Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2009.02.02 № 162 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес және Қостанай қаласы бойынша салық комитетімен ұсынылған мәліметтері негізінде, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. "Қостанай қаласының рыноктарында біржолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлері yшін белгіленген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2002 жылғы 27 ақпандағы № 157 шешімінің (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1262, "Қостанай" газетінде 2002 жылғы 14 наурызда № 20 жарияланды) 3-қосымшасына қатысты бөлігінде 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап кyшіне енеді.
Сессия төрағасы, № 19 сайлау
округы бойынша депутаты
қалалық мәслихат хатшысы
КЕЛІСІЛДІ
Мәслихаттың
2006 жылғы 5 сәуірдегі
№ 244 шешіміне қосымша
Қостанай қаласында орналасқан
салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық
салығы ставкаларының көлемі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008.05.22 № 98 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
№ |
Тіркелген жиынтық |
Бір жылға айлық есептік көрсеткіштері бойынша бір объектіге тіркелген жиынтық салығының ставкасы |
1 |
ойынды бір ойыншымен жүргізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы |
10 |
2 |
ойынды бір ойыншыдан көп ойыншының |
15 |
3 |
ойынды жүргізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
10 |
4 |
ойын жолы |
500 |
5 |
карт |
25 |
6 |
бильярд үстелі |
120 |