң қызметiн "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi
Заңына
(бұдан әрi - Заң), осы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Комиссия жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың, салық органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органның, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкiлдерiнен құрылады.
4. Комиссияны төраға-тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнiң орынбасары басқарады. Комиссияның дербес құрамы жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiледi.
2 . Комиссияның мiндеттерi мен функциялары
5. Комиссияның негiзгi мiндетi жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм қабылдау болып табылады.
6. Комиссияның функциялары:
1) Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған азаматтары мен заңды тұлғаларының (бұдан әрi - жария ету субъектiлерi) өтiнiштерiн уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi белгiлеу;
3) құжаттардың мемлекеттiк органдар мен ұйымдар ұсынған мәлiметтерге сәйкес келуiн анықтау;
4) жария ету субъектiсiне жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы шешiмдi беру;
5) жария ету объектiсi туралы мәлiметтердi Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысанда жария етiлген мүлiк тiзiлiмiне енгiзу болып табылады.
3 . Комиссия жұмысының тәртiбi
7. Комиссия жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған жария ету субъектiлерiнiң өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен тiркейдi.
8. Жария ету мерзiмi iшiнде берiлген жылжымайтын мүлiктi жария ету туралы өтiнiш тиiстi комиссияға өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс.
9. Заңның
6-бабында
және
11-бабының
1-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейiн комиссия жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы дәлелдi шешiм шығарады.
Шешiмге комиссияның төрағасы, мүшелерi және хатшысы қол қояды.
10. Шешiм әрбiр жария ету объектiсi бойынша жеке қабылданады.
11. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының хаттамасын жүргiзедi. Отырыстың хаттамасына хаттамада көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жауап беретiн комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
12. Жергiлiктi атқарушы органдар мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын қамтамасыз етедi.
13. Жария етiлген жылжымайтын мүлiк туралы ақпарат жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.
14. Комиссия өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша:
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдар ұсынатын жария етілетiн жылжымайтын мүлiк туралы қажеттi ақпаратты сұратуға;
2) комиссияның құрамына кiрмеген мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тартуға;
3) жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған адамдардан түсiнiктеме алуға;
4) жылжымайтын мүлiктi жария етуге өтiнiш жасаған жария ету субъектiлерi мүлкiнiң тиесiлiгiн анықтауға;
5) жылжымайтын мүлiктi жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешiм қабылдауға құқылы.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
15. Комиссия Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн өз қызметiн тоқтатады.