Ескерту. Күші жойылды 27-бабына сәйкес 1998.03.24 № 213 ҚР Заңымен - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2009.06.16 № 1118 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 және 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Костанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-25, "Қостанай" газеті, 2005 жылғы 28 қазандағы) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығына, аталған қаулыға қосымша:
2-тармақтың 3)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) жастар тәжірибесі - жұмыс тәжірибесі жоқ, бастауыш, орта және кәсіптік жоғары оқу орындарының бітірушілерін, алған мамандықтары бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, жұмыстарын, тәжірибелік білім, шеберлік, дағдыларын алу мақсатында уәкілетті органның жолдауы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру";
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және оларға еңбекақы төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия жазбаша арыздары негізінде халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсін.
Қала әкімі