"Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігінен тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 244 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2008 жылғы 22 мамырдағы N 98 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы әділет басқармасында 2008 жылғы 11 маусымда N 9-1-105 тіркелді. Күші жойылды Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 162 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігін тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 244 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-45, 2006 жылғы 19 мамырдағы N 54 "Қостанай" газеті, бұрын "Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі бірлігін тіркелген жиынтық салығы ставкаларының көлемдерін бекіту туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 244 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 321 шешімімен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-1-62, 2007 жылғы 19 маусымдағы N 48 "Қостанай" газеті) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен соң қолдансқа енгізілсін.

      Сессияның төрағасы, N 13 сайлау
      округі бойынша депутаты

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ:

Қостанай қаласында орналасқан салық салу объектісі
бірлігінің тіркелген жиынтық  салығы ставкаларының
көлемі


Тіркелген жиынтық салық салу объектісі

Бір жылға айлық есептік көрсеткіштері бойынша бір объектіге тіркелген жиынтық салығының ставкасы

1

ойынды бір ойыншымен жүргізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы

10

2

ойынды бір ойыншыдан көп  ойыншының қатысуымен жүргізуге арналған ұтыс ақшасыз ойын автоматы

15

3

ойынды жүргізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

10

4

ойын жолы

500

5

карт

25

6

бильярд үстелі

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады